Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы - География - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » География

Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы
[ · Скачать удаленно (45.0Kb) ] 08.11.2012, 10:51
Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 15 маусым – дипломатиялық қатынастар орнады.

1993 ж. 7 қараша – Қазақстанда Литваның елшілігі ашылды.

1995 ж. шілде – Қазақстанның Литвадағы елшілігі ашылды.

2009 ж. 12 қаңтардан – Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғ.Қойшыбаев.

2007 ж. 12 қазаннан – Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Р.Козыровичус.

Саяси қарым-қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасында ең жоғары деңгейде тұрақты диалог орнаған, ол әртүрлі салаларда өзара тиімді ынтымақтастықтың және жүйелі қарым-қатынастардың нығаюына игі ықпал етеді. Қазақстан үшін Литваның транзит-көлік әлеуетін тиімді пайдалану, сондай-ақ біздің еліміздің мүдделерін еуропалық құрылымдарда алға жылжыту тұрғысынан маңызды.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Литваға 1994 ж. тамызда және 2001 ж. сәуірдегі сапарлары, Литва Президенті А.Бразаускастың Қазақстанға 1993 ж. қарашада және 1997 ж. наурыздағы сапарлары, сондай-ақ Литва Президенті В.Адамкустің 2000 жылғы мамырдағы сапарлары екі жақты қарым-қатынастардың айтулы оқиғаларына айналды.

Белсенді байланыстар үкімет басшылары деңгейінде орнаған. 2008 ж. 13-14 мамырда Литва Премьер-министрі Г.Киркиластың Қазақстанға ресми сапары болды.

Президент Н.Назарбаевтың Литваға 2001 ж. 4-7 сәуірдегі сапары қазақстан-литва қарым-қатынастарының дамуына тың серпін берді. Сапар барысында қазақстан-литва сауда-экономикалық ынтымақтастық комиссиясының екінші отырысы және екі елдің іскер орталарының қатысуымен бизнес-форум өтті.

2007 ж. қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаев Литва Президенті Адамкуспен БҰҰ БА 62-ші сессиясы кезінде Нью-Йоркте кездесті. Қазақстан-литва ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті, соның ішінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Орталық Азияға қатысты ЕО-ның жаңа стратегиясы бойынша және екі елдің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы туралы әңгіме қозғалды.

Литва Премьер-министрі Г.Киркиластың Қазақстанға 13-14 мамырдағы 2008 ж. сапары барысында екі елдің қорғаныс министрліктері арасында әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан-литва жоғары деңгейдегі келіссөздері барысында саяси ықпалдастық, халықаралық қауіпсіздік мәселелері, сауда-экономикалық ынтымақтастық, Литваның ҚР экономикасын диверсификациялауға көмектесуі, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласының келешегін талқылауға баса назар аударылды.

Парламентаралық қарым-қатынастар ҚР Парламенті Мәжілісі мен Литва Сеймі арасындағы ынтымақтастық туралы Хаттамаға сәйкес дамуда, бұл құжатқа 2001 ж. Вильнюске ҚР парламенттік делегациясының сапары барысында қол қойылған. ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінде және Литва Сеймінде Парламентаралық достық және ынтымақтастық топтары жұмыс істейді (төрағалары депутаттар О.Әбдікәрімов және В.Нехорошев және Сейм депутаты Э.Пупинис). Литва парламентарилері Қазақстандағы сайлау мониторингіне қатысатын халықаралық байқаушылардың еуропалық миссиялар құрамына тұрақты түрде кіреді.

2007 ж. наурызда ҚР парламенттік делегациясы Вильнюсте болып, Литва Сеймінің Төрағасы В.Мунтянаспен, ауыл шаруашылығы министрі К.Прунскенемен, экономика министрі В.Навицкаспен Литва Өндірісшілер Конфедерацисының Президенті Б.Лубиспен кездесті. Литва Сеймі сыртқы істер жөніндегі комитетінің Төрағасы Ю.Каросас бастаған Литва парламентшілерінің қарымта сапары 2007 жылғы желтоқсанда болды. Сапар барысында ҚР және Литваның ЕҚЫҰ-ға алдағы төрағалығы қарсаңында ынтымақтастықты одан ары тереңдету жайттары талқыланды.

Астанада 2009 ж. 22 мамырда өткен «Қазіргі Қазақстан» және «Еуропаға жол» халықаралық конференцияларға Литва Сеймінің вице-төрағасы Альгис Кашета қатысты.

Сенатор Қ.Сұлтанов бастаған қазақстандық делегация Вильнюсте 2009 ж. 29 маусым – 3 шілде аралығында өткен ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 18-ші жыл сайынғы сессиясына қатысты.

Сыртқысаяси ведомстволар арасында тығыз ынтымақтастық орнаған. 2007 ж. сәуірде және қыркүйекте Литва Сыртқы істер министрі П.Вайтекунастың Астанаға сапары өтті. Оның барысында экономикалық, көлік және энергетикалық ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері қызу талқыланды. Соның ішінде энергетикалық бағыттарды диверсификациялау мүмкіндігі, сондай-ақ көп жақты форматтағы – ЕҚЫҰ, Еуропалық Одақ аясындағы ықпалдастық келешегі тілге тиек етілді.

Қазақстан мен Литва сыртқысаяси ведомстволары ЕҚЫҰ-ның «Үштігі» шеңберінде тығыз әрекеттесуде.

2009 ж. 8-9 маусымда Литва Сыртқы істер министрі В.Ушацкастің Қазақстанға ресми сапары болды. Екі елдің сыртқысаяси ведомство басшылары кездесуі барысында ҚР мен ЛР-ның ЕҚЫҰ-ға алдағы төрағалығы мәселелері талқыланды. Министрлер дипломатиялық паспорт иелеріне визасыз режим енгізу туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. 2009 ж. 9 маусымда Алматыда В.Ушацкас Литва ауыл шаруашылығы министрі К.Старкевичюспен бірге қазақстан-литва бизнес-форумына қатысты.

Қазақстан мен Литва демократияландыру және институционалдық реформалар саласындағы ынтымақтастыққа зор маңыз береді. Екі елдің орталық сайлау комиссиялары арасындағы байланыстар өрістеп келеді. Литва Республикасының Сейміне сайлауды байқау үшін 2008 ж. 9- 14 қазанда Литвада ҚР ОСК делегациясы болып қайтты.

Қазақстан мен Литва арасындағы Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық жоспарды дайындап іске асыру, сондай-ақ әділ сотқа қол жеткізу және мүгедектердің құқықтары бойынша халықаралық қалыптар имплементациясы бойынша тәжірибе алмасу үшін, 2008 ж. 12 - 18 шілдеде Вильнюсте ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия делегациясы болып қайтты. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету және олардың әлеуметтік ықпалдасуы бойынша литва тәжірибесін зерттеу үшін 2008 ж. 26 шілде 1 тамыз аралығында Вильнюске ҚР Президент Әкімшілігі, Парламенті, Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің делегациясы келді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстан мен Литва арсындағы сауда айналымы 2009 ж. 229,77 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 122, 25 млн. долл., импорт – 107,52 млн. долл.). 2008 ж. ол 179,8 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 61,4 млн. долл., импорт – 118,4 млн. долл.).

Қазақстандық экспорттың негізгі түрлері минералды отындар, мұнай, қара мета; Қазақстан автомашиналарды, фармацевтикалық өнімдерді, электромашиналар, теле- және радиоаппаратураны, және басқа да өндірістік тауарларды импорттайды.

Қазақстанда Литва капиталының қатысуымен 90 кәсіпорын тіркелген. Олар негізінде көтермелі және бөлшекті сауда, өндеуші өнеркәсіп, ақпарат және байланыс, көлік және логистика т.б. салаларда жүмыс істейді.


Транзит-көлік ынтымақтастығы қазақстан-литва ықпалдастығының маңызды бағыты болып табылады. Литва тарапы қазақстандық мұнайды Литва транзиттік коридоры арқылы экспорттық транзит үшін (ЛТК) және оны өз мұнай өңдеу кәсіпорындарында өңдеуге мүдделі. Алайда қазақстандық шикізаттың балтық порттары арқылы транзит мәселелерінде шешуші рөлді Ресейдің тарифтік саясаты атқарады. Бұл орайда Литва мен Ресей арасындағы транзит мәселесіне үлкен мән берілуде, олар Калининград – Клайпеда (2К) жобасын қарастыруда, бұл жоба үшінші елдерге, соның ішінде Қазақстан мен Қытайға бағытталған.

Аталған мәселелер Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі С.Ахметовтың 2008 ж. сәуірдегі Вильнюске сапары және Литва Республикасының Көлік министрі Э.Масюлистің 2010 ж. қантарда Алматыда өткен «Азия-Еуропа жолындағы логистиканың маңызы» атты халықаралық конференцияға қатысуы шеңберендегі сапары барысында талқыланды.

2009 ж. 16-18 қыркүйекте Алматыда өткен «Транзит-ТрансКазахстан-2009» халықаралық көрмесіне «Литва темір жолдары» өкілдері қатысты.

Темір жол саласында Қазақстан үшін 2003 жылдан бері Одесса/Ильичевск-Клайпеда бағыты бойынша жүре бастаған «Викинг» контейнерлі пойызы, оны Поти мен Баку арқылы Ақтауға дейін ұзартуға байланысты қызығушылық туғызады.

Ауыр шаруашылығы саласының да келешегі мол. Ол, әсіресе қазақстан астығын еуропа нарығына жеткізу тұрғысынан маңызды.

Қазақстан-литва сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы (ҮАК). Оның тең төрағалары - ҚР СІМ Жауапты хатшысы Р.Жошыбаев және Литва Республикасының Экономикалық министрі Д.Крейвис. Құрылғалы бері Комиссия бес отырыс өткізді.


Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстанның жоғары оқу орындары Литваның ЖОО-ларымен тығыз ынтымақтастық орнатуда.

Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің делегациясы Вильнюсте болды.

ҚазҰПУ және Университет Миколас Ромерис жобасы ЮНЕСКО грантын алу байқауын ұтты.

Қазақстандық дәрігерлер жыл сайын Каунас медицина университетінде біліктілікті арттыру курстарын өтеді.


ҚР денсаулық сақтау министрлігі және Вильнюс Сантаришкес университеттік ауруханасы арасында қазақстандық медицина мамандарын дайындау бойынша ынтымақтастыққа қол қою мәселелері қарастырылуда.

Мәдени байланыстар жанданып келеді. Мысалы, 2009 ж. 11-18 шілдеде «Ұлар» қазақ галереясы Artvilnius’09 Халықаралық сурет көрмесіне қатысты. Бұл шара «Вильнюс – мәдениеттің еуропалық астанасы 2009» шеңберінде өтті.

2009 ж. 23-29 қарашада бірінші рет Вильнюс қаласында Қазақ киносының аптасы өткізілді.

2009 ж. 6-21 қыркүйекте «Тағдырларды табыстырған арна» жобасы шенберінде литва ғалымдары мен журналистерінен Қазақстанға экспедициясы болып өтті. 2009 ж. 7 желтоқсанда Вильнюсте аталған экспедицияның нәтижелеріне арналған презентациясы өтті.

2009 ж. 7-10 желтоқсанда Вильнюс пен Друскининкайда Жезқазған қаласының «Нұрсәулем-ай» фольклордық тобының концерттері өткізілді.

Шопен жылының шеңберінде 2010 ж. 16 мамырда Вильнюсте қазақ пианисті Ә.Тебенихин концерт берді.

Қазақстан мен Литва арасындағы мәдени байланыстардың дамуына литва қоғамдық бірлестігі «Lituanica» зор үлес қосуда. Оның Төрағасы - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Литва Республикасының Қазақстандағы құрметті консулы В.Тварионас. Бірлестік Қарағандыда литвалық жексенбілік мектеп ашты, ұлттық-мәдени іс-шаралар өткізді, басылымдарда литва қоғамдастығының өмірі туралы материалдар тұрақты жарияланып тұрады. Тегі литвалық қазақстан азаматтары Литваға тіл курстарына оқуға барып тұрады. Репрессияға ұшыраған литва азаматтарын еске алу мақсатында бұрынғы саяси тұтқындар ұсталған «Спасск», «Кеңгір» және «Песчанлаг» лагерлерідің орнында ескерткіштер қойылды.

Литвада 100 шақты қазақтар тұрады. 2009 ж. қарашада «Нұрсәуле» атты Литваның Қазақтар қоғамы тіркелді.
1
Категория: География | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қазақстан, Республикасы, Литва
Просмотров: 806 | Загрузок: 193 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar