Ақыл-ойы кемістік ұғымы және оның классификациясы - Әр түрлі - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Әр түрлі

Ақыл-ойы кемістік ұғымы және оның классификациясы
07.11.2014, 00:28

АҚЫЛ-ОЙЫ КЕМІСТІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Ақыл-ойы кемістік ұғымы және оның классификациясы

Ақыл-ой кемістігі – бұл диффуздық сипатқа ие бас ми қыртысының органикалық зақымдалуымен шартталған таным іс-әрекетінің тұрақты қайтымсыз бұзылысы. Қалыпты қалыптасқан мидың зақымдалуы нәтижесінде пайда болған ақыл-ой кемістігін (3 жастан кейін) деменция деп атайды. Бас миының жарақаттарынан, әртүрлі орталық жүйке жүйесі ауруларының нәтижесінде қалыптасқан психикалық қызметтердің жойылуына және ерте қалыптасқан дағдылардың жоғалуына әкеледі.

Мысалы, деменциясы бар 4 жастағы балада, онда фразалық сөйлеудің, өзін-өзі күту дағдыларының жойылуы және ойынға, суретті салуға деген қызығушылықтары төмендеуі немесе
жойылуы арқылы көрінеді. Танымдық үдерістеріне қарағанда, көбінесе зейіннің, естің тез бұзылуы байқалады. Есейген сайын олардың патологиялық белгілері төмендейді.

Ақыл-ой кемістігімен қатар болатын орталық жүйке жүйесінің аурулары бар адамдарды ерекше топқа жатқызуға болады: шизофрения, эпилепсия және т.б. Осы аурулардың қарқынды төмендеуі нәтижесінде, психикалық бейнелер жойылады, ақыл-ой кемістігі тереңдейді және де ауыр дәрежеге жетеді. Оларда эмоционалдық-ерік саласының, іс-әрекеттің
және жалпы тұлғалықтың спецификалық ерекшеліктері пайда болады. Уақытылы емдеу аурудың қарқынды төмендеуін болдырмауға немесе тежелуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде балаларда жиі ақыл-ой кемістігімен қатар психопатологиялық синдромдармен күрделінген болады: гипердинамикалық, психологиялық тәрізді, эпилептикалы, неврозды тәрізді.

Ақыл-ой кемістігінің классификациясы

Ақыл-ой кемістігі клиникалық белгілеріне байланысты оның үш дәрежесін ажыратады: дебил (миақы, мешеулік, әлсіз, қауқарсыздық),
имбецил (милау, өз бетінше өмір сүре алмайды) және идиотия (мәңгүрт,нақұрыс).

Дебилдік дәреже (миақы, қауқарсыздық) – (латын тілінен “debilis”-әлсіз, қуатсыз) олигофренияның жеңіл дәрежесі. Дебилдердің интеллектуалдық коэффициенті (IQ) 50-70-ті құрайды. Ересек дебилдердің психологиялық дамуы 8-12 жастағы баланың дамуына сәйкес келеді. Дебилдердің интеллектуалды дамуының зақымдалу деңгейіне байланысты: орташа, жеңіл және ауыр түрлері анықталған.

Мешеулік ерте балалық шақтан біліне бастайды. Бұл балалар бастарын ұстауды, отыру, жүру және сөйлеуді өте кеш бастайды. Балалық шақта сөз қоры жетілмеген, қысқа болады. Бірақ, жылдар өте, егер дебилдік жеңіл түрінде болса және асқынбаса, көп нәрсеге үйренеді және психикалық жетіспеушіліктері азая бастайды. Дебилдіктің жеңіл түрінде
балалардың сөздік қоры жеткілікті, олар жалпы мектепте де оқи алады, бірақ мәліметтерді ұғыну оларға қиын болады, әсіресе математика амалдарын игере алмайды. Дебилдер қарапайым еңбекпен ғана шұғылдана алады.

Дебил балалардың танымдық әрекетінің бұзылуы қиын түсініктерді талдап, қорытуға қабілетсіз екендігін көрсетеді. Олар маңызды, басты істі жалпыдан айыра алмайды- абстракты ойлауы нашар дамыған немесе мүлдем жоқ- нақты-жазылу, көрнекі құралдар арқылы ғана қабылданатын нәтижесіз ойлау басым болады. Бірақ кейбір балалар интеллектісінің
жетіспеушілігіне қарамастан, көп нәрсені аңдамай (механикалық түрде) жаттап алумен, еліктеушілікпен кемістіктерін аз да болса толықтырып, жеңілдетеді. Бірақ оларда инициатива, өз бетінше шешім қабылдау байқалмайды, барлық психикалық үдерістерде селсоқтық, енжарлық, мән бермеушілік байқалады.

Дебилдер өз беттерінше өмір сүруге бейім, бірақ көбіне басшылық пен қолдауды қажет етеді, тек айтқанды ғана істейді. Олар өз-өздеріне қарапайым қызмет көрсете алады, интеллектуалды іскерлікті қажет етпейтін жерде белгілі, қарапайым мамандандықты игеруге де қабілеттері жетеді және осы істерімен белгілі мөлшерде интеллектісінің жетіспеу-
шілігін бүркемелейді. Оларда жанұя, бала да болады. Бірақ, жоғарыда айтылғандай, ол балалар тұқым қуалайтын кемақылдылыққа ұшыраған бала болуы да мүмкін.

Имбецил (милау) (латын тілінен “imbecillus” – әлсіз, елеусіз) – бұл психикалық дамудың орташа зақымдануы. Ересек имбецилдің психикалық дамуы салыстырып қарағанда 3-7-жастағы қалыпты дамыған баланың деңгейіне сәйкес. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-50, ауыр имбецилдік кезінде 20-35, ал жеңіл кезінде 35-50. Имбецилдердің барлық психикалық процестері баяу, селқос. Имбецилдер жұмысқа жарамсыз, тек өздеріне қарапайым қызмет етеді, білім алуға қабілетсіз, бірақ жай сөздерді түсінеді, ал өздерінің сөздік қорлары аз, сөйлеу әрекеті нашар дамыған.

Имбецилдердің сөздік қоры небары 200-300 қарапайым сөздерден құралған. Логикалық ойлау, тұжырымдау және абстракты түсінік – оларға тән емес. Ойлауы өте төмен деңгейде, нақтылық жоқ және тиянақсыз. Кейбір имбециалдерде жақсы механикалық есте сақтау қалыптасуы мүмкін, бірақ олар санау, оқу, оқығанының мағынасын түсінуге және жазуға бейім емес.

Имбецилдердің ортаға бейімделуі үйреншікті, жақсы таныс жағдайда ғана болуы мүмкін. Олар ең оңай жұмыс әдістері – үй жинау, кір жуу, ыдыс жуу немесе ең қарапайым өндірістік процестерді еліктеу әрекеті арқасында ғана үйренуге қабілетті. Олар ынтасыз, бір әрекеттен екіншіге әзер ауысады, сондықтан еркін әрекеттенуге қабылетсіз, олардың эмоцио-
налды реакциялары өте әлсіз және бірыңғай.

Имбецил
дәрежесіндегі кемақыл балалар үздіксіз қамқорлықпен арнайы бақылауды қажет етеді. Олар еркін өмір сүруге бейімделмеген. Жағдайдың аз-кем өзгеруі имбецилді тығырыққа тіреп, олар таныс емес жағдайда сасқалақтап, мүшкіл және өте жәрдемсіз болып қалады.

Идиотия (мәңгүрт, нақұрыс) – (латын тілінен „idiotea” – тұрпайылық) – олигофренияның ең ауыр дәрежесі, оның да ауыр және жеңілдеу түрлері болады. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-дан төмен. Идиотия дәрежесіндегі ересектердің психикалық дамуы 3 жасқа жетпеген баланың деңгейінде қалады, олар қорғансыз, көрсетілген көмекті
абылдай алмайды және үнемі бақылау мен күтімді қажет етеді. Идиотия дәрежесіндегі кемақылдар қоршаған ортаға, айналасына көңіл аудармайды, олар ыстықты суықтан, жейтінді жемейтіннен ажырата алмайды. Олар бәрін ауызға апарады және қандай болмасын қолына түскен затты шайнай бастайды.Идиотия дәрежесіндегі балалар жоғары, биік
немесе аласа, төмен туралы түсініктері, қауіпті сезінбейді, сондықтан әр уақытта жарақаттанып жүреді.

Идиотияның ауыр түрінде сөйлеу қызметі қалыптаспайды, буынға бөлінген дыбыстармен шектеледі. Аурулар өздерін күте алмайды, өз әрекетінше киіне алмайды, кесе, қасық, шанышқыны пайдалануды білмейді, кейбіреулері шайнай да алмайды, сондықтан оларды сұйық тамақпен тамақтандыру керек болады. Кейбіреулері салақ, сұрануды және дәретха-
наны пайдалануды білмейді, бірақ осы жағдайсыздыққа қарамастан суланған және ластанған киімдерінде ұзақ уақыт қала береді. Білім алуға талпынысы мүлдем жоқ, оларға ең қарапайым ақыл-ой операциялары да түсініксіз. Есте сақтауы дамымаған және өте әлсіз. Кейбіреулері өз туғандарын, шешесін де танымайды. Олардың сезінуі қарапайым және қанағаттануын немесе қанағаттанбауын ашумен, айқайлармен және қозғалу – қимылмен білдіреді. Бұған қоса, оларда ақауды, жарақаттануды ауырсыну сезімі төмен, сондықтан олар ешқандай ауруға мән бермейді. Психиканың күрделі зақымдануы физикалық дамукемістіктерімен әруақытта қосарлана білінеді.

Идиотия дәрежесіндегі балаларды үйде бағып-қағу өте қиын және оларды негізінен психохрониктерге арналған арнайы емдеу мекемелеріне орналастырады.

Интеллектісі бұзылған балаларға көмек көрсетудің даму тарихы

Интеллект дамуының бұзушылығы олардың тәрбиесі және оқытылуы үш үлкен кезеңге бөлінеді: Қазан төңкерісінен кейін, КСРО-да және қазіргі уақытта. Әрбір кезең нақты бағыттармен ерекшеленеді. Қазан төңкерісіне дейін қоғам ойшылдары, философтар, педагогтер, дәрігерлер ақыл-ойы кем тұлғаларды тәрбиелеу және емдеу туралы өз ойларын
жеткізеді. Ерекше көзқарастар А.И. Герценде, Белинскийде, Чернышевскийде, Добролюбовта болды, тек Добролюбов қана «икемі аздардың» жағдайын ашып, оларға шыдамдылық танытты.

Ақыл-ойы кем балалар саны жылдан-жылға көбейе береді, бірақ оларға оқыту және тәрбиелеу көмек беруі қолға алынбады, ал сондай көмектер болған уақытта, олар тек жеке пайдасында және қамқорлық жолдарында ғана жүзеге асырылды. Олигофренопедагогика дамуында үлкен рөлді дәрігер-психиатрлар атқарды (В.И. Яковенко, И.Г. Игнатьева,
П.И. Ковалевский).

Ақыл-ойы кемтарларды оқыту мен тәрбиелеудің маңызды рөлін Ресейде 2-съезде орыс іскерлік, технологиялық және кәсіби білім арқылы көрсетті.

Қазіргі заманғы дефектология үшін үлкен қызығушылықты Г.И. Россолимоның сөз сөйлеуі тудырды. Революция съезінде көмекші мектептің іс-әрекетінің көптеген сұрақтары көрініс тапты. Терең ақыл-ой кемістігі бар балаларға көмек көрсетуді дамытумен ұйымдастыруда үлкен рөлді Е.К. Грачеваға (1866-1934) берілді.

  • ақыл-ойы кем балаларды оқыту және тәрбиелеу шарттарын қалыптастыру-
  • дәрігерлік – педагогикалық кездесуді даярлау-
  • қажетті оқу бағдарламасын құрастыру.

Революция съезінде көп сұрақтар арнайы ретінде мектептерде табылды. Ақыл-ой кемістігі бар балалардың терең көмек көрсетті және олар үлкен рөлі пайда болуына Грачева жатады. Ақыл-ой кемістігі бар балалар ұйымының пайда болуына үлкен үлесін қосқан орыс ғалымы Е.К. Грачева (1866-1939). Грачева алғаш рет Ресейде идиот және эпилептик балаларға арналған балалар үйін ашты. В.П. Кащенко (1870-1943) анамальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырудың белсенді қатысушысының бірі болды.
Дәрігер В.П. Кащенконың кемістіктері бар балаларға арналған мектеп-санаториі бұл уақыттарда емдеу тәрбиелеу және оқыту жолдарымен балалардың даму жетістіктері түзетіліп, оларды пайдалы өмірге еңбекке дайындаған, алғашқы емдеу - тәрбиелеу мекемесі болып есептеледі. Бұл ОЖЖ әр түрлі бұзылыстары балаларды оқытумен тәрбиелеу сұрақтары
бойынша ғылыми әдістемелік орталықтардың бірі болды. Кащенко дәрігері ғылыми-әдістік орталығы сол уақытта ең алғашқы орталықтарының бірі болып табылады.
Олигофренопедагогиканың қарқынды дамуына өз үлесін қосқан ғалым Граборов А.Н. (1885-1949). 1915 жылы Граборов ғалымы Петербург қаласында ең алғаш рет жеке меншік мектеп-пансионатты ашты, уақыт өтегеле пансионат орталық арнайы мектеп деп есептелді. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды тәриелеу және оқытуды дамытуда
осы кезең ең басты болып есептелді. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін бұзықтылыққа қарсы күресу жолдары қарастырылды.

Осы уақытта дефектологияда ең маңызды мәселе болып бүкіл Ресейлік съезд болып саналды. Осы съездің негізгі мәселесі болып балалар диферентілері мен күресу шаралары есептеледі. 1966 жылдан бастап олигофренопедагогикасы арнайы мектептерде белгілі әдістер арқылы жаңа арнайы пәндері енгізілді. Қазіргі уақытта түзету мектепке керекті оқулықтар, дидактикалық жәрдем мен безендірілген.

Категория: Әр түрлі | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: оның, классификациясы, Ақыл-ойы, және, ұғымы, кемістік
Просмотров: 824 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar