Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері - Информатика - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Информатика

Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
[ · Скачать удаленно (190.0Kb) ] 09.11.2012, 20:40
Windows 7 жұмыс үстелі




Windows 7-дегі Windows Flip 3D





Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздерінің басталу уақыты 1981 жылы MS(PC)-DOS операциялық жүйесі IBM дербес компьютерлермен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын. MS-DOS операциялық жүйесі тек бір адамның жұмыс істеуіне арналған болатын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетін, оның үстінде MS-DOSоперациялық жүйесі компьютердің тек 640 кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алатын еді.Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланатын негізгі интерфэйс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарды. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден астам командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және жұмыс істеуге өз септігін тигізеді.




Негізгі функциялары

Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows ортасының негізгі ядросы, жедел жадты басқаратын ішкі жүйесі, файлдық жүйесі, енгізу-шығару құрылғыларымен жұмыс істейтін драйверлері, т.б. жүйелері бар.Ол жұмыс кезінде мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
қолданбалы программаларды іске қосу.

Бұған қоса WINDOWS жүйесі:
бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасуын;
масштабталатын шрифтерді сүймелдеуді;
мультимедия мүмкіндіктерін пайдалануды;
біріңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады

Негізгі ұғымдары

Терезе — экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы. Онда әр түрлі программалар орындалады. Кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Терезе шекаралары- бұл терезенің периметр бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Қолданбалы программа терезесі-бұл терезеде негізгі қолданбалы программалар жұмысы атқарылады. Ол экранның бөлігін немесе оны толық алып тұра алады. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген қолданбалы программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады, бірақ олардың негізгі элементтері бірдей болып жасалған. Егер терезені жбатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаың жұмысы да аяқталады.Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады, сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде) айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне симай сыртта орналасқан информацияның бар екенін көрсетеді.Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады
толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;
қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;
белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.
Категория: Информатика | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жұмыс, істеу, windows, негіздері, жүйесіндегі
Просмотров: 2283 | Загрузок: 268 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar