Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі - География - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » География

Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі
[ · Скачать удаленно (40.0Kb) ] 08.11.2012, 11:22
Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы қатынастар

1991 ж. 31 желтоқсан – Нидерланды Корольдігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін мойындады.
1992 ж. 10 қыркүйекте – дипломатиялық қатынастар орнатылды.
2000 ж. 20 желтоқсанда – Атырау қаласында Нидерландтың құрметті консулдығы ашылды.
2002 ж. 5 қарашада - Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып П. Ван Леувен тағайындалды.
2003 ж. 17 маусымда – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Амстердам қаласындағы ҚР-ң Бас консулдығы құрылды (жұмыс бастаудың кезеңі – 2003ж. 20 тамыз).
2003 ж. қарашада - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ҚР-дың Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі К.В.Жигалов ҚР-дың Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қос атқарушы болып тағайындалды (Сенім грамоталары Нидерланд Королева Беатрикске 2004 жылдың мамыр айында тапсырылған).
2005 ж. 18 ақпанда - ҚР-ң Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Амстердам қаласындағы Бас консулдығы ҚР-дың Нидерланды Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясы болып қайта ұйымдастырылды (жұмыс бастаудың кезеңі – 2005ж. 18 шілде).
Королева Беатрикстің шақыруы бойынша 2002 ж. 27-28 қарашадағы Президент Н.Назарбаевтың Нидерландыға ресми сапары Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы қатынастардың қалыптасуындағы маңызды кезеңі болып табылды.
Сапар әртүрлі саладағы Қазақстан-нидерландық қатынастарын белсендіру үшін салиқалы негізін құрды. Королева Беатрикспен, Премьер-Министрі Я-П.Балкенендемен, Парламент палаталардың төрағалары Г.Бронкспен және Ф.Вейсгласпен келіссөздер жүргізу барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегі талқыланды. Нидерланды тарапынан Қазақстанның Орталық Азияның аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне, нарық экономикасымен бірге демократиялық қоғамды құру саласындағы Республиканың жетістіктеріне жоғары баға берілген.
Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан – инвестиция және сауда үшін тартымды нарығы» атты бизнес-форумда нидерландық іскер топтардың алдында сз сөйледі. Сапардың барысында инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы, тұрақты әуе қатынасы туралы, кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы келісімдерге қол қойылды.
Қазақстан-нидерланды ынтымақтастығының әрі қарай дамуының маңызды қадамы 2004 ж. шілдеде Брюссельде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Есімовтің Нидерландының Сыртқы істер министрі Бернард Ботпемен ЕО-ғы голландық президенттілік шеңберіндегі келіссөздер болып табылды.
Сыртқы саяси ведомстволар арасындағы байланыстар белсенді дамып келе жатыр. 2003 ж. шілдеде Қазақстанға ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Нидерландының Сыртқы істер министрі Я. де Хооп Схеффердың сапары болды. Ол Президент Н.Назарбаевтың қабылдауында болды, Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевпен, Орталық сайлау комиссия төрағасы З.Бәлиевамен келіссөздер жүргізді.
2004-2005 жж. барысында Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Нидерланды СІМ басшысы Б.Ботпен екі кездесуі өткізіліп (2004 ж. желтоқсан, Брюссель, 2005 ж. қыркүйек, Нью-Йорк), Нидерланды Сыртқы істер министрінің Қазақстанға сапары туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
2005 ж. сәуір айында Гаага қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волковтың және Нидерланды СІМ Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Еуропа департаменті директоры Я.Л. ван Хоорнаның қатысуымен алғашқы сыртқыісминаралық консультациялар өткізілді. 2005 ж. қараша айында консультациялардың ікінші раунды шеңберінде Я.Л. ван Хоорнның басшылығымен Нидерланды СІМ делегациясы Қазақстанға келді. Сонымен бірге ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, Орталық сайлау комиссиясында кездесулер өтті. 2005 ж. сәуір айында Лейден университетінде «Қазақстандағы постсоветтік өтпелі кезеннің талаптары» атты халықаралық конференция ұйымдастырылған болатын, оған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков, ҚР Президентінің кеңесшісі Е.Ертісбаев, Индустрия және сауда вице-министрі Ж.Айтжанова құрамындағы Қазақстандық делегация қатысты. қазіргі Қазақстанның Еуропалық Одақпен, Солтүстік Атлант Шарты ұйымымен және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен қатынастары және аймақтық мәселері жөнінде өзекті мәселелер бойынша кең ой-пікірдің алмасуы болды. Форум Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты ел халқына Жолдауындағы идеяларды ілгерілету және насихаттау үшін тиімді пайдаланылды.
Голландық парламентариялармен диалогы одан әрі жалғастырылды. 2005 ж. сәуір айында ҚР Президентінің кеңесшісі Е.Ертісбаевтың Сенаттың Халықаралық істер бойынша комитет төрағасы Й.ван Гениппен кездесу өткізді.
2005 жылы Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі 1 млрд. долларға жетті, 2004 жылдың ұқсас көрсеткіштерінен 1,6 есе жоғары (0,6 млрд. долл.). Қазақстаннан экспорттың көлемі – 877,8 млн. долл. (88,9% ұлғайтылуы), Нидерландтан импорттың көлемі – 140,5 млн. долл. (27,6% төмендеуі). Экспорттың көпшілігі: асыл емес металдар және олардан жасалған бұйымдар – 530 млн. долл. (82,6% ұлғайтылуы); минералды өнімдер – 313,2 млн. долл. (92% ұлғайтылуы); машиналар, құрал-жабдықтар және механизмдер, электротехникалық жабдықтар – 10,2 млн. долл. (4,1 есеге ұлғайтылуы); химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 7,5 млн. долл. (2,1 есеге).
Нидерландтан импортқа шығарылғандар: тірі жануарлар мен мал шаруашылық өнімдері – 3,2 млн. долл. (18,5% ұлғайтылуы); өсімдік текті өнімдері – 3,7 млн. долл. (8,8% ұлғайтылуы); тамақ өнеркәсібінің өнімдері, алкологольді мен алкогольсіз сусындар және уксус, темекі – 10,7 млн. долл. (2,5 есеге ұлғайтылуы); химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 21,9 млн. долл. (17,1% ұлгайтылуы); пластмассалар және одан жасалған бұйымдар, каучук және резеңке бұйымдары – 6,8 млн. долл. (2,4 есеге төмендеуі); ағаштан немесе өзге өсімдік талшықты материалдардан шығарылатын қағаз массасы – 2,7 млн. долл. (5,4 есеге ұлғайтылуы); асыл емес металдар және олардан жасалған бұйымдар – 19,8 млн. долл.; машиналар, құрал-жабдықтар және механизмдер, электротехникалық жабдықтар – 48,9 млн. долл. (42,9% төмендеуі); жер, әуе және су көлік құралдары, олардың бөлшектері және керек-жарақтары – 6,9 млн. долл. (3,5 есеге төмендеуі); оптикалық, фотографиялық және басқа да жабдықтар мен аппараттар, сағаттар, музыка құралдары – 8,7 млн. долл. (26,4% төмендеуі).
Іскерлік ынтымақтастықты әрі қарай даму мақсатымен 2005ж. сәуір айында Амстердам қаласындағы «ING Bank» штаб-пәтерінде «NCH» саудаға жәрдемдесу Нидерландық орталығымен және Нидерланды Экономика министрлігімен ұйымдастырылған Қазақстан туралы бизнес-семинар өтті. Семинарға экономиканың көлемді капиталдық секторын ұсынатын 57 жетекші компаниялар қатысты. Олардың ішінде, қазіргі кезде белсенді жұмыс жасайтын да («Shell», «ING Bank», «Tebodin B.V.», «Witteveen and Bos Kazachstan B.V.», «Van der Wal Transport B.V.»), сонымен бірге Қазақстандық нарығында жұмыс жасауға көздейтін де («Van Dam Machine B.V.», «WW Recycling B.V.», «Ecroys Nederland B.V.», «Bluewater Energy Servises B.V.» және т.б.). Алғашқы рет голландық тілінде шығарылған «Doing business in Kazakhstan 2005-2006, Europe» атты бизнес-гидтың видео-тұсаукесері болды.
2005ж. тамыз айында Нидерландыға ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.Школьниктің сапары экономикалық саладағы екіжақты байланыстың белсенділігінің елеулі қадамы болып табылды. Сапардың бағдарламасына Премьер-Министрдің орынбасары – Экономика министрі Л.Я.Бринкхорстпен, СІМ-ң басшысы Б.Ботпемен, Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының бас директоры Р.Пфиртермен келіссөздер жүргізуден басқа, В.Школьниктің голландық компаниялардың өндіріс қуатымен танысуы, «Клигендейл» Халықаралық қатынастар институтымен ұйымдасқан халықаралық «Дөңгелек үстел» отырысына қатысуы кірді. ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Нидерлаанды Экономика министрлігінің арасындағы ниеттілігі туралы Хаттамаға қол қойылды.
2006ж. қазан айында Я.Л.Бринкхорсттың ҚР-ға сапары жөнінде келісімге қол жетті. 2005ж. сәуір айында ҚР Индустрия және сауда вице-министрі Ж.Айтжанованың Сауда министрі К.ван Генниппен (келіссөздер барысында Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің Қазақстандық әдістері мазмұндалған) және ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің халықаралық экономикалық қатынастар департаментінің директоры Н.Оспановтың Нидерланды Экономика министрлігінің халықаралық бизнесты даму бойынша директоры Б.Ван Болхауспен (PSO голландық бағдарламаның жобасы бойынша ҚР-да жұмыс жасайтын компанияларға қойылатын талаптарға байланысты сұрақтар айқындалды) келіссөздері өтті.
Нидерланды Қазақстанның экономикасындағы жетекші еуропалық инвесторы болып табылады. 2005ж. 30 маусымға голландық инвестициялардың көлемі 9,530 млрд. долларға жетті (соның ішінде, тікелей – 4,789 млрд. долл., портфельдік – 10,6 млн. долл., басқа – 4,789 млрд. долл.), бұл
Қазақстандағы шетел инвестициялардың жалпы көлемінің 22,8%-н құрайды. Қазақстандағы негізгі голландық инвесторлардың қатарына «Royal Dutch Shell» компаниямен бірге «ABN AMRO Bank N.V.» («ABN AMRO Қазақстан банкі» Еншілес акционерлік банкі» ЖАқ-да және «ABN AMRO Asset Menegement» ЖАқ-да қатысады), «Agip Caspian Sea BV» (қашаған кен орында жұмыс жүргізеді), «Lucarco B.V.» («Тенгизшевройл» ЖШС БК-ғы 5% бар және «Каспийский трубопроводный консорциум» ЖАқ-да қатысады), сондай-ақ «Floodgate Holding» («Васильковское золото» ААқ БК-ң 60% акцияларын ұстайды) компаниялары жатады.
Қазақстанда 122 бірлескен кәсіпорындар тіркелген, олардың көбісі ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және өндіру, технологиялардың жаңа нысандарын енгізу, халық тұтынатын тауар өндірісі және қызмет көрсету салаларында белсеңді жұмыс жасайды. «ABN AMRO Bank B.V.» және «Мeers Pierson» (Алматы сауда-қаржы банкі) нидерландық қатысуымен бірлескен банкілердің қызметі кеңейтілді, сондай-ақ «Prise Waterhouse Eastern Europe B.V.» «Yura», «Peja Holding», «AT&T Network System Int.», «Cebeco International Project B.V.» (ауыл шаруашалығы), «Organon» (фармацевтика), «Akzo Nobel» (химиялық өндірісі), «Friesland Central Asia» (сүт өнімдері), «ING» (банктік іс), «Unilever Central Asia», «Van der Ploeg International B.V.» (сүтті қайта өңдеу зауыттар құрылысы, тиісті құрал-жабдықтарды жеткізу), «KLM» әуекомпаниясы» голландық компаниялар өкілдіктерінің қызметі.
Категория: География | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қазақстан, Республикасы, Нидерланды, Корольдігі
Просмотров: 724 | Загрузок: 165 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar