Ынтымақтастық технологиясы - Әр түрлі - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Әр түрлі

Ынтымақтастық технологиясы
[ Скачать с сервера (31.5Kb) ] 03.04.2015, 10:19
Ынтымақтастық технологиясы – оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым – қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуы, бірлік одақта қызмет етуі, мұғалімнің оқушыға басымдылық көрсетпеуі. Мақсат, талап ету педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына өту; оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиелеуді ұштастыру.
Ынтымақтастық – бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс - әрекет. Оған керекті жағдайлар:
• мақсаттың бір екенін анық сезіну;
• ынтымақтасушы жақтардың қызметін дәл белгілеу;
• мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың т.б педагогикалық үрдіске қатысушылардың бір – біріне көмек беруі.
Ынтымақтастық технологиясының негізгі идеялары:
• оқушылардың шығармашылық, атқарушылық қабілетін дамыту;
• оқушылардың өзін - өзі құрметтеуі;
• оқушыларды құрметтеу.
Ынтымақтастықта оқыту, шағын топтарда оқыту Батыс Германияда, Нидерландыда, Ұлыбританияда, Австралияда, Израильде, Жапонияда кеңінен пайдаланылады. Бұл технологияның негізгі идеясы – әр түрлі оқыту жағдайларындағы оқушылардың белсенді бірлескен оқу қызметіне жағдай жасау. Оқушылар әр түрлі болады – біреулері мұғалімнің айтқандарын бірден «қағып алады», өздері кез келген сұраққа дайын; енді біреулері үшін материалды түсінуге уақыт қана емес, қосымша мысалдар, түсіндірулер қажет. Мұндай балалар әдетте бүкіл сынып алдында сұрақ қоюға ұялады, ал кейде өздерінің нақты ештеңе түсінбейтінін, сұрақты дұрыс қоя білмейтінін сезінбейді. Егер мұндай жағдайда балаларды шағын топтарға (3 – 5 адамнан) біріктіріп, оларға ортақ бір тапсырма беріп, топтағы әрбір оқушының осы тапсырманы орындауға рөлін түсіндірсе, онда әркім өз жұмысының нәтижесі үшін ғана емес (көбінесе оларды енжар қылдыратын), бүкіл топтың нәтижесі үшін жауап береді. Мұның үлкен мәні бар. Сондықтан нашар оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан мәселенің мәнісін түсінуге тырысады, ал жақсы оқитындар топтың бардық мүшелерінің, бірінші кезекте, нашар оқитын оқушының материалды меңгеруге мүдделі болады. Сөйтіп, бірлесе күш жұмсаудың арқасында әрбір оқушы материалды өзіне лайықты деңгейде меңгереді. Бұл – ынтымақтастықта оқытудағы ортақ идея.
Тәжірибе бірге оқудың оңай да қызықты екендігін ғана емес, оның әлдеқайда тиімді болатындығын да көрсетіп отыр және оның тиімділігі оқушылардың академиялық үлгерімдерінен, олардың интеллектуалдық дамуына ғана емес, рухани, адамгершілік тұрғысынан жетілуінен көрінеді. Бір – біріне көмектесу, кез келген проблеманы бірлесіп шешу, табыстың қуанышын немесе сәтсіздіктің өкінішін бірге бөлісу – күлу, ән салу, өмірге шаттану сияқты табиғи құбылыстар.
Ынтымақтастықта оқытудың басты идеясы – бірге оқу.
Ынтымақтастықта оқытудың көптеген әр түрлі нұсқалары бар. Мұғалім өзінің іс - әрекеті арқылы бұл нұсқаларды шығармашылықпен түрлендіре алады. Бірақ ол ынтымақтастықта оқытудың мынандай негізгі принциптерін қатаң сақтауы керек:
• Мұғалім оқушылар тобын сабаққа дейін, психологиялық үйлесімділікті сақтай отырып құрады. Бұл ретте әрбір топтан, мықты, орташа және нашар оқитын оқушы (егер топ 3 оқушыдан тұратын болса), қыз бен ер бала болу керек. Егер топ бірнеше сабақ бойы ұйымшылдықпен ынтымақты жұмыс істесе, олардың құрамын ауыстырудың қажеті жоқ (бұл базалық топтар деп аталады). Егер жұмыс қандайда бір себеппен өнбейтін болса, онда топтың құрамын ауыстырып көрген жөн;
• Топқа бір тапсырма беріледі, бірақ оны орындау кезінде оған қатысушылардың арасында рөлдерді бөлісу көзделеді (әдетте, рөлдерде оқушылардың өздері бөліседі, кейбір жағдайда мұғалімнің ұсыныс жасауы мүмкін);
• Бір оқушының ғана емес, бүкіл топтың жұмысына баға беріледі (яғни бүкіл топқа бір баға қойылады): бұл жерде оқушылардың біліміне ғана емес, олардың бірлескен күш – жігеріне баға қойылатынын ескеру керек (әркімнің өз деңгейі бар).
• Мұғалім тапсырмаға жауап беруге тиісті топтың оқушысын өзі таңдайды. Кейбір жағдайларда бұл нашар оқушы болуы мүмкін. Егер осы әлсіз оқушы топтың бірлескен жұмысының нәтижелерін жан – жақты дәлелдеп, басқа топтардың сұрақтарына дәйекті жауап бере алса, онда мақсаттың орындалғаны.
Ынтымақтастықта оқыту топтағы әрбір оқушының өзіне тиесілі деңгейде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, осындай бірлескен іс - әрекеттің арқасында оқушылардың барлығы да дербес рөлге ие болып, жеке жұмыс бөлігін алып, жоба қызметіне белсене қатыса алады. Әркімнің жеке қосқан үлесінен бүкіл жобаның табысы құралады. Бұл оқушыларды белсенді танымдық іс - әрекетке, білім негіздерін терең меңгеруге және жаңа ақпарат көздерін іздестіруге талпындырады. Жобалардың ынтымақтастықта оқытудың әдістерін пайдалана білу – оқытушының жоғарғы біліктілігінің, оның прогресшіл оқыту әдістімісінің көрсеткіші.
Категория: Әр түрлі | Добавил: Самал | Теги: Алдабергеновна, Самал, Кенжебаева
Просмотров: 1008 | Загрузок: 156 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar