Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар
[ · Скачать удаленно (34.0Kb) ] 06.11.2012, 19:07
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар
Жоспар

1 «Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы.
2 Ұлт-азаттық қозғалыстардың туу себептері.
3 Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың даму кезеңдері, ерекшеліктері.
3.1 Пайдаланылған әдебиет

«Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы.
1820 жылдағы цин империясы

XVIII— XIX ғасырларда қазақ халқы сырттан төнген экспансияға қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Қазақ қоғамы XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығымен, оның артын ала Цинь империясымен, Орталық Азия хандықтарымен өз еркіндігі үшін тынымсыз күрес жүргізіп, ең соңында Ресей империясымен бетпе-бет келді. Мешеу көшпелі мал шаруашылығына сүйенген және өз ішіндегі феодалдық алауыздықты жеңе алмаған Жоңғар хандығы жеңіліске ұшырап, жері Цинь патшалығына қарады. Шамамен осындай дөрежедегі қазақ елін Ресей империясы өзіне қосып алды. Сөйтіп, екі-үш ғасыр бойы Орталық Азиядағы елеулі күш ретінде танылған қазақ және жоңғар мемлекеттері көрші қуатты империялардың тегеурінді ілгері жылжуын тоқтата аларлықтай қарсылық көрсете алмады.

Ұлт-азаттық қозғалыс — отар елдерге тән тарихи құбылыс. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты — ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс — отар халықтардың отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі.

Оның басты мақсаты — ұлтты өзге мемлекеттің экономикалық, саяси және басқа езгісінен азат ету, елдің табиғи ұлттық мүддесін қорғауға қабілетті мемлекеттілігін қалпына келтіру. Отаршыл жүйені жою және отарсыздандыру шараларын іске асыру арқылы шынайы дербестікке қол жеткізу. Яғни, ұлт-азаттық қозғалыс дегеніміз — отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат-жұрттық езгіге қарсы жалпыұлттық күресі.

XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық жолындағы күресі — Отан қорғау мақсатын көздеді. Елдің бір бөлігі жау қолында қалған жағдайда оны азат ету ісі жалпыұлттық міндетке айналды. Отан соғысы мен ұлт-азаттық қозғалыстың мақсаты ортақ — елдің мемлекеттік тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сыртқы қауіптен қорғау. Сондықтан бұл ұғымдар бір-біріне жақын, мазмұны жағынан өзара астасып жатыр. Дегенмен ұлт-азаттық қозғалыстың мазмұны тереңірек. Ұлт-азаттық күрес қоғам өмірінің барлық салаларымен байланыста дамиды. Мұндай байланыстылық тек саясат пен экономикадан ғана байқалып қана қоймай, қоғамның мәдени-рухани жағын да қамтиды. Ұлт-азаттық қозғалыс — бұл ұлттық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни, рухани қайшылықтардың түйіні. Демек, ұлт-азаттық қозғалыстар туралы жан-жақты шынайы тарихи контексте оқып-үйренуіміз қажет.

Қазақ халқының төл тарихы революцияға дейін де, кеңестік дәуірде де отаршыл саясат, таптық идеология, еуроцентристік қағидалар тұрғысынан зерттелді. Отаршылдық дәуірде ұлт-азаттық күрестерге «бүлік» деген айдар тағылды. Ал оған қатысушылар «бүлікшілдер», «тонаушылар» аталды. Ресейдің империялық пиғылдарына қарсы, жалпы адамзаттың өркениет көшінде өз этносын сақтап қалу жолындағы халықтың азапты күресі жоққа шығарылды. Осылайша ұлт-азаттық қозғалыстардың толыққанды шынайы тарихына қатысты талай шындықтар бұрмаланды.
Ұлт-азаттық қозғалыстардың туу себептері.
Абылай хан

Аса қиын сыртқы саяси жағдайлар Әбілқайыр мен Әбілмәмбетке, Абылай ханға Ресейдің қол астына кіруге мәжбүр етті. Солай бола тұрса да, Ресейдің Кіші жүз бен Орта жүзді өзіне қосып алуы күрделі де қайшылықты жүрді. Мысалы, Кіші жүздің ханы Әбілқайырды Орта жүздің белгілі сұлтандарының бірі Барақтың өлтіруі қазақ қоғамындағы дағдарысты аңғартады. Ал Абылай ханның қайтыс болуы Орта жүз бен Ұлы жүз аумағында да саяси дағдарыс туғызып, хандық биліктің әлсіреуіне әкелді. Патша үкіметі бұдан былай қазақ хандарының іс-әрекетіне бақылау жасап, хан тағына қабілетті, беделді үміткерлерді жібермеуге күш салды. Керісінше, Ресей бағытын жақтаушы хандарды тағайындап, қазақ қоғамын жікке бөлуді одан әрі жалғастырды. Сондықтан отаршылдықка қарсы күрестің бастапқы кезеңіндегі көтерілістерге Ресей бағытына қарсы рубасылары, билер, батырлар басшылық етті.

Ресей империясының XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформалары қазақ мемлекеттілігін түпкілікті жоюды көздеді. Бұл өз кезегінде Қазақ жерінің тұтастығын көздеген сұлтандар Саржан және Кенесары Қасымұлы бастаған кең аукымды ұлт-азаттық қозғалыстарды тудырды.
Кенесары Қасымұлы

Ал XIX ғасырдың ортасы мен екінші жартысы қазақ жерлерінің Ресейге қосылуының аяқталу кезеңі болып есептеледі. Қазақстанның Ресейге түпкілікті қосылу дәуіріндегі ұлт-азаттық қозғалыстарға К.Қасымұлы, Ж.Нұрмұхамедұлы, Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістерді жатқызуға болады. Отаршыл Ресей үкіметінің әр түрлі әкімшілік-саяси шаралары қазақ көшпелі қоғамының дәстүрлі құрылымын бұзды. Мұның өзі оның қоғамдық өмірінде үнемі дағдарыстық құбылыстар туғызып отырды. Бұл фактор өз кезегінде мақсат-мүдделері мен табиғи құқығы аяқ асты болғандардың табанды қарсылығын тудырды. Қоғам дамуындағы тепе-теңдіктің бұзылуы сол қоғамның барлық әлеуметтік элементтерін азаттық күрес аясына тоғыстырды.

XVIII—XIX ғасырлардағы қазақтардың тәуелсіздік үшін күресі орыс отаршылдығы өзімен бірге ала келген қоғамдық өзгерістерге қарсы күрес ретінде көрінді. Ал, шын мәнінде, бұл қазақ халқының ұлт-азаттық күресі, сонымен бірге екі өркениеттің, екі этностық жүйенің арасындағы қақтығыс еді. Ұлт-азаттық қозғалыстардың барысында отаршылдық үкімет жойып жіберген хандық билікті қалпына келтіру әрекеті байқалды. Көтерілісшілер өзінің ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілік белгілерін қайта жаңғыртты.
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың даму кезеңдері, ерекшеліктері.

Қазақ халқының Ресей отаршылдығына қарсы тәуелсіздік жолындағы күресі ұзаққа созылып, XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 80-жылдарын қамтыды.
Сырым Датұлы

Халық бұқарасының алғашқы әрі тегеурінді әрекеттерінің бірі — Сырым Датұлының қолбасшылығымен болған қозғалыс. Кіші жүз қазақтарының көтерілуіне патша өкіметінің қазақтардың «ішкі жаққа», Жайық сыртына өтуіне тыйым салуы, қазақ билеушілерінің бір бөлігінің құқықтарымен санаспауы негізгі себеп болған еді. Ресейдегі шаруалар көтерілісінің көптеген қолбасшылары сияқты Сырым батырға да «жақсы ханға» деген сенім тән еді. Сырым билердің қазақ қоғамындағы рөлін көтеру мақсатын көздеді. Сонымен қатар хандық билікті келтіруге де өз келісімін берді. Дегенмен қозғалыстың отаршылдыққа және хандар зорлығына қарсылық сипаты соңғы кезеңге дейін сақталды.
Махамбет – Исатай ескерткіші

1836—1838 жылдардағы старшын Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс халық бұқарасының отаршыл билікке, сондай-ақ сол билікке сүйенген Жәңгір хан бастаған феодалдар тобына қарсы ашу-ызасының сыртқа шығуы еді. Бұл ретте Исатай Тайманұлы бастаған қозғалыс қазақ топырағындағы ашық әлеуметтік-таптық сипат алған алғашқы қоғамдық қарсылық болды.
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ұлт-азаттық, қозғалыстар, Қазақстандағы
Просмотров: 2186 | Загрузок: 248 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar