Ана тілі аруы- 2014 - Әр түрлі - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Әр түрлі

Ана тілі аруы- 2014
[ Скачать с сервера (38.8Kb) ] 12.01.2015, 21:09

Ана тілі аруы- 2014 ашық сабақ 

«Ана тілі аруы-2014» сайысы

Мақсаты: Қыз балалырдың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының 

қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Барысы:

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Ана тілі аруы-2014» сайысына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған

«Қыз өссе елдің көркі » деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

2-жүргізуші: Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

Қыздардың қылығыменөмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

1-жүргізуші: Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал, сайысқа

Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.

2-жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып,

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

(Арулар сахна төріне шақырылады)

2-жүргізуші:Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтып,

Әділқазы алқасымен танысайық

1-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, өз өнерлерін көрсетеді.

Сайысымыз 5 турдан тұрады.

1. Өзін-өзі таныстыру.

2.Сұрақ-жауап

3. Өнер

4. Ас мәзірін даярлау

5. Шығармашылық қолөнер сайысы

6. Сұлулық сыры (Кешкі ұлттық сән үлгісі)

2-жүргізуші: Кел,достар, бастайық,

Бастайық той кешін.

Қызықтан еш адам,

Қалмасын құр қалып.

1-жүргізуші: Бірінші сайыс өзін-өзі таныстыру.

Көңілге түй сен мұны,

Әр бүлдіршін-ел гүлі.

Бақытты елде туғаның

Есіміңнен белгілі

2-жүргізуші: Екінші сайыс- қыз сұлу көрінеді білімімен.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай бізде де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

1-жүргізуші: Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,

Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық.

(Сұрақтарға жауап)

2-жүргізуші: Үшінші сайыс-өнерліге өріс кең.

Өнерсізден қашып жүр,

Өнермен үлгі шашып жүр.

Өнерді көп білетін дана болар,

Өнерсіздің ісі шала болар.

Қане, қыздардың өнерін тамашалайық.

1-жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше

өнерпаздардың өнерін тамашалайық.

2-жүргізуші: Енді сөзді төрешілерімізге берейік.

Категория: Әр түрлі | Добавил: Jadira | Теги: 2014, аруы-, ана, тілі
Просмотров: 621 | Загрузок: 150 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar