Италия Республикасының Конституциялық құқығы - География - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » География

Италия Республикасының Конституциялық құқығы
[ · Скачать удаленно (27.0Kb) ] 08.11.2012, 11:22
Италия Республикасының Конституциялық құқығы

Италия Конституциясының ерекшеліктерінің бірі - онда преамбуланың болмауы. Конституция кіріспе бөлімнен басталады, онда Италия Республикасының Конститциясының құрылысы туралы жалпы және негізгі ережелер мазмұндалады. Конституцияның 1- бабында Италия еңбекке негізделген демократиялық Республика деген анықтама бар. Аталған баптың 2-бөлігінде егемендік халыққа тиесілі, ол оны Конституцияда белгіленген нысандар мен шекте жүзеге асырады. Конституцияда ішкі және халықаралық құқық арсындағы барлық қатынастар көрініс тапты. Конституцияның 10-бабының 1-бөлігінде Италия құқықтық тәртіпті жалпы таныған халықаралық құқық нормаларына сәйкес келеді деген ережеге ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Аталғанмен 11-бап та байланысты. Оған сәйкес «Италия басқа халықтың бостандығына шек қою мен халықаралық дауларды шешу тәсілі ретінде соғыстан бас тартады, басқа мемлекеттермен тең негіздерде ұлттар арасындағы тыныштық пен әділеттілікті қамтамасыз ету үшін тәртіпті сақтау мақсатында егемендікті шектеуге келіседі»- делінген. Осы нормалар елдің Еуропа Одағына кіру үшін құқықтық негіз болды.
Кіріспе бөлімнен кейін бірінші бөлім келеді, ол «Азаматтардың құқықтары мен міндеттері» деп аталған. Бұл бөлімде 54 бап бар екендігін айту керек. Бірақ осы бөлімді құрайтын төрт бөлімше тек азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне арналмаған, сонымен қатар онда азаматтық, этико-әлеуметтік, экономикалық, саяси қатынастар қарастырылған. Екінші бөлім Республика құрылысын реттейді. Оның құрамына Парламент, Президент; Үкімет, Магистратура, облыстар, провинциялар, коммуналар, конституциялық кепілдіктер бөлімшелері кіреді.
Конституция жалпы 139 баптан тұрады.
Конституция өтпелі және қорытынды ережелермен аяқталады.. Өздерінің сипаты бойынша кейбір ережелер акттың негізгі бөлімінде орналасуы тиіс. /мысалы, таратылған фашисттік партияны қандай да болсын нысанда қайта құруға тыйым салу туралы XII-бап нормасы/.
Италия Республикасының Конституциясын өзгерту тәсіліне байланысты қатаңдарына жатқызылады. 138-бапта айқындалған оны өзгерту процедурасы 2 кезеңнен тұрады.
Конституцияны, басқа конституциялық заңдарды қайта қарау туралы заңдар Парламенттің әр палатасында кем дегенде екі тыңдаудан кейін ғана қабылданады. Тыңдаулар арасындағы мерзім 3 айдан кем болмауы тиңс. Екінші сайлау кезінде ондай заңдар әр палатаның құрамының абсолютті көпшілік даусымен мақұлдану тиіс.
Қазіргі Италия Конституциясы 1948 жылы күшіне енді. Мемлекеттің басшысы-президент. Оны парламенттің екі палатаның бірлескен мәжілісінде жасырын дауыс беру жолымен 7 жылға сайлайды. Президентке кең өкілдіктер берілген. Ол заңдарды жариялайды, заңдық күші бар декреттер шығарады, парламентті таратып жібере алады, үкімет төрағасын тағайындайды, қарулы күштердің қолбасшысы да, Жоғарғы қорғаныс Кеңесінің төрағасы да сол. Жоғары заңшығарушы органы да – парламент. Ол екі палатадан-депутаттар палатасы және республика сенатынан құралады. Екі палатаға да депутаттар жалпыға бірдей және төте сайлау жолымен сайланады. Ерекше еңбек сіңірген 5 адамды президент өмірлік сенаттыққа тағайындайды, республиканың бұрыңғы президенттері де сенат құрамына өмірлік болып кіргізіледі. Екі палатаның да өкілдік мерзімі 5 жыл. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау құқығы беріледі. Атқарушы өкімет билігін үкімет - Мин. Кеңес жүргізеді. Үкімет парламент алдында жауапты. Сот жүйесі Жоғарғы кассациялық сот - жоғарғы инстанциялы сот, азаматтық істер, қылмыстық істер жөніндегі соттар және аппеляциялық соттардан құралады. Судьяларды тағайындау және ауыстыруды президент төрағалық ететін магистратураның жоғарғы Кеңесі жүргізеді.
Категория: География | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Республикасының, италия, Конституциялық, құқығы
Просмотров: 993 | Загрузок: 240 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
avatar