Кәсіптік білім негіздерін қалыптастыру жүйесі - Әр түрлі - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Әр түрлі

Кәсіптік білім негіздерін қалыптастыру жүйесі
07.11.2014, 00:29

Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары (кәсіптік білім, кәсіптік оқыту және кәсіптік тәрбие) мен оның басты ұғымдары (кәсіп, мамандық, біліктілік және құзыреттілік, құзырлылық) оның тезаурусын құрайды.
Кәсіптік педагогиканың негізгі категорияларын анықтайық.

Кәсіптік білім - бұл белгілі бір жүйеде кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы және оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалар тәртібі.

Кәсіптік оқыту - бұл оқушы мен инженер-педагогтің кәсіп бойьшша ғылыми-техникалық ілімді игеру мен кәсіптік білік, дағды қалыптастыруда бірлескен іс-әрекеті.
Кәсіптік тәрбие - оқушы мен инженер-педагогтің белгілі бір кәсіптік ортада жеке тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен нормаларының жиынтығын камтитын әлеуметтік құбылыс.

Кәсіптік педагогика
негізгі ұғымына жататындар: кәсіп, мамандық, біліктілік, құзыреттілік және құзырлылық болып табылады. Енді осыларға жеке анықтама берейік:
Кәсіп - қоғамдық еңбек бөлінісінде жалпы адамзаттық мораль нормаларымен келісілген еңбек түрі және адамзат үшін материалды игіліктер бастамасы. Кәсіп саласына қарай еңбек бөлінісіне ие. Мысалы: слесарь кәсібі мына түрлерге бөлінеді: слесарь-кұрастырушы- слесарь-жөндеуші және аспапшы-слесарь т.б. Сондықтан кәсіп саласы белгілі бір мамандықтар бойынша еңбек бөлінісіне ие болады.

Мамандық - белгілі бір кәсіп саласы бойынша шағын ауқымды еңбек түрін қамтиды. Кейбір кәсіп саласының қызметіне орай мамандандыру процесі жүргізіледі.
Кейбір кәсіп саласындағы мамандық қызметінде мамандандыру процесі де жүргізіледі. Мысалы: дәрігер кәсібінің оташы мамандығы және оның нейрохиругия (бас сүйекке операция жасаушы) саласы бойынша маманданады. Сөйтіп, мамандық - кәсіп қызметіне қарағанда ұғымы тар, ол мамандану - мамандыкқа қарағанда әлдеқайда тар ұғым.
Біліктілік - бұл белгілі бір кәсіптік қызмет саласын атқаруға тиісті дайындық деңгейі бар адам. Яғни, біліктілік дегеніміз -кәсіпті тиісті дәрежеде игеру дағдысы.
Академик В.С. Леднев кәсіптік даярлықтық біліктілік деңгейін мына төмендегідей етіп көрсетеді:

  • 0-дік деңгейі - біліктілігі жоқ жұмысшылар-
  • 1 деңгей - жұмысшы мамандар-
  • 2 деңгей - орта дәрежелі мамандар (техниктер)-
  • 3деңгей - жоғары дәрежелі мамандар (инженерлер, дәрігерлер, мұғалімдер)-
  • 4 деңгей - ғылыми дәрежелі мамандар (ғылым саласы бойынша кандидатгар мен докторлар).

Жұмысшы мамандығының кәсіптік біліктілігі игеру деңгейінің тиісті разрядтары арқылы белгіленеді. 2-3 деңгейдегі мамандар біліктілігін санат класқа бөлу орны анықтайды. Мысалы, 1-ші санатты мұғалім, жоғары санатты дәрігер, 3-ші санатты заңгер.

Белгілі бір кәсіп, не мамандық саласы бойынша дайындық деңгейі кәсіптік біліктілік сипаты арқылы айқындалады.
Біліктілік сипаттамасы - тиісті кәсіп саласы бойынша мамандардың білім, білік және дағдысын белгілейтін мемлекеттік құжат. Жұмысшылардың кәсіптік біліктілігі екі нәрсе арқылы сипатталады. Кәсіп саласы бойынша білім деңгейін анықтау үшін «білуі тиіс» нәрселер мен білік пен дағдыға байланысты «істей алатын» нәрселер. Мұның барлығы бірыңғай тарифты - біліктілік анықтамасында белгіленіп, жинақталған.

Құзыр - белгілі бір кәсіптік таным саласы бойынша шешім шығаруға лауазымдық құқы бар маман.

Құзыреттілік - тиістікәсіп саласы бойынша білім, білік және дағдысы жоғары деңгейде қалыптасқан, оны саналы атқара алатын маманның қабілеттілігі.

Даму – ол дегеніміз, адамның физикалық, психикалық және рухани күштерінің ішкі реттілікпен сандық және сапалық өзгеруінің объективті процессі, ол оның өмірлік потенциалының мазұмыны мен орынын қамтамасыз етеді.

Тәрбие – ол бір ұрпақтың тәжірибе беру процессі және оны адамның дамуын қамтамасыз ететін, екінші ұрпақтың меңгеруі.
Білім беру – ол қоғамда адамның дамуы үшін арнайы ұйымдастырылған жағдайлар жүйесі.

Оқыту – ұрпақтар тәжірибесін педагогпен оқушының қатысуымен беру және қабылдау процессі.
здік тәрбие – ол адамның дамуын қамтамасыз ететін, өзінің ішкі рухани факторлар әсерімен алдыңғы ұрпақ тәжірибесін меңгеру процессі.
здік білім алу – ол өзінің дамуына бағытталған, ұрпақтар тәжірибесін меңгеру бойынша өзін іштей ұйымдастыру жүйесі.
здік оқу – ол адамның ұрпақтар тәжірибесін өз бетімен және өзі таңдаған құралдар көмегімен ұмтылып қабылдау процессі.

Тәрбиелік қатынастар дегеніміз, адамдар арасындағы адамды тәрбиелеу, білім беру, оқытуға бағытталған өзара қарым-қатынас түрі.

Алайда, Сіздер жаңа танысқан білімдер санаты кәсіби оқыту педагогі мен технология мұғалімінің кәсіби түрде жұмыс істеуіне жеткіліксіз болып табылады. Олардың қызметі дегеніміз – оқушылардың жалпы дамуы ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби дайындығы. Онда өзінің жалпы білім беру пәндерінің мұғалімінің қызметіне қарағанда өзінің ерекшеліктері бар. Кәсіби оқыту педагогі және технология мұғалімі нақты бір еңбекті және кәсіби қызметті жақсы меңгеруі тиіс. Ғылымда олар ерекше түсініктер жүйесі арқылы сипатталады.
Ондай түсініктер кем дегенде сегіз. Олардың бір бөлігі таза педагогтік болып табылмайды. Мысалы, «өндіріс күштері», «жұмыскер», «мамандық» - экономика және өндірісті ұйымдастыру саласынан, «жеке потенциал» – социология саласынан. Барлық сегіз түсінік шекаралас, яғни ғылымдар шектеуінде туындап, бірнеше ғылым саласында бірден қолданылады.

Өндіріс күштері дегеніміз, еңбек субъектісі (адам) және еңбек нысандары (еңбектің құрал-жабдықтары мен заттары) кіретін өндірістің қоғамдық тәсілінің құрама бөлігі.
Бұл түсініктен туындайтыны, кәсіби мектептерде, колледждарда, оқу өндірістік комбинаттарында (ОӨК) және кейбір мектептерде оқушылар шартты түрде айтқанда, өндіріс күші болуға дайындалады. Осы әрбір адамға тән болып табылатын қоғамдық функцияны орындау үшін, олар жеткілікті дәрежеде дамып, кәсіби дайын болуы қажет. Адам өндіріс күштерінің басты элементі болып табылады. Ол материалдық жетістіктер немесе интеллектуалды қызмет өнімдерін жасау бойынша өнімді еңбек етеді.
Жұмыскер – ол өндіріске (мемлекеттік немесе жеке меншік) жалданып, өнімді еңбек етіп және сол еңбегінің ақысына өмір сүретін адам.
Жұмысшы – ол бастауыш немесе орта білімі бар қара жұмыс жұмыскері.

Қызметкер – ол интеллектуалды қызметке негізделген, қызмет көрсету еңбегінің жұмыскері.

Жұмыскер, жұмысшы және қызметкер еңбектің субъектісі болып табылады және өндіріс күшін білдіреді. Оларды дайындау оқыту-тәрбие мекемелеріне, өнеркәсіптердің техникалық оқыту бөлімдеріне, оқу-өндірістік комбинаттарына және кей жағдайларда өндірістік оқыту, алдыңғы кәсіптік және бастапқы кәсіптік дайындыққа оқыту енгізілген мектептерге жүктелген. Оқу кезінде болашақ жұмысшылар мен қызметкерлер елдің еңбек ресурстарын білдіреді.

Еңбек ресурстары – ол тұрғындардың қажетті дәрежеде физикалық және ойлау қабілетіне ие, еңбекке жарамды, алайда еңбекке әлі араласқан бөлігі.
Жұмыскерлерді, оның ішінде жұмысшылар мен қызметкерлерді мамандығы бойынша бөлу, еңбектің бөлінуі негізінде жүргізіледі. Бұл бөліну, қандай да бір жұмысты орындау үшін арнайы дайындықты жоспарлайды. Жұмыскер болу үшін қандай-да бір мамандықты игеру қажет.

Кәсіп – ол арнайы дайындық пен күн көріс ретінде пайдаланылатын және арнайы дайындықты талап ететін еңбек қызметінің түрі.
Мамандық – ол белгілі бір кәсіп шеңберіндегі еңбек қызметінің түрі.

Жұмыскердің жеке потенциалы – ол белгілі бір кәсіп (мамандық) бойынша еңбек қызметін табысты жетілдірілуін анықтайтын, жалпы және кәсіби дамуының дәрежесі.
Жеке (еңбек) потенциал өзіне келесі түсініктерден тұрады:

психофизиологиялық потенциал – еңбек функцияларын табысты орындауды қамтамасыз ететін дене құрылымының дамуының, денсаулық жағдайының, жұмысқа қабілеттілігінің, шыдамдылығының, деңгейі-

біліктілік потенциалы – нақты бір кәсіби қызметті орындау қабілетін белгілейтін, жалпы және арнайы білімдердің жүйесі-
леуметтік – педагогикалық потенциал – еңбек өнімділігін жоғарлатуға әсерін тигізетін азаматтық түсініктің деңгейі, еңбекке және кәсіпке қарым-қатынасының, қызығушылығының, мәдениетінің деңгейі.

Жеке потенциалдың болашақ жұмыскердің кәсіби бағытының болашақ дамуына бағыт беретінін ескерейік. Сонымен қатар, ол дегеніміз жас адамның дамуының бөлігі ғана, өйткені оның өмірі кәсіби қызметпен ғана шектелмейді.

Жұмыскердің жеке потенциалының дамуы кәсіби тәрбие, кәсіби білім беру, кәсіби оқыту арқылы қол жеткізіледі. Осы үш түсінік алдында оқытылған – тәрбиеге, білім беруге, оқытуға жатады. Оның ерекшелігі болашақ маманның еңбек потенциалы ретіндегі жеке потенциал дамуына бағытталған ерекшеліктен тұрады.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіби өздік білім алу, кәсіби өздік оқу сияқты түсініктерді пайдалану да заңды. Олар да бұрын оқып өткен - өзін-өзі тәрбиелеу, өздік білім алу, өздік оқуға кіреді. Олардың ерекшелігі – жұмыскер жеке потенциалының даму бағытын өзінің жеке құралдарымен бағыттауда.

Бұл жеке потенциалдың дамуына бағытталған кәсіби тәрбие, білім беру, оқу бірлестігінде атқарылатын күрделі кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу, өздік білім алу, өздік оқу жұмыскердің кәсіби қалыптасуы деп аталады.

Маманның кәсіби қалыптасу барысында оның кәсіби шеберлігінің өсуі жүреді.

Кәсіби шеберлік – тұлғаның кәсіптік білімін, дағдысын, шеберлігін, шығармашылық қызмет элементтерінің жоғары деңгейін көрсететін және тәжірибе процесінде алатын қасиеті. Шеберліктің даму деңгейіне байланысты жұмысшылардың біліктілігі ерекшеленеді.

Кәсіби біліктілік – ол қандай-да бір белгілі еңбек сапасы және белгілі бір күрделі орындалуына жұмыскердің кәсіби дайындық деңгейі.
Жұмысшы мамандықтарында біліктілік разрядпен белгіленеді. Олар алтыдан артық, алайда, әдетте 6 разрядтық топтама қолданылады. Кәсіби мектептерден көбінесе 3-4 разрядты жұмысшылар шығады. Жұмысшының разрядына байланысты біліктілік төменгі, орташа, жоғарғы және ең жоғарғы болып бөлінеді. Жұмысшщының жоғарғы және ең жоғарғы біліктілігі жұмысшының кәсіптілігін сипаттайды. Кәсіптілік – ол тек қана кәсіпті (мамандықты) шебер игеру ғана емес, онымен қоса жоғары азаматтық жетілу, жауапкершілік және кәсіби жауапкершілік сезімінің болуы.

Сонымен, сіздер кәсіби оқыту педагогы және технология мұғалімі жасөспірімдер мен жастардың жалпы дамуымен ғана айналыспай, бәрінен бұрын олардың кәсіби дамуымен айналысатындығына көз жеткіздіңіздер. Ал, бұл дегеніміз экономика, өндіріс, қоғам және оқушылардың өздерінің алдарындағы жауапкершілік. Кәсіби дайындықтың нәтижелері еңбек өнімділігінде, кәсіпке қарым-қатынасында, қызметтегі шығармашылық компоненттің болуында байқалады. Нәтижесінде жұмыскердің жаңа бәсекеге қабілетті түрі қалыптасады. Бәсекегеқабілетті жұмыскер – ол еңбек нарығында және жұмыс күшінде өзінің шебер қолдарын, ақылын және тәрбиелі рухын ұсына алушы, яғни өзінің сипатын өзінің және отбасының жетістігін қамтамасыз ететін тауар ретінде лайықты бағаға ұсынады. Бәсекеге қабылетті жұмыскер – ол бүгінгі күні мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар (мекемелер) нақты қажетсінетін тұлға, олар нақты сұранымға ие өнімдерді өндіре алады, керісінше жағдайда жұмыскер оп-оңай жұмыссыз болып шығады.

Жұмыссыз – еңбекпен қамтамасыз ету қызметінде (еңбек биржасында) жұмыс іздеуші ретінде келесі жағдайларда тіркелген: өзінің кәсіби білім, дағды және шеберлігіне жауап беретін жұмыстың жоқтығы- тиісті кәсіби дайындықтың болмауынан сәйкес жұмыс таңдауға мүмкіндіктің болмауы, бұрынғы мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға қабілетін жоғалтуы- болған кәсіптер (мамандықтар) бойынша біліктілігін жоғарылату қажеттілігі.
Көріп отырғанымыздай кәсіби оқыту педагогына негізгі білімдердің қажеттілігімен қоса қосымша кәсіби маңызды түсініктер де қажет.

Категория: Әр түрлі | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: негіздерін, білім, кәсіптік, жүйесі, қалыптастыру
Просмотров: 817 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar