Visual Basic бағдарламасы - Информатика - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Информатика

Visual Basic бағдарламасы
[ · Скачать удаленно (136.0Kb) ] 09.11.2012, 21:27

1. Кіріспе.

         Көлемі жағынан орташа болып келетін бағдарламаларды(бірнеше мың жолды код) құрастырғанда құрылымды бағдарламалау қолданылады. Бағдарламаның құрылымы шығарылып жатқан есептің құрылымын көрсету керек, сонда бағдарлама мәтінінен есепті шығару алгоритмі түсінікті болады. Ол үшін қарапайым операторлар жеткіліксіз, алгоритмнің нақты құрылымын дәлірек көрсететін құралдар қажет. Сондықтан бағдарламалауға жаңа ұғым – ішкі бағдарламалар енгізілді.

         2. Ішкі бағдарламалар.

Қандай да бір алгоритм бойынша жұмыс жасайтын және өзіне негізгі бағдарламаның кез келген бөлігінен қатысуға болатын бағдарламаның жекелеме бөлігін ішкі бағдарлама деп атайды. Ішкі бағдарламалар негізгі бағдарламының ішіндегі кіретін және шығатын орындары бар тұйықталған бөлігі болып табылады. Негізгі бағдарлама мен ішкі бағдарламадағы айнымалылар бір-біріне бағынышты емес.

         Ішкі бағдарламаның екі түрі болады – процедуралар және функциялар. Олардың айырмашылығы: процедура белгілі бір операторлар тобын орындаса, функция осыған қоса қандай да бір нәтижені есептеп, оны негізгі бағдарламаға қайта жібереді. Бұл нәтиженің өзіне тән типі болады. Си++ бағдарламалау тілінде «процедура» деген ұғым жоқ, онда тек қана функция қолданылады. Егер функция ешбір нәтиже есептемесе, онда ол «ешқандай» (void) типін қайтарады.

         Кез келген бағдарламада бірнеше процедура немесе функция қолданылуы мүмкін. Процедура мен функция сипаттау бөлігінде айнымалылар бөлігінен кейін жарияланады.

         Бағдарламаның орындалуы негізгі бағдарламаның операторларынан басталады. Қажет жағдайда ішкі бағдарлама шақырылып, оның операторлары орындалады. Содан соң басқару қайтадан негізгі бағдарламаға беріліп, бағдарламаның орындалуы жалғасады.

         Ішкі бағдарлама негізгі бағдарлама сияқты құрылады, яғни бағдарлама атауынан, операторлар бөлігінен және аяқталуынан құрылады.

Параметрдің екі түрі болады: формальды және шын мәніндегі параметрлер.

Шын мәніндегі параметр деп процедураны шақырар кездегі негізгі бағдарламадағы параметрлерді айтамыз. Ал формальды параметрлер ішкі бағдарламаның атауынан кейін көрсетіледі.

Формальды параметрлер тізімінде айнымалылар аталып, олардың типтері көрсетіледі.        

    Формальды параметрлерді екіге бөлуге болады:

1)    параметр-аргументтер, яғни процедура үшін кіретін мәліметтер;

2)    параметр-нәтижелер, осы параметр-нәтижелер арқылы процедураның жұмысының нәтижесін негізгі бағдарламаға қайтарады.

Параметр-нәтижелер тізімдерінің алдында var сөзі жазылады. (Паскаль).

 

 

2.1. Процедуралар.

         Процедура – белгілі ретпен іске асырылатын іс-әрекеттер жиыны, жалпы бағдарламаның бір бөлігі.

 

Процедуралардың жалпы түрі:

 

 

Бейсик

Паскаль

Си++

Процедура атауы

SUB <атауы>(<форм. параметрлер тізімі>);

procedure <атауы> (<форм.

параметрлер тізімі>);         

void <атауы>(<форм. параметрлер тізімі>)        

Денесі

<операторлар бөлігі>

 

begin

      <операторлар бөлігі >;  end;

{

<операторлар бөлігі>

};

Аяқталуы

END SUB

жоқ

жоқ

        

 

Паскаль тіліндегі мысал: бір санның факториалын табу.

procedure fact (k : integer; var a : integer);

var x : integer;

begin

 a:=1;

for x:=1 to k do

  begin

    a:=x*a;

  end;

end;

 

Мұндағы k – формальды параметр-аргумент, яғни негізгі бағдарламадан келген сан. а – формальды параметр-нәтиже, яғни негізгі бағдарламадан келген санның факториалы.

 

         Паскаль тіліндегі процедураны негізгі бағдарламаның командалар бөлігінен шақырылу командасын қарастырайық:

<процедура аты> (<шын мәнінде берілген параметрлер тізімі>);

         Мысалы: fact(i,s);

 

 

2.2. Функциялар.

         Функция – басқа мәліметтер алу үшін анықталған мәліметтерге қолданылатын компьютердің іс-әрекеті. Функцияның ерекшелігі – оның орындалуы барысында бір ғана нәтиже шығады, ал кіру параметрлері бірнешеу болуы мүмкін. Нәтиже функция атауымен белгіленіп, негізгі бағдарламаға беріледі.

 

Функциялардың жалпы түрі:

 

 

Бейсик

Паскаль

Си++Функция атауы

FUNCTION <атауы> (<форм. параметрлер тізімі>);

function <атауы> (<форм.

параметрлер тізімі>): <функция типі>         

<функция типі> <атауы>(<форм. параметрлер тізімі>)       

Денесі

<операторлар бөлігі>

 

begin

      <операторлар бөлігі >;  end;

{

<операторлар бөлігі>;

};

Аяқталуы

END FUNCTION

жоқ

жоқ

 

         Санның квадратын анықтайтын функцияның мысалдары:

Бейсик:

         FUNCTION SQR % (X AS INTEGER)

         SQR% = X*X

         END FUNCTION

 

Паскаль:

         function SQR (x : integer) : integer;

         begin

         SQR:= x*x;

         end;

 

Си++:

         int SQR (int x)

         {

         return x*x;

         };

 

Паскаль тіліндегі функцияны негізгі бағдарламаның командалар бөлігінен шақырылу командасын қарастырайық:

<функция аты> (<шын мәнінде берілген параметрлер тізімі>);

  Мысалы: у:=SQR(x);

 

Категория: Информатика | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Basic, visual, бағдарламасы
Просмотров: 3853 | Загрузок: 412 | Рейтинг: 4.4/5
Всего комментариев: 0
avatar