Қазақстан және Ұлыбритания - География - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » География

Қазақстан және Ұлыбритания
[ · Скачать удаленно (50.5Kb) ] 08.11.2012, 10:48
Қазақстан-Ұлыбритания:
САЛИҚАЛЫ САЯСАТҚА САЛМАҚ САЛҒАН САПАР

Букингемдегі кездесу

Ұлыбританияға сапарының екінші күні ертеңгісін Букингем сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінің Королевасы ІІ Елизавета кездесіп, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар жайында әңгімелесті. Кездесу ыстық ықыласты, достық жағдайда өтті.
Елизавета ІІ бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша мемлекет басшысы болып табылады. Таққа 1952 жылдың 6 ақпанында отырған. Әкесі VІ Георгтан ІІ Елизаветаға Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Пәкстан және Цейлонға корольдік ету мұра ретінде қалған еді. Ұлыбритания қол астында болған бірқатар елдер тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ІІ Елизаветаның корольдік ету билігі бірқатар жаңа мемлекеттерге тарады. Осылайша ІІ Елизавета өзінің 52 жылдан астам уақыт ішінде 32 мемлекеттің монархы болып үлгерді. Қазіргі кезде ІІ Елизавета жалпы саны 128 миллион адамды құрайтын Еуропа, Америка, Кариб бассейні және Океания аумағында 16 мемлекеттің басшысы болып табылады.
ІІ Елизаветадай көптеген елдерге билік жүргізетін және жүргізген монарх әлемде жоқ. Оның қарамағында осыншалықты ел бола тұрғанымен, билігі шектеулі. Әсіресе, Ұлыбританиядан тысқары жерлерде. Сондай-ақ ол өзі билік жүргізетін елдер қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы саналады. Осы тұста атап өтейік, ІІ Елизавета басқарып келе жатқан 50 жылдан астам уақыт ішінде Ұлыбританияда 10 премьер-министр ауысты.
Нақты деректер ІІ Елизаветаның жас кезінен-ақ қоғамдық өмірге араласқанын көрсетеді. Мысалы, 1940 жылы 14 жасында радио арқылы Британдық достастық елдеріндегі балаларға алғаш рет үндеу тастаған екен. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы уақытын ІІ Елизавета Шотландия және Англиядағы Корольдіктер резиденциясында өткізген. Королева анасы мен гувернантканың қадағалауымен үйде білім алған және тәрбиеленген. Кейін элиталы мектепте оқыған.

Көзқарастар жақындығы

Қазақстан Республикасының Президенті мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінің Королевасы ІІ Елизаветаның жылы шырайлы кездесуінен соң, Президент мінген кортеж Премьер-Министрдің резиденциясына бет алды. Қазақстан басшысы мен Ұлыбритания Премьер-Министрі жоғары дәрежедегі кездесуді рәсімдейтін ескерткіш суретке түскеннен кейін, Нұрсұлтан Назарбаев пен Тони Блэрдің кездесуі басталды.
Ұлыбритания Премьер-Министрі мен үкімет мүшелері билеуші партияның мүшесі ретінде парламент депутаттары болып саналады және елдің атқарушы билік жүйесіне басшылық жасайды. Мұнда саяси бағытқа тікелей жауап беретін және үкіметтің қызметін үйлестіретін Министрлер кабинеті басты рөл атқарады. Министрлер кабинетінің құрамына 20-ға жуық ықпалды министрлер кіреді. Министрлер кабинетінің жалпы саны кабинет мүшелерін, портфельсіз министрліктерді, салалық хатшыларды қоса есептегенде 100 адамға жуықтайды. Министрлер кабинеті сондай-ақ мемлекеттік қана емес, партиялық институт болып та саналады.
Тони Блэр Премьер-Министрлік қызметті 1997 жылдан атқарып келеді. Оксфорд университетін бітірген соң, Лейбористер партиясының мүшесі болып кірген. 1983 жылы парламент мүшесі болып сайланды. Арада 11 жыл өткенде, 1994 жылы Лейбористер партиясының жетекшілігіне сайланды. Ол 1997 жылы бұрынғы премьер-министр Джон Мейджорды алмастырды. Сондай-ақ Тони Блэр – 2001 және 2005 жылдары Ұлыбритания Премьер-Министрі лауазымына қайта бекітілген көрнекті тұлға.
Қазақстан мен Ұлыбритания экономикалық байланыстарды дамытумен қатар, алдағы уақытта халықаралық лаңкестікке, жаппай қырып-жоятын қарудың таралмауына және басқа қауіп-қатерлерге қарсы ынтымақтастық орнату ерекше маңызды деп санайды. Сонымен қатар мемлекеттер Ауғанстан мен Ирактағы жағдайды тұрақтандырып, бұл елдерде бейбітшілік орнатуға мүдделі екендіктерін білдіріп отыр. Қазақстан мен Ұлыбританияның әскери саладағы ынтымақтастығын атап өтуге тұрарлық. Бұған "Дала қыраны-2006” атты бірлескен бітімгершілік жаттығуының өтуі дәлел болмақ.
Бүгінде екі мемлекет халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін дінаралық және этносаралық байланыстарды нығайту мақсатын алға қойып отыр. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі, осы жылы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, сондай-ақ Ұлыбритания үкіметінің қолдауымен Ыстамбұлда өткен "Еуропа мұсылмандары” конференциясы жоғары айтқандарымызды дәлелдей түседі әрі нақты мысал болып табылады. Қазақстан да, Ұлыбритания да тұрақтылықты қамтамасыз етуде демократиялық институттарды дамытудың маңыздылығын таныған. Ал Ұлыбритания Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жүзеге асырып жатқан іс-шараларына қолдау білдіруде.
Ұлыбритания әлемдегі беделді халықаралық ұйымдардың көпшілігіне мүше. Оның ішінде Еуропалық Одаққа мүше ретінде Қазақстанның БСҰ-ға кіру барысындағы дайындығын, сонымен қатар еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу ұмтылысын қолдаған іргелі мемлекеттердің бірі болып табылады. Ұлыбритания-Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір көрінісін қаржы-кредиттік саладан көруге болады. Мысалы, ұлттық валютамыз – теңгенің банкноттары басқа елде емес, осы мемлекетте басылған. Қазіргі кезде Ұлттық банк пен қазақстандық бірқатар банктер Англия банктерімен, басқа да британдық ірі банктермен тікелей корреспонденттік қатынастарды жалғастыруда. Мәліметтерге қарағанда, Қазақстан тарапынан шамамен 264,7 миллион долларды құрайтын мемлекеттік емес 6 займ мемлекеттің кепілдік етуімен алынған. Бүгінде оның 176 миллион доллары игерілді. Капиталдандыру деңгейі бойынша "Қазақмыс” компаниясы британдық ең ірі 100 компанияның FTSE-100 тізіміне енді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлыбритания Премьер-Министрі Тони Блэрдің кездесуі белгіленгеннен біршама ұзаққа созылды. Кездесуден кейін Президент пен Премьер-Министр қазақстандық және британиялық БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді.

"Нұрсұлтан Назарбаев өз елін өте дұрыс жолмен бастап келеді”

Баспасөз мәслихатында алғашқы сөзді Тони Блэр алып, Ұлыбритания мен Қазақстанның ынтымақтастығы жайына тоқталды. Соңғы бес-алты жылда екі ел арасындағы қатынастар көп өзгерді, деді Ұлыбритания Премьер-Министрі. Әсіресе, екі елдің сауда-экономикалық және энергетикалық байланыстарын ерекше атап өтті. Ұлыбритания Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторының бірі болып табылады. Біздің энергетика саласында ғана емес, басқа салалардағы қатынастарымыз да ойдағыдай қалыптасқан. Авиация мен жолаушылар тасымалдау, қорғаныс, тағы басқа салалардағы байланыстарымыздың келешегі зор. Бүгінде екі елдің 128 бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді.
Бұдан кейін Тони Блэр Қазақстан-Ұлыбритания арасындағы қаржы секторындағы қатынастарға тоқталды. Лондон қор биржасы мен Алматы биржасы арасындағы байланыстың перспективалары жоғары. Қазақстан мен Ұлыбританияның саяси қатынастарында кейбір мәселелер бар. Үкімет басшысының атап өтуінше, осы мәселелер екі елдің қатынастарында алдыңғы орынға шығуы тиіс. Қазақстан өте маңызды аймақта орналасқан. Нұрсұлтан Назарбаев өз елін өте дұрыс жолмен бастап келеді. Қазақстанның ішкі жалпы өнімі жан басына шаққанда бұрын 400 доллар болатын. Бұл көрсеткіш биыл 6 мың доллардан асады. Өйткені, Астана шетелдік инвесторларға ашық.
Қазақстан көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет, деп жалғастырды Ұлыбритания үкіметінің басшысы. Солай бола тұрса да Қазақстанда ұлтаралық келісімнің арқасында тұрақтылық сақталып отыр. Қазақстан аймақтағы елдерге экономикалық жағынан да, тұрақтылық жағынан да үлгі көрсетіп келеді. Біз Астананың Ирак мәселесіне қатысты ұстанымдарын жоғары бағалаймыз. Ал Қазақстанның Еуропалық Одақ елдерімен тығыз байланыс орнатуы уақыт өткен сайын ерекше маңызға ие бола түсуде. БСҰ-ға мүше болу – барлық елдер үшін маңызды. Біз Қазақстанның БСҰ-ға мүшелікке кіру стратегиясына қолдау білдіреміз, дей келіп Тони Блэр Қазақстан Президентінің Ұлыбританияға бұл ресми сапары екі елдің қарым-қатынасын қазіргіден де нығайта түседі деген сенімін білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев сөзін әріден бастады. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған еді, деді Қазақстан басшысы. Ұлыбритания біздің тәуелсіздігімізді алғашқылардың бірі болып таныды. Ұлыбритания Қазақстанның аса ірі инвесторларының бірі болып табылады. Британиялық компаниялар Қазақстанның экономикасына 8 миллиард долларға жуық қаржы салды. Бүгінде Лондонның қор биржасында Қазақстанның 4 компаниясы орналастырылған. Ертең Лондон қор биржасында қазақстандық және британиялық бизнес өкілдерінің қатысуымен үлкен форум өтеді. Онда екі елдің кәсіпкерлері өзара келісіп, алдағы уақытта ынтымақтастық орнатады деп сенемін.
Категория: География | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ұлыбритания, Қазақстан, және
Просмотров: 2775 | Загрузок: 216 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar