Анықтауыштар.Матрицалар - Әр түрлі - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Әр түрлі

Анықтауыштар.Матрицалар
[ · Скачать удаленно (2.94Mb) ] 09.11.2012, 20:42
Сызықтық алгебра элементтері.

Анықтауыштар.Матрицалар.

Дәріс жоспары.

1. n-ретті анықтауыштар түралы түсінік.

2. Екінші және үшінші ретті анықтауыштарды есептеу әдістері.

3. Лаплас жіктеуі ( теоремасы).

4. Матрицалар және олардың түрлері.

5. Матрицаларға қолданылатын амалдар.

6. Кері матрица.Матрица рангісі.

1.n-ретті анықтауыштар туралы тусінік.

Біз элементтен жасалған мынандай кесте алайық:

(1)

Мұндай кестені матрица деп атайды. Бұл матрицаның элементтері n жатық және n тік жол бойымен орналасқан.

Анықтама. Реті n-ге тең анықтауыш деп (1) матрицаның жатық жолдары мен тік жолдарының әрқайсысынан бір-бірден алынған n элементтің көбейтіндісінен тұратын n! қосылғыштың алгебралық қосындысын айтады. n -ші ретті анықтауышты былай белгілейді:




Δ =


Мұндағы

- анықтауыштың элементтері болады. Бірінші индекс i жатық жолдың, екінші индекс j тік жолдың нөмірі.

элементтерінен тұратын диагонал басты диагонал деп, ал

,

,

,...

элементтерінен тұратын диагонал көмекші (қосалқы) диагонал деп аталады.

n-ші ретті анықтауыштардың негізгі қасиеттері.

Анықтауыштарды есептеудің барлық тәсілдері сол анықтауыштың қасиеттеріне негізделген.

Жатық жолдары мен тік жолдарын ауыстырып қоюдан анықтауыштың шамасы өзгермейді.

Анықтауыштың кез келген екі жатық не екі тік жолдарын өзара ауыстырып қоюдан анықтауыштың тек таңбасы ғана өзгереді.

Егер анықтауыштың екі жатық не екі жолдары бірдей болса, онда ол анықтауыш нөльге тең.

Анықтауыштың бір жатық не тік жолының барлық элементтерін кез келген санына көбейту амалы анықтауышты осы санына көбейтумен бірдей.

Егер анықтауыштың кез келген жатық не тік жолының барлық элементтері нөльге тең болса, онда анықтауыш та нөльге тең.

Егер анықтауыштың екі жатық, не тік жолдарының сәйкес элементтері пропорционал болса, онда анықтауыш нөльге тең.

Егер анықтауыштың кез келген жатық не тік жолының барлық элементтері екі (не бірнеше) санның қосындысынан тұрса, онда ол анықтауыштың қосындысы етіп жазуға болады.

Анықтауыштың кез келген бір жатық жолының не тік жолының артық көбейткішін оның алдына шығаруға болады.

Анықтауыштың кез келген бір жатық жолының не тік жолының элементтерін бірдей санға көбейтіп, басқа жатық жолдың не тік жолдың сәйкес элементтеріне қосқаннан анықтауыш өзгермейді.

2.Екінші және үшінші ретті анықтауыштарды есептеу әдістері.

санын екінші ретті анықтауыш (детерминант) деп атайды және былай белгілейді

=

сонда анықтама бойынша

= = (3)

=

санын үшінші ретті анықтауыш (детерминант) деп атайды және былай белгілейді

= = (4)

Бұл формула Саррюс ережесі деп аталады («үшбұрыш» ережесі), оны үшінші ретті анықтауыштарды есептеу үшін қолданады. Схема түрінде былай көрсетуге болады:


Мысалдар: Анықтауышты есептеңіз

а) = = 4*3 – 5*(-2) = 12 + 10 = 22

б) = = 3*2*3+2*2*1+5*4*1-1*2*1-5*2*3-4*2*3= -14

3. Лаплас жіктеуі ( теоремасы).

Реттері үлкен анықтауыштарды есептеу қиындыққа келтіреді, сондықтан оларды есептеу үшін анықтауыштардың қасиеттерін қолданады және Лапластың жіктеу теоремасын. Лапластың теоремасы берілген анықтауыштың ретін төмендетеді.

n -ші ретті анықтауыш берілсін делік:

=

Осы анықтауыштың элементінің миноры деп, анықтауышының і жатық жолы мен j тік жолын сызып тастағаннан кейін қалатын (n-1) ретті анықтауышты айтады.

= (5)

Берілген анықтауыштың элементінің алгебралық толықтауышы деп, осы элементтің миноры мен өрнегінің көбейтіндісін айтады.

= (6)

Мысал. Үшінші ретті анықтауыш берілген.

=

Осы анықтауыштың элементінің минорын тауып оның алгебралық толықтауыштарын есептеңіз.

Шешуі:

;

Лаплас теоремасы (Лапластың жіктеу теоремасы). Анықтауыштың кез келген жатық (тік) жолдарының элементтерімен оның алгебралық толықтауыштарының көбейтінділерінің қосындысы осы анықтауыштың мәніне тең, яғни

(7)

Кез келген n-ші ретті анықтауыштарды есептеу үшін олардың тік немесе жатық элементтері бойынша жіктеу арқылы есептеуге болады. Бұл әдістің мақсаты – анықтауыштардың ретін төмендету. Лаплас теоремасы реті төртке тең немесе төрттен артық анықтауыштарды есептеуде қолданылады. (7) формуланы қолдану арқылы анықтауыштың ретін бірге төмендете отырып өзімізге белгілі болған үшінші немесе екінші ретті анықтауыштарға келтіруге болады және анықтауыштың қасиетін пайдаланып жіктейін деп отырған тік немесе жатық жолдын бір элементінен басқасы нөльге айналдыру арқылы есептеуді жеңілдетуге болады.

Мысал. Төмендегі төртінші ретті анықтауышты есептеңдер:





Анықтауышты екінші жатық жолының элементтері бойынша жіктеп есептейік:

= =




4.Матрицалар және олардың түрлері.

Анықтама. m*n-ретті матрица деп, m-жатық және n-тік жолдардан анықталған тік бұрышты кестені айтады, ол мына түрде белгіленеді:

A=

(1)

Немесе ; ;

Мұндағы -матрицаның элементтері деп аталады, бірінші индекс і матрицаның жатық жолының, ал екінші индекс j-тік жолының нөмерін анықтайды. Матрицалар латын алфавитінің бас әріптерімен (A,B,C...) белгіленеді, ал матрицалардың элементтері – кіші әріптерімен: , .
Категория: Әр түрлі | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Анықтауыштар.Матрицалар
Просмотров: 9114 | Загрузок: 879 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.7/7
Всего комментариев: 21 2 »
avatar
1 Minginsurgy • 16:26, 20.12.2012
Я считаю, что Вы не правы . Я могу это доказать . Пиши мне в личку, мы будем общаться .
1-1 2-2
avatar