Turbo Pascal (Турбо Паскаль) программасы - Информатика - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Информатика

Turbo Pascal (Турбо Паскаль) программасы
[ · Скачать удаленно (162.0Kb) ] 09.11.2012, 21:16

      Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі Паскаль. Оның алғашқы вариантын 70-жылдары Швейцария ғалымы Н. Вирт жарыққа шығарған болатын. Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар, оның ішінде IBM PC-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті.

      Бейсик тілі сияқты, Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі. Оның ыңғайлылығы:

·                        тіл алгоритм құрылымын сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте-бірте дамыту арқылы жинақты түрде құруға болады. Ол программалау тәсілін үйрену үшін де қажет;

·                        тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріп сипаттауға және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді;

·                        мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құру да мүмкін;

·                        тіл синтаксисі қиын емес; нұсқаулардың (операторлардың) саны мүмкіндігінше азайтылған, т.б.

      Паскаль тілінде құрылған программаны мәшинелік кіріспе тілге аудару үшін компилятор пайдаланылады.

      Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және т.б.) программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу. Паскаль тілінің тағы бір ерекшелігі ол деректер құрылымының концепциясының алгоритм түсінігімен қатар программалаудың негізінде жатқан фундаменталды түсініктер қатарына кіруі.

Категория: Информатика | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: (Турбо, программасы, Pascal, Паскаль), turbo
Просмотров: 2082 | Загрузок: 308 | Рейтинг: 5.0/15
Всего комментариев: 0
avatar