Германия - География - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » География

Германия
[ Скачать с сервера (25.5Kb) ] 02.09.2014, 10:32

Германия – федеративті мем­лекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жер­ден тұрады. Негізгі заңы – конс­ти­туциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қа­зір­гі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамы­рында сайланған.

Германия парламенті екі па­ла­тадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бун­десратты жер үкіметі өкілдері­нің 68 мүшесі құрайды. Егер феде­ралдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мер­зімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасы­рын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құ­рамына германдық Бундестагта сай­ланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германияның қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель.

Германия Федеративті Рес­пуб­ликасында бірқатар саяси партия­лар қызмет етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті алты пар­тияны бөле-жара атаған жөн. Реті­не қарай атайтын болсақ, 1869 жылы құрылған Германия Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған Христиан демо­кра­тиялық одағы. Бұл партияны Фе­де­ралдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты – Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық эконо­ми­ка. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы; Еркін демокра­тия­лық пар­тиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған “Жасылдар” одағы. 2002 жылғы қыр­күйекте өткен Бундестаг сай­лауында тиісті 603 орынның 251-ін Германия Социал-демократиялық партиясы, 248-ін Христиан демо­кра­тиялық одағы мен Христиан әлеуметтік одағы, 55-ін “Жасыл­дар”, 47-сін Еркін де­мо­кратиялық пар­тиясы, ал 2 орын­ды Демо­кра­тиялық социализм партиясы алды.

Германия экономикасы дамы­ған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары мә­ши­не жасау, электр техникасы, ме­тал­лургия, химия және фармацев­тика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Со­ны­мен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңізіндегі Гам­бург пен Бремен, Балтық теңі­зіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады.

Германияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланды келеді.

Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қаты­сып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтар­лықтай қаржы және кадр ресурс­тарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның алдына қойған ба­сым бағыттарының бірі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Гер­манияның Орталық Азия ел­де­ріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол – экономикалық са­ла­лар­да мүмкіндігіне қарай ынтымақ­тас­тық жасау.

 

Категория: География | Добавил: Jahcepik | Теги: германия
Просмотров: 380 | Загрузок: 152 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar