Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы - География - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » География

Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы
[ · Скачать удаленно (34.5Kb) ] 08.11.2012, 10:51
Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасындағы қатынастары


Жалпы мәлімет

1992 ж. 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасында дипломаттық қарым-қатынас орнатылды.

1995ж. қыркүйек айында Вильнюс қаласында Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы, Латвия Республикасындағы және Эстония Республикасындағы біріккен Eлшілігі ашылды.

2004 ж. тамыз айында Рига қаласында Қазақстан Республикасы Елшілігінің консулдық бөлімі ашылды.

2009 ж. 10 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғ. Қойшыбаев қызметін атқаруда.

2009 ж. қазаннан бастап Қазақстан Республикасындағы Латвия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Альбертс Сарканис қызметін атқаруда.


Саяси қарым-қатынастар

Жалпы Қазақстан-Латвия ынтымақтастығы жоғары деңгейіндегі қарым-қатынаспен және оң қарқынымен сипатталады.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылғы 17-18 шілдедегі Латвияға және Латвия Президенті В.Затлерстің 2008 жылғы 3-5 қазандағы іссапарлары Қазақстан-Латвия үкіметаралық саяси консультациялар жөніндегі комиссияның жұмыстары, үкіметаралық делегациялардың іссапарлары, сондай-ақ парламентаралық байланыстар желісі шеңберінде қол жеткізген екі жақты уағдаластықтарды іске асыруға қосымша серпін берді.

Қазақстан мен Латвия институционалдық ынтымақтастық бойынша жақындасу жолдарын іздестіруде. Латвия тарапы ҚР-ның ЕҚЫҰ-да төрағалық ету барысында, «Еуропаға жол» бағдарламасын іске асыруда, Еуропалық Одақ Кеңесінде Қазақстан мен ЕО-ның келіссөздер жүргізуге мандат алу және Ынтымақтастық пен әріптестік жөніндегі келісімге, ҚР мен ЕО азаматтарының өзара сапарларының жеңілдетілген тәртібі туралы келісімге қол қою мәселелері бойынша Қазақстан бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Өз кезегінде, Латвия Президенті В.Затлерстің мәлімдемесі бойынша латвия тарапынан Қазақстан «аймақтағы негізгі сыртқы саяси әріптес» ретінде қарастырылатын Орталық Азия елдеріне қатысты ЕО Стратегиясы шеңберінде Қазақстаннан белсенді өзара іс-қимылды күтуде. ЕО-ның көптеген елдері сияқты ресми Рига да Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен ілгерілеудің кепілі, сондай-ақ Еуропадағы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі шешуші ойыншылардың бірі ретінде қарастырады.


2009-2010 жылдары Латвиямен ынтымақтастық 2006-2008 жылдардағы жоғары дәрежелі іссапарлар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар арнасында жүйелі дамыды. Латвия тарапы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы алға басқан ынтымақтастық туралы жаңа келісімді жасау және 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін өткізу жөніндегі Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын қолдайды.

Қазақстан мен Латвия арасында саяси консультациялар механизмі жұмыс істейді. 2009 жылы мамыр айында Ригада өткен Қазақстан мен Латвия СІМ консулдық қызмет басшыларының консультацияларында Дипломатиялық төлқұжаттардың иелерін виза талаптарынан босату, сондай-ақ екі елдің азаматтары үшін виза рәсімдерін жеңілдету туралы үкіметаралық келісімді жасау мәселесі талқыланды.

2009 жылы Астана қаласында өткен Қазақстан, Латвия және Бельгия СІМ-нің үшжақты саяси консультациялары Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Латвия тарапы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету мен транзиттік-көлік әлеуетін, оның ішінде Батыс Қытай – Батыс Еуропа бағыты бойынша транзиттік-көлік әлеуетін дамытуға өз қызығушылығын айрықша атап көрсетті.


Парламентаралық ынтымақтастық

Латвия парламент мүшелері ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының «ЕҚЫҰ-ның трансазиялық өлшемі: қауіпсіздіктің үздіксіз түйіні» (2003 жылғы 7-9 маусым, Алматы қ.) атты форум жұмысына және 2008 жылғы шілдеде Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ ПА жыл сайынғы сессиясына қатысты.

Латвия депутаттары Қазақстанда парламенттік және президенттік сайлауларына бақылаушы ретінді бірнеше рет қатысты.


Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2009 жылда Қазақстан мен Латвия Республикалары арасындағы тауар айналымы 141 млн. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде сыртқа экспорт 97,218 млн. АҚШ долларын, импорт 43,720 млн. АҚШ долларын құрады.

2010 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Латвия Республикалары арасындағы тауар айналымы 61, 557 млн. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде сыртқа шығару (экспорт) 35,709 млн. АҚШ долларын, ішке енгізу (импорт) 25,847 млн. АҚШ долларын құрады.

Қазақстанның мұнай, феррохром, қара металлдарды экпортқа шығару арқасында Қазақстаннның сауда балансы оң болып сақталуда. Қазақстанның экспортындағы қомақты үлесін мақта мен рапс береді, үшінші орында оксиметалдық тұздардың қышқылдары және минералды тыңайтқыштары. Латвиядан Қазақстанға мұздалған балық және балықты консервілер импортталуда. Латвиядан Қазақстанға импортының екінші орында фермент препараттары.

2000 жылдың маусым айында екі елдің Сауда-өнеркәсіптік палаталары арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Латвия Республикасының Мемлекеттік реестрінің мәліметі бойынша Латвияда екі елдің бірлескен 33кәсіпорын жұмыс істейді.


Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2000 жылы қарашада Ригада ҚР Азаматтық авиация академиясы мен «ANS Training center» арасында тәжірибе алмасу, тағлымдамадан өтуді ұйымдастыру және тыңдаушылармен алмасу бойынша ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

ҚР үшін мамандарды дайындау шеңберінде Рига аэронавигация институтында (РАИ) қазақстандық студенттердің бір тобы оқытылуда. 2009 жылы РАИ-на Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша білім алу үшін жоғары оқу орындарының тізіміне кіргізу бойынша қажетті жұмыстар жүргізілді.

Екі елдің өнер қайраткерлері Қазақстанда, сонымен қатар Латвияда өткізілетін әртүрлі мәдени іс-шараларға (фестивальдар, конкурстар, сән көрсетілімдеріне) белсенді қатысады. Қазақстан орындаушылары дәстүрлі түрде Юрмалада өтетін «Жаңа толқын» жыл сайынғы халықаралық конкурсқа қатысу үшін шақырылады.

2008 жылғы 20-25 мамырда «Даугмале» жасөспірімдер орталығының «кокле» латыш ұлт аспаптарының «Тейксма» ансамблі Тараз қаласында өткен «Ұлы жібек жолы» 1-халықаралық фольклорлық музыка фестиваліне қатысты.

2010 жылғы наурыздан бастап Елшілік Рига Думасымен өзара іс-қимыл жасай отырып Ригада қазақ киносының фестивалін ұйымдастырды, оның барысында латвия көрермендері қазіргі заманғы қазақ режиссерлері: Ардақ Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсара», Рүстем Әбдірашевтің «Құрақ көрпе», «Сталинге сый» және «Өрлеу аралы», Абай Құлбайдың «Сұр қарлығаш», Жанабек Жетіруовтың «Жолшының жазбалары», Қанымбек Қасымбековтің «Саған күшік қажет па» және Сатыбалды Нарымбетовтың «Мұстафа Шоқай» атты жұмыстарымен танысты. Кинофестивальді ашу салтанатына танымал латвия актеры Ивар Калныныш қатысты.
Категория: География | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қазақстан, Республикасы, Латвия
Просмотров: 906 | Загрузок: 191 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar