Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы арасындағы қатынастар - География - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » География

Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы арасындағы қатынастар
[ · Скачать удаленно (37.0Kb) ] 08.11.2012, 11:19
Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1993 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республкасы мен Словак Республикасы арасында дипломатиялық қатынас орнатылды.

2000 жылы 1 наурызда Звоген қаласында Казақстан Республикасының Құрметті консулдығы және Братислав қаласында Қазақстан Республикасының Сауда-өндірістік палатасының өкілдігі ашылды.

Словак Республикасындағы Қазақстан Республикасының қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ш.Омаров (2006 жыл, тамыз).

Қазақстандағы Словак Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Подгорски (2005 жыл, қыркүйек).

Саяси қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы арасында тұрақты саяси диалог жүргізіп келеді. Мемлекет басшыларының кездесулері мен жеке жолдаулар алмасуы тараптардың сенімді әрі сындарлы қатынас қалыптастыруға ұмтылыстарын дәлелдеп, ынтымақтастықты қарқындату үшін қажетті алғышарттар жасалуда. Басты халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдардың өзара жақындығы білінеді.

Екі жақты қатынастың маңызды оқиғалары ретінде ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың 1998 жылдың 27 мамырында Люксембург қаласында Еуроатлантикалық кеңес сессиясы аясында СР Сыртқы саясат ведомствосының басшысы З.Крампловамен кездесуін атауға болады.

1999 жылы мамыр айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасында сыртқы саясат кеңесі өткізілді.

1999 жылы 18 қарашада Стамбул қаласында ОБСЕ саммиті аясында Президенттер Н.Назарбаев пен Р.Шустердің алғашқы кездесуі болды.

2001 жылы 14-15 қарашады Словакия Республикасының Президенті Р.Шустердің Қазақстанға ресми сапары болып, оның барысында Қазақстан Республикасы және Словакия Республикасы арасындағы қатынастардың негізі жөніндегі Декларацияға, Сертификация, стандартизация және метрология саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ведомствоаралық келісімге қол қойылды.

Сапар аясында Қазақстан және Словакия іскер өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум, сонымен бірге Үкіметаралық комиссияның сауда- экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы екінші отырысы өтті.

2003 жылы қаңтарда Словакия Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Й.Береньидің Қазақстанға жұмыс сапары болды.

2004 жылы 1 маусымда Братислав қаласында екі ел арасындағы транзиттік артықшылықтарды тиімді пайдаланып, көлік саласынының құқықтық аясын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Словакия Республикасы Үкіметі арасындағы халықаралық автомобильдік қатынас жолдары туралы келісімге қол қойылды.

Парламентаралық қатынастар

1999 жылы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының басшылығымен парламенттік делегация Словакияда жұмыс сапарымен болып қайтты.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сауда-экономикалық саладағы екі жақты қатынас үдемелі сипатта дамып келеді. Қазақстан мен Словакия арасындағы тауар айналымы 2006 жылдың қаңтар-тамыз айларында 50 млн.долл. құрады, оның ішінде (экспорт – 24,7 млн.долл., импорт – 25,2 млн.долл.), 2005 жылы 74,26 млн. долларға (экспорт – 43,76 млн.долл., импорт – 30,5 млн.долл.), 2004жылы - 129,2 млн. (экспорт -105,6, импорт – 23,6 млн.), 2003 жылы – 98,4 млн.долларға жетті.

Қазақстан экспортының негізгі баптарына мұнай және мұнай өнімдері, мырыш, мыс, хром, марганец, қорғасын, алюминий, темір, мақта, химикаттар кіреді. Импортта машина, техника және құрылғылар, құрылыс материалдары, гербицидтер, дәрілер, азық-түлік, сүректен жасалған қағаз массасы, полиграфиялық өнімдер, тоқыма, жиһаз өнімдері басым.

Словакияда Қазақстан Республикасының құрметті консулдығы, Сауда- өндірістік палатасының өкілдігі ашылған. «Қазақстан темір жолы» өкілдігі жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тоғыз бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «КазСловБус» және «ЗТС Мотор-Южмаш» бірлескен кәсіпорны автобустар мен ауылшаруашылық техникаларын шығарумен айналысуда. 1996 жылдан бастап «Нафта Гбели» словак компаниясы Атыраудағы «Анако» компаниясының инвесторы болып табылады. «СловҚазстрой» БК Астанадағы дипломатиялық қалашық нысандарын жобалау және құрылыс жұмыстарын жүргізумен айналысады.

КТК және Одесса-Броды мұнай құбырын тарту арқылы мұнайды Словакияға тасымалдауға шынайы мүмкіндік туып, сонымен бірге словактың ішкі құбырлары және «Дружба» мұнайқұбырлары арқылы тасымалдап, Еуропаға шығуға болады. Мұнайды тасымалдаудың тағы бір түрі - темір жол көліктерімен тасымалдау. Словакия Ресеймен жылына 6 млн.тоннаға дейін ішкі тұтынуға арналған мұнай тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді келісім жасасқан.

Үкіметаралық комиссия. Қазақстан-словакия сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы Үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Словакия Республикасы Үкіметі Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі 1995 жылы 18-19 мамырда Алматы қаласында қол қойылған келісімге сәйкес құрылды.

ҮАК бірінші отырысы 1998 жылы маусым айында Братислав қаласында, екінші отырысы – 2001 жылы қарашада Астана қаласында, үшінші – 2003 жылы қарашада Братиславта өткізілді. ҮАК-ны Қазақстан тарапынан Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Н.Коржова басқарады. Словакия тарапынан Экономика министрлігінің мемлкеттік хатшысы Л.Помоты тең төрағалық етеді.

Әскери саладағы ынтымақтастық

1997 жылы 22 қаңтарда Словакия Қорғаныс министрлігі Қазақстанға ресми сапармен келіп, оның барысында ҚР және СР арасында әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық жөнінде ведомствоаралық Келісімге қол қойылды.

Қазіргі уақытта словактар тарапынан ҚР Қорғаныс министрлігі саласында жарылғыш заттарды, артиллериялық және зымырандық снарядтарды өңдеу жобасы дайын. МИГ-29, МИГ-21, СУ-29, СУ-35, Л-31 ұшақтары ұшқыштарына және Т-72 танк экипаждарына және оның түрлері, БМП-1, және БМП-2, сонымен бірге зенитті-зымыранды кешенді тасымал атқыштарына жоғары технологиялық жаттығу құрылғысы кешенін жасап, қолданысқа беруге ұсыныстар енгізілді.

Семей сауытты танк зауыты базасы мен Мартин машинажасау зауытында («ДМД» холдингі) сауытты танктерді жетілдіру жұмысының келешегі бар, әсіресе Т-72 және БМП-1 танкісін атауға болады.

Аймақаралық ынтымақтастық. 2000 жылы 10-13 қазан аралығында Қостанай облысының делегациясы әкімнің бірінші орынбасары В.Мейстердің басшылығымен Словакияға сапар жасады. 2000 жылы 5 желтоқсанда Словакия Республикасында Оңтүстік Қазақстан облысының тұсаукесері өтті.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Жоғары білім саласында ЖООаралық студенттер алмасулары жүзеге асады. Жыл сайын словактар тарапынан қазақстандық студенттерге Словакия ЖОО білім алуға арналған мемлкеттік стипендия бөлінеді.

Словакияда «Қазақстан камераты» скрипкалық ансамбілі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ж.Әубәкірова (1999 ж.), ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхаметқызы (2000 ж.) өнер көрсетті.

2001 жылы маусымда Словакияға ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі Д.Қасеиновтің жұмыс сапары болды.
Категория: География | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қатынастар, арасындағы, Қазақстан, Республикасы, словакия
Просмотров: 686 | Загрузок: 179 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar