Әлеуметтік орта - Әр түрлі - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Әр түрлі

Әлеуметтік орта
[ Скачать с сервера (67.5Kb) ] 02.09.2014, 10:50

Тəрбие құралы – əлеуметтік орта

Жоспары

1. Отбасы – педагогикалық қатынас субъекті

2. Мектеп ұжымы

3. Балалар жəне жасөспірімдер бірлестіктері

 

1. Отбасы – педагогикалық қатынас субъекті

Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тəрбие мекемелері, балалар жəне жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары – бұлардың бəрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше «тəрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тəрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткіншектер ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, əрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таңдайды, соның ықпал тəуелділігінде болады.

Осыдан тəрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара қатынастарымен бірлікте қарастырылады.

Бала үшін отбасы – ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі. Осыдан отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дəстүрлер, ұстанымдар, əрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды.

Отбасы белгілі қызметтерді атқарады:

- қайта өндіру (репродуктивті) –ұрпақ келтіру (тек жалғастыру тума əрекеті, перзентті болу, оларды өсіру жəне тəрбиелеу қажеттігі);

- шаруашылық- экономикалық, (ортақ шаруашылық жəне қаржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық жəне оларды материалды қамсыздандыру);

- тəрбиелеу (отбасы, оның əрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасап баруы; өмірлік тəжірибе, инабаттылық тəртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу);

- қарым-қатынас құру (коммуникативті – отбасы ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен, əлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру);

- қайта қалыпқа келу (рекреативті – бос уақыттарындағы демалыс іс-əрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету).

Отбасы тəрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, əлеуметтік –мəдени салт-дəстүрлеріне жəне ол енген қауымдастыққа тəн талап-тəртіп ұстанымдарына байланысты.

Тұлғаның əлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал; отбасыдағы қарым-қатынастың туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тəжірибе өткізуге бағытталған əрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы жəне ықпалы. Өз балаларының ерекшеліктерін, қызығулары мен қажеттерін ескеруде ата-аналар мүмкіндіктері орасан.

Отбасылардың өздеріне тəн ерекшеліктеріне орай топтасуы төмендегідей:

Құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлері): үш əулетті отбасылар – ата-аналар, балалар, немерелер; екі əулетті отбасы- ата-аналар жəне балалар; бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз жəне т.б. отбасылар; отбасы тұрмысы жəне даму жағдайларына байланысты (жарасымды жəне қисыны кеткен жанұялар); отбасылық тəрбие стиліне орай (əкімшіл, адамгершілікті, либералды).

Əкімшіл (авторитарлы) отбасы – бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.

Адамгершілікті қатынас түрі (стилі) ата-аналардың бала тұлғасына болған сыйластық, құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін қабылдауымен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен еленеді. Мұндай отбасылар балалар датына құлақ түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, оның шығармашыл ынтасының дамуына көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы сезінеді, əрдайым табысты əрекет қуанышына бөленіп, оны ата-анасымен бөліседі, олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нəзік сырларын ортаға салып, проблемаларымен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз қадір мəртебесін сезінеді.

Либералды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. Балалар ата-аналарының əсіре сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді немесе олардың түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екіжүзділікке, менмендікке, тəртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді.

Өз перзентіне шынайы қамқорлық пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті (демократтық) стильді қолдана отырып, орынды жерінде əкімшіл не либералды тəрбие элементтерін қолдануды да ұмытпайды.

Отбасында тиімді тəрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан:

- баланы бар қалпында сүю, құрметтеу қажет;

- балаға əсер ететіні құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыққандығы мəнді;

- баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сəйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау-дамай туындамайды да ең қонымды тəрбие əдісін таңдап, қолдануға болады;

- баланың не айтқысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;

- жазаны істеген келеңсіз əрекеті үшін қолдануға үйренген жөн, баланы намысына тиіп, қорламаңыз (ешуақытта бала жаман емес, оның қылығы жаман);

- бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен əңгімелесіп, əрекетінің себебін анықтап, кейін шешім қабылдаған жөн: жұрт алдында өз беделіңді жоғалтамын деп шошынудың қажеті шамалы, өз балаңның сенімінен айырылып қалмаған дұрыстау;

- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал;

- өз балаңызға қанша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мəн беріп көріңіз, содан қорытынды шығарыңыз. Бала ата-анасына түгелдей тəуелді;

- бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді. Ата-анасының өз өміріне шын ықыласпен араласқанын ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата-анасын сүйеді;

- баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып тұрған жөн, себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды;

- баланы қиындықтар құрсауында жападан жалғыз қалдыруға болмайды.

Отбасы тəрбиесінде қолданылатын басты əдістер – бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек, іс-əрекет, əңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау. «Мендей бол!», «Мендей істе!» ұранымен тəрбиелей отырып, ата-аналар өз өнегесімен қалай жасау, еңбектену қажеттігін үйретіп, сыйластық- сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасыда ешкім «мен енді сені тəрбиелемеймін» - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің бəрі: - баланы қалыптастыруда өз үлесін қосып барады. Балаға болған қатынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да тəрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ –тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік əдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек.

 

2. Мектеп ұжымы

Көп авторлардың пікірінше, тұлғаның дамуы мен қалыптасуы тек ұжымдық тəрбие жүйесінде іске асуы мүмкін. Осы жағдайда ғана ұжым дұрыс əрекеттегі өзіндік басқарым органына, тұлғалық арақатынастағы ұжымшылдыққа жəне өзара жауапкершілікке ие болады. Бұл өз кезегінде жан-жақты дамуға, еркіндікке, қорғанысты болуға, сонымен бірге əр тұлғаның мəртебесін көтеруге жол ашады.

Педагогикалық əдебиеттерде келесідей белгілерге ие болған əрқандай тəрбиеленушілер бірлестігі – ұжым деп аталады:

- ортақ əлеуметтік мəнді мақсатқа ие. Қалаған топтың мақсаты бар: дүкен кезегінде тұрған не автобус күтіп тұрған адамдардың да , қылмыскерлердің де. Əңгіме, ол мақсаттың мағынасында, неге бағдарлануында. Ал ұжым мақсаты əлеуметтік мақсаттармен ұштасады, оны қоғам да, мемлекет те қолдап, қуаттайды.

- іс-əрекет – ортақ мақсатты іске асыруға бағытталады.: ол бірлікті ұйымдастырылып, ұжым мүшелерінің іс-əрекет нəтижесіне болған ерекше жауапкершілігін танытады.

- жауапкерлі тəуелділік қатынасында болуы. Ұжым мүшелері арасында мақсат не іс-əрекет бірлігі ғана емес, сонымен бірге оларға байланысты ерекше бірін-бірі қажетсіну қатынастары жүйесі қалыптасады.

- Сайлаумен тағайындалатын ортақ басшы орган. Ұжымдарды басқару органдары ұжымның аса беделді мүшелерін тікелей жəне ашық сайлау жолымен қалыпқа келтіріледі.

Сонымен, мектеп ұжымы – бұл əлеуметтік мəнді мақсатпен, іс-əрекетпен, сол іс-əрекетті ұйымдастыру бағытымен бірлескен, ортақ сайлану органымен, ынтымағымен, ортақ жауапкершілігімен, теңдей құқық пен міндеттерге ие бола тұрып, өзара тəуелділігін тани білген барша тəрбиеленушілер тобынан құралады.

Тұлға əлеуметтенуінде мектеп ұжымының ықпалы өте күшті. Себебі, бұл ұжым өз ішіне біртұтас жалпы мектептік ұжымды, сыныптар, үйірмелер, спорттық бөлімдер, уақытша ұжымдық бірлестіктер құрылымдарын қамтиды. Тəрбиеленушілер өз алдына ұжым есептелетін оқу, еңбек, қоғамдық, көркем өнер – шығармашылық, клубтық, спорттық жəне өзге де бірлестіктердің мүшелері болуы ықтимал.

Тəрбиеленушілер тобының аса мəнді сапасы- əлеуметтік-психологиялық кемелі. Себебі, осындай кемел деңгейі ғана топты түбегейлі жаңа əлеуметтік құрылым – топ-ұжым дəрежесіне жетілдіреді.

Ұжым қалыптасуының төменгі деңгейі бұл топ- конгломерат («қырық рулы- тобыр»), бұрын бірін-бірі танымаған, бір кеңістікте , бір уақытта қандай да себептермен кездесіп, топтасып қалған балалар бірігімі (балалар лагерлері, əрқилы денсаулық сақтау жəне т.б. топтар). Бұл топтағылардың ара-қатынастары үстірт, жағдайға байланысты. Мұндай топ бірте-бірте өз атамасына ие болып, ортақ мақсат төңірегінде бірлесе бастауы да мүмкін.

Егер осындай бірлесу жүріп,ортақ іс-əрекет белгіленсе, конгломераттар бір саты көтеріліп – одақтасқан (ассоциативті) топқа айналуы мүмкін. Осы деңгейде топтың ортақ өмірлік тіршілігі, іс-əрекеті өрбіп, ұжым құрылымына тəн бастау алуы мүмкін.

Рəсми алғашқы топ аймағындағы бірлікті іс-əрекет одақтасқан (ассоциативті) топқа жоғары деңгейлі құрылымға, ең бастысы тұлға аралық қатынастарға жаңа өң беретін еңбектік мақсат төңірегінде ұжымдасқан топ- кооперацияларға есік ашады.

Еңбек тобы- кооперация нақты жəне ұжымдаса əрекетке келуші құрылымға ие, жоғары қызметтестік қатынасқа бейім топ дəрежесіне көтеріледі, оның тұлғааралық қатынастары іскерлік сипатқа ие болып, жоғары нəтижелер көзіне айналады. Бұл кооперация тобының келесі жоғары деңгейдегі дербестенген – автономиялы тобына айналуына мүмкіндік береді.

Дербестенген автономиялы топ жоғары ынтымағымен ерекшеленеді. Дəл осы деңгейде топ балалары өздерінің ұжым мүшелігін сезінеді. Осы жағдайда ғана ұжымның əрбір мүшесі өзінің даралығын сезіне отырып, іштей бірлік жəне ынтымаққа келіп, аса жоғары деңгейге жетуге ұмтылыс білдіреді.

Дегенмен, кейде дербестікке ие болған топ, еңбек бірлестігі – ұжымнан бөлініп, өз бетінше кетуге де ынта білдіруі мүмкін. Мұндай жағдай топтың тұйықтыққа беріліп, басқа топтардан ажыралып, оларды өзіне қарсы қоюынан да болуы мүмкін. Осыдан топ жалған ұжым сипатына енуі күтіледі.

Керісінше, егер бірлестік тұлғааралық қарым-қатынас пен өзара əрекетке келетін болса, онда ұжымдасқан бағыт-бағдар қалыптасып, топ кəдімгідей бір мақсатты, ортақ іс-əрекет төңірегінде біріккен ұжымға айналады.

Ұжымдар өндірістік, саяси, мектептік, отбасылық, көркем өнер бірлестіктері болып ажыралады. Мектеп ұжымы күрделі сипатқа ие болуымен, өз ішіне оқушылар ұжымын жəне мұғалімдер ұжымын қамтиды.

Оқушылар ұжымында келесі бірлестіктер болуы мүмкін:

- бастапқы (не өзара байланысты) ұжым- ұзақты қарым-қатынасқа түскен бір сыныптағы оқушылар (сынып);

- жалпы мектептік ұжым – ол сынып бірлестіктерінен құралады.

Кейбір оқу-тəрбие жұмыстарды орындау үшін ұзақты не қысқа мерзімді, уақытша ұжымдар түзіледі: үйірмелер, спорт секциялары жəне т.б.

Соңғы кездері əлеумет танушылар ұжым ішінде шағын топтарды бөліп қарастыруды жөн көруде. Шағын топ қатысушыларының өзара жақындығы əлеуметтік мəнді мақсаттардан болмай, олардың арасындағы жеке сыйластық пен кішігірім топтық қызығуларға негізделеді.

Мектеп ұжымының даму процесі кездейсоқ емес, ол педагогикалық басқарымды. Ұжымды педагогикалық басқару тұрғысынан келесі ережелерді ескеру қажет:

- педагогикалық басшылық тəрбиеленушілердің өз бойына тəн дербестік пен еркіндікке болған ұмтылысына негізделуі шарт;

- педагогикалық басшылық жүйелі түрде ауысып барғаны дұрыс, себебі, ұжым- қозғалысты, үздіксіз дамудағы құбылыс;

- барша тəрбиелік ықпалдар: отбасы, қоршаған орта, сынып мұғалімдері -өзара сəйкестендіріле, бірлікті іске асырылуы тиіс;

- ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын бақылау, қадағалау жəне реттеу демократиялық басшылық шеңберінде іске асуы міндетті;

- тапсырмалар бөлістіруде олардың ұжымға ғана қажеттігін ескеріп қоймай, тəрбиеленушілер қызығуларына сəйкестігін де ойластырған жөн;

Ұжым ынтымақтастығын болдырудың келесідей жолдарын пайдалану қажет:

- бірлікті іс-əрекет. Оқушылар əрқилы іс-əрекеттермен айналысады: оқу, қоғамдық пайдалы жұмыс, еңбек, ойын, көркем өнер, эстетикалық, спорт, туризм жəне т.б.

Мектеп субъекттерін алдымен біріктіретін оқу істері, себебі олар бір бағдарлама негізінде орындалады, оқуды жүргізетіндер де бір мұғалімдер тобы, үйренетін əлеуметтік тəжірибелері де, əртүрлі себептермен болатын толғаныс, күйзелістері де ортақ. Ұжым басын қосуға себепкер - дұрыс педагогикалық басшылықпен ұйымдастырылған еңбек жəне ойын əрекеттері. Ойын арқылы тəрбиеленушілер қоршаған болмысты таниды, ойынды ойластыратын да өздері;

- ұжым салт-дəстүрлері;

- ұжым қызметтерінің мазмұны жəне жүрісі;

- тəрбиеленушілердің ұжымда не болып жатқанынан хабардар болуы, осыдан балалардың ортақ толғанысы туындайды;

- салыстыру, жариялылық, жəрдем, ұнамды баға принциптеріне сəйкес өткізілетін жарыс, бəсекелер;

- ұжым кейпі мен эстетикасы;

- өзіндік басқарымның ұйымдастырылуы.

Өзіндік басқарым – бұл ұжым тіршілігінің өкілетті тұлғалар тарапынан реттеліп баруы.

Өзіндік басқару органдары жəне олардың саны нақты жұмыстарға байланысты белгіленеді. Олар тұрақты (сынып кеңесі, оқушылар комитеті, староста) жəне уақытша (штабтар, комиссиялар, жұмыс бабындағы кеңестер) болуы мүмкін.

Мектептегі өзіндік басқарудың ең жоғары органы – жалпы мектеп ұжымының не оның өкілдерінің жиналысы. Жиналыс шешімдері өкілетті мүшелерге берілген құқықтар деңгейінде қабылданады.

Мектептегі өзіндік басқарудың орындалу шарттары төмендегідей:

- басқару органдары мен сайланған өкілетті тұлғалардың ретімен ауысып баруы;

- сатылы жауапкершілік жүйесінің болуы;

- уақытымен берілетін есеп;

- басқару істеріне ойын элементтерін қосып бару.

Категория: Әр түрлі | Добавил: Jahcepik | Теги: орта, әлеуметтік
Просмотров: 568 | Загрузок: 305 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar