Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс
[ · Скачать удаленно (20.9Kb) ] 06.11.2012, 19:08
Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1837) — әлеуметтік-әділетсіздік пен патша өюметінің езгісіне, отарлаушылық саясатына қарсы қазақ шаруаларының көтерілісі. Оған Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылық етті. Көтеріліс өз дамуында үш кезеңнен өтті:

1. Көтерілісшілер қозғалысының басталуы мен күшеюі, дала шонжарларының қоражайының талқандалуы;
2. Жазалаушы отрядтармен қарулы күрес, хандық территориясында көтерілісшілердің жеңіліске ұшырауы;
3. Көтерілісшілер ұйтқысының Жайықтың сол жағалауына өтуі, жаңа қол жинап, соңғы рет бас көтеруі.

Жоспар
1 Көтеріліс алғышарттары
2 Көтеріліс алғышарттары
3 Көтерілістің бірінші кезеңі
4 Көтерілістің екінші кезеңі
5 Көтерілістің ерекшеліктері
6 Пайдаланған әдебиттер

Көтеріліс алғышарттары

Көтеріліс Орданың барлық халқының үштен бірінен астамы көшіп-қонып жүретін оңтүстік белігінде басталып өрістеді. Мұндағы жер жағдайы көшпелі шаруашылықты жүргізуге өте қолайлы еді. Дәулетті руластары мен байлардың шаруашылығынан немесе осы жердегі балық кәсіпшіліктерінен немесе орыс помещиктері мен өнеркәсіп иелерінің жеке меншік иелерінен жұмыс табуға дәмеленген, жері жоқ, малы аз адамдар — бәрі осы оңтүстік бөлікке ағылды. Алайда көшпелі халықтың тұрмыс жағдайы нақ осы бөлікте өте мазасыз, ауыр болды. Хан өкіметі елдің оңтүстігіне өзінің өкілдері мен салық жинаушыларын жіберді. Қылмыскерлерге, бүлікшілерге қарсы күресуді, қазақ ауылдарынан «жасырынып жүрген» орыс қашқындарын ұстауды сылтауратып, шекаралық органдар бұл аймаққа тергеуші, шенеуніктер тобын, әскери отрядтарын жіберіп отырды, олар осында көшіп-қонып жүрген қазақ ауылдарының есебінен баюды көздеді, жергілікті халық арасына үрей тастап, абыржытумен болды. Бұған жер тапшылығы мен жайылым таршылығы келіп қосылды. Одан алдымен кедей шаруалар жапа шекті. Қарапайым халық екі жақты қысымға — жергілікті билеушілердің озбырлығына және отаршылдық езгіге ұшырады. Хан тәртібі мен қанаушыларға деген ашу-ыза, өшпенділік қазақ рубасыларын осылайша ашық күреске итермеледі.
Көтеріліс алғышарттары

Қозғалыс толқыны өрбіген аудандарда хан билігінің берекесі қашты. Көтерілісшілер үйлерді өртеп, хан жақтаушыларының мүлкін тартып алды, қоныстарынан қуып шықты. Көтерілісшілердің ірі күші бірнеше топқа бөлініп, хан ордасын басып алу үшін солтүстікке, Нарынқұм жағына аттанды. Жол-жөнекей олар патша шенеуніктерінің, бай-шонжарлардың, сұлтандардың ауылдары мен қора-жайларын талқандап, жерлерін тартып алды. Кейбір жерлерде рулық басшылыққа өз адамдарын тағайындап отырды.
Көтерілістің бірінші кезеңі

Қозғалыстың келесі, екінші кезеңі көтерілісшілердің хан ордасын қоршауға алып, екі апта патша үкіметінің күші басым тұрақты әскерлерімен алғашқы қақтығысуымен басталды. Патша әскерлері қоршауды бұзды. Хан ордасынан оңтүстік-шығысқа қарай шегінген көтерілісшілердің негізгі күші 1837 жылдың қарашасында Тастөбе сайының маңында подполковник Гекенің жазалаушы отрядтарымен шайқасқа түсіп, жеңіліске ұшырады.
Көтерілістің екінші кезеңі

Қозғалыстың үшінші кезеңінде көтерілісшілердің шағын тобын бастаған Исатай мен Махамбет бұл ұрыста жеңіске жете алмайтындарын біліп, Жайықтан өту жолын іздестірді. Өзеннің екі жағына жағалай қойылған әскери күзетке қарамастан, олар 1837 жылдың 13 желтоқсанынан 14-іне қараған аязды, бұрқасынды түні Жаманқала бекінісінің маңынан Жайықтан өтіп кетті. Бөкей хандығының шаруалар көтерілісі осымен аяқталып, Жайықтың сол жақ жағалауына ауысты.
Көтерілістің ерекшеліктері

Бөкей хандығы қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінде орта ғасырлық шаруалар қозғалысына тән белгілер болды. Бұлар: көтерілісшілердің батылдығы мен жеке отрядтарының бытыраңқылығы, саяси мақсаттарының айқын болмауы мен ұйымшылдықтың нашарлығы. Бүған патриархалдық-рулық қатынастар мен көшпелі мал шаруашылығы басым дамыған қазақ қоғамының ерекшеліктерін қосуға болады. Көтеріліс Бөкей хандығында жеңіліске ұшырағанымен, халықтың әлеуметтік бостандығы жолында күресуші кейінгі ұрпақтың ойы мен есінде мәңгі сақталып қалды.[1]
Пайдаланған әдебиттер

↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: көтеріліс, ұлт-азаттық, ордасындағы, Бөкей
Просмотров: 1128 | Загрузок: 219 | Рейтинг: 5.0/16
Всего комментариев: 0
avatar