XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы - Информатика - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Информатика

XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы
[ Скачать с сервера (58.5Kb) ] 02.09.2014, 08:07

     XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы

 

1.Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі.

2.Тәуке хан және оның “Жеті жарғысы”.

3. XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының шаруашылығы мен мәдениеті.

 

 

Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.

Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.

Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.

Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.

Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.

Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді.

Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, батыс Европаға танылды.

Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты.

Қасым хан алғашқы қазақ заңы – «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды.  Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Сол үшін, ол Қасым ханның атымен байланыстыры- лып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарихи Рашиди кітабінда: «Қазақ хандары мен сұлтандары арсында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес» дейді. Қасым хан өлгеннен кейін сұлтандар мен феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып  тұрған кезде, өзара қырқысуының зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты.

Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты.

XVI ғ. – II жартысында әлсіреген хандықты біріктірерде Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) (1538-1580) өз үлесін қосты.

Ол 42 жыл биледі. Хақназар хан – таққа отырған соң хандық үкіметінің билігін нығайтуға қажырлы күш жұмсады. Өзінен бұрынғы Таһир хан мен Бұйдаш хан тұсындағы бытыраңқылықты қайта қалпына келтірді.

Ол билік құрған кезде сыртқы саясатта аса ірі тарихи оқиғалар болды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай іргесін кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын Россияға бағындырды. Осыған байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаның арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс күшейді, бұл халық бұқарасын күйзелтті.

Хақназар тұсында Қазақ хандығының күшеюі Ноғай ордасындағы қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты, кейіннен келіп қосылды.

Хақназар хан қаза болғаннан соң, оның орнына Жәдік сұлтанның баласы Әз Жәнібек немересі Шығай (1580-1582) хан болды.

Ол билік құрған кезінде Хақназарды өлтірген Бұхар ханы Абдолла II (1557-98) тұсында Ташкент маңын билеген Норазахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтаннан өш алумен болды. Сол жорық кезінде қайтыс болды.

Шығай ханның орнына отырған Тәуекел хан (1586-1598) тұсында Ресей мемлекеті мен қазақ хандығы арасында дипломатиялық қатынас күшейе түсті. Ресейдің мұндағы мақсаты: Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге қарсы күресу, осы одақтасты пайдаланып, Орта Азия хандарымен келіссөз жүргізу еді. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсене күресті.

1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сырдария бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижано, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қайтыс болды. Тәуекел алғаш рет 1594 жылы Мәскеуге достық қарым-қатынас орнату мақсатында Құлмұхаммед бастаған қазақ елшілігін жіберді.

Категория: Информатика | Добавил: Jahcepik | Теги: ғасырлардағы, Қазақ, хандығы, XVI-XVII
Просмотров: 373 | Загрузок: 166 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar