Батыс Еуропадағы орта ғасырдағы тәрбие және мектеп. - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Батыс Еуропадағы орта ғасырдағы тәрбие және мектеп.
[ Скачать с сервера (43.0Kb) ] 02.09.2014, 09:57

Батыс Еуропадағы орта ғасырдағы тәрбие және мектеп.

 

Мазмұны:

1.  Орта ғасырдағы діни мектептердің пайда болуы.

2.  Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогика және мектеп.

 

1. Орта ғасырдағы діни мектептердің пайда болуы.

 

Құлдық қоғамның ыдырауы және құлауы оны жаңа феодальдық құрылыспен өзгертуге алып келді. Ал, сөзсіз оның алдындағы құлдық қоғаммен салыстырғанда прогрессивтік сипатта болды (себебі негізгі өндіргіш күш-шаруаның өз шаруашылығы болды, сондықтан да еңбекте құлдарға қарағанда кейбір ынталылық танытты), бірақ феодальдық құрылыстың негізіне феодалдардың, діниелерінің жерге жекеменшігі жатты.

Феодалдық құрылыстың идеологиялық тірегі және ірі саяси күші католиктік шіркеу болды. Ол орта ғасырлық батысевропалық қоғам өмірінде ерекше роль атқарды. Шіркеу бұқара халықты басты-даншуды жақтап отырды.

   Католиктік діниелері ертедегі мәдениетке қарсы болды: ғылымға, өнерге, мектепке;

   Манастырлардың жанында манастырлық мектептер, шіркеулердің – приходтық мектептер ашылды. Ең алдымен ол мектептер діни адамдарды дайындады. Бұл мектептердің мұғалімдері – монахтар мен діниелері оқитын ер балаларды христиан дінінің және адамгершіліктің рухында тәрбиелеуді, оларды оқуға және жазуға олар үшін жат латын тілінде оқытты, құдайға құлшылық ету латын тілінде жүргізілді. Бұл мектептерде оқыту өте қиын, әрі ұзақ болды. Балаларды үлгермегені және аз-кем тәртіпті бұзғаны үшін шәкірттерді өте ауыр дене жазасын беріп отырды.

   Епископтің соборы мен кафедрасының жанынан кафедралық немесе собор мепктептері жұмыс істеді. Бұл мектептерде “жеті еркін өнер” деп аталатын пәндер жүргізілді: грамматика, риторика (шешендік өнері), диалектика (діни философияның алғашқы негіздері), арифметика, геометрия, астрономия, саз өнері. Собор мектептерінде жоғары лауазымды діниелері даярланды.

   Феодалдар (рыцарлар) ерекше тәрбие мен білім алды, олар жеті “рыцарлық қасиеттерді” меңгерді: атқа міне білу, суға жүзу, найзалау, садақ ата білу, аңшылық, шахмет ойнай білу, өлең шығару және орындай білу. Оқып, жаза білуміндетті болмады.

   Феодалдардың қыздары білімді үйде және әйелдер монастырларында алды, оны оларды діни рухта тәрбиеленді, оқуға, жазуға және қолөнеріне үйретті.

   ХІІ-ХІІІ ғ.ғ. Батыс Еуропада қолөнердің, сауданың дамуы және қаланың өсуі қалалық, негізінен светский мәдениеттің пайда болуына көмектесті. Қалалықтар феодальдық езгіге және католиктік шіркеуге қарсы күресті.

   Қалаларда қолөнершілер өз балалары үшін цехтық мектептер аша бастады, ал купецтер – гильдейлік мектептер ұйымдастырды. Қала халқының күшімен ашылған бұл мектептерде ана тілінде оқуға, санауға және жазуға ерекше мән берілді. Ал мектептерде дін үстемдік ете алмады. Цехтық және гильдейлік мектептер кейін қалалық бастауыш мектептерге айналды, оқыту саласында шіркеудің үстемдігін әлсіретті және бұзды.

 

 

2. Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогика және мектеп.

 

   ХІҮ-ХҮІІ ғасыр тарихқа қайта өрлеу дәуірі деген атаумен енген болатынды. Бұл кезең феодальдық қоғамның ішінде өндірісті капиталистік тәсілінің алғашқы қауымдарының пайда болумен мануфактура мен сауданың дамуымен, сол кездегі прогрессивтік таптық-буржуазияның аренаға шығуымен сипатталады, ол ертедегі дүниенің мәдениетінің жаңғыруымен, оның ішінде грек мәдениетінің өрлеу кезеңімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл кезең ғылым мен өнердің тез қарқынмен дамуына мүмкіншілік жасады.

    Қайта өрлеу дәуірі кезінде өмір туралы діни түсініктерге қарсы жер бетінде көңілді өмірге адам құқығын жариялады. ХІҮ-ХҮІ ғ.ғ. мәдениетте ең негізгі көңіл бөлінген адам болғандықтан, ол гуманистік деп аталды (латын тілінен аударғанда humanus – адамды сүю деген мағынаны білдіреді).

   Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизм, сөзсіз, прогрессивтік құбылыс болып табылады, бірақ ол салыстырмалы түрде тар шеңбердегі оқыған адамдардың идеологиясы болды және әлеуметтік шектеулі сипатта еді.

   Гуманистердің жариялаған “адамға табынуы” адамды сүюі, қастерлеуі тек үстем таптың өкілдеріне ғана кеңінен тарады және бұқара халықтың өкілдерінің ондай мүмкіншіліктері болмады, оларды феодалдар және жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазия қатал қанап отырды.

   Педагогтар гуманистер дені сау, әртүрлі қызығуларды меңгерген, өмірге белсенді адамдарды тәрбиелеу мақсатын қойды. Олар балалардың дене және ақыл-ой тәрбиесіне ерекше мән берді, ол балалардың шығармашылық белсенділігін, өзіндік іс-әрекетін дамытуға көмектескен болар еді, оларды терең біліммен қаруландырар еді.

   Гуманистер айтуынша, оқыту үрдісі көрнекілікке негізделген болу керек және оқушылардың білімді саналы меңгеруін қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды. Гуманистер орта ғасырға тән таяқ тәртібін, жазалауды қатты орынға ала отырып, қарсылықтарын білдірді, балаларға ерекше көңіл бөлуге, жеке тұлға ретін сыйлай білуге, құрметтеуге шақырды. Тәрбиенің феодалдық жүйесіне, догматизмге және салалардың ақыл-ой күш-жігерін басып-жаншуға қарсылық білдіре отырып, гуманистер педагогтер-гуманистер өз кезеңі үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық талаптар ұсынды. Бірақ гуманистік педагогика, басқа да қайта өрлеу дәуірі гуманизмнің барлық мәдени қозғалысы сияқты көпшілік бұқара халықтың мүддесі үшін күресімен байланысты болмады. Оның ықпалы тек ғана ауқатты, үстем таптың балалары оқитын мектептерде кеңінен тарады.

   Қайта өрлеу дәуірінде математика, астрономия, механика, жағырафия, жаратылыстану ғылымдары жан-жақты дамуға мүмкіншілік алды. Бұл ғылымның әртүрлі салаларында ұлы жаңалықтарды табу мен ашу кезеңі болды: Еуропада кітап басып шығаруды ойлап табу, Американы ашу Индияға теңіз ----- ашу т.б. ұлы жаңалықтаремн ерекшеленеді.

   Әртүрлі елдерде қайта өрлеу дәуірі кезінде педагогикалық ой-пікір әртүрлі дамыды, әр елдің дамуының ерекше белгілерін бейнеледі.

   Мәселен, Италияда античный философияның белгілі білгірі, гуманист Витторина да – Фельтре (1378-1446) “Қуаныш үйі” деп аталатын мектеп ұйымдастырды.

   Бұл мектепті ұйымдастырудың негізіне гуманистік педагогиканың қағидалары жатқызылды.

   Мектеп тамаша сарайда, табиғат аясында ашылды. Ғимараттың барлығы мектептің қажеті үшін Виттаринаның айтуынша арнайы қайта жабдықталған болатын-ды. Орта ғасырлық мектептерден айырмашылығы жаңа мектепте жарық пен ауа көп болды. Әсіресе, оқушылардың дене тәрбиесіне ерекше мән берілді. Оқытудың негізгі пәндері болып табылатын классикалық тілдер және классикалық әдебиет, балалар математикамен, астрономиямен айналысты, табиғатқа экскурсия жасады. Балалардың ойындарына, дене және рухани күштерін дамытуға көңіл бөлінді.

   Барлық балаларға тегіне қарамастан, әкелік қамқорлық жасады. “Қуаныш үйі” үстем тап өкілдерінің балаларына арналғанмен, онда аз мөлшерде болса да, кедей балалары оқып, білім алды.

   Гумнаизм идеялары Италиядан Францияға енді.

   Қайта өрлеу дәуірі педагогикалық ой-пікірінің көрнекті қайраткерлерінің бірі француз жазушысы-гуманисі Франсуа Рабле (1494-1553) болды. Өзінің белгілі “Гаргантра және Пантагрюсель” атты романында орта ғасырлық схаластикалық тәрбиені қатты сынға алды және оған бала үшін тәртіппен ойластырылған гуманистік тәрбиені, жан-жақты тәрбие беруді, өз бетімен ойлауды дамытуды, шығармашылықты және белсенділікті қарсы қоя білді.

   Рабле романда кароль қалай өз баласы Гаргантюаны тәрбиелеу үшін ғалым-схоластыларды шақырғандығы, олар баласын бәрін жаттауды талап еткендігін әңгімелейді. Ол мүмкіншілігі келгенше кейбір схоластикалық кітаптарды басынан аяғына дейін, одан керісінше айтып бергендігі, нәтижесінде ештеңе де білмей шыққандығы айтылады.

   Содан кейін әкесі схоласт-мұғалімдерді қуып жіберіп, орнына гуманист-мұғалімдерді шақырған болатын-ды , олар біршама өзгерістер енгізді. Гаргантқа көп уақытын дене жаттығуларына арнады, ғылымдарды дұрыс және бірізді оқып-үйренді. Гаргантқа табиғатты бақылай бастады, табиғатқа серуенге шығып, өсімдіктерді жинап, гербарий жасады; астрономияны аспандағы жұлдыздарды бақылау арқылы зерттеді. Оқу үрдісі әңгіме, кітаптарды оқу, көрнекі құралдарды пайдалану арқылы жүргізілді. Гаргантқа бірнеше саздық аспаптарды ойнай білуге және ән салуға үйренді. Білімді меңгеру саналы іске асты. Рабле оқытудың көрнекілік идеясын жақтаушылардың бірі болды. Ол оқытуды қоршаған ортамен шындықпен байланыстыру туралы кеңестер берді.

   Адамзат рухының қайта өрлеуінің тамаша көрінісі болып табылатын жас ұрпақты еңбек іс-әрекеті үрдісінде тәрбиелеу туралы ойды алғаш рет айтқан ағылшын ойшылы-гуманисі Томас Мор (1478-1535). Ал теориялық білім беру теориясын еңбекпен байланыстыру идеясын ұсынған болатынды.

   Томас Мор өзінің белгілі “Мемлекеттің дұрыс құрылысы туралы және жаңа қиял аралы туралы Алтын кітабында” (1516) еуропалық ойшылдардың ішінде алғаш рет екі негізгі және маңызды қағиданы ұсынды: адамзат қоғамының көркеюі үшін жеке меншіктің зияны туралы және барлық адамзаттар үшін міндетті өкілді еңбекке қатысу. Автордың фантазиясымен қиял жасалған Қиял мемлекетінде барлық азаматтар еңбектенуге міндетті (күні 6 сағаттан), қоғамдық еңбектің жемісі барлық адамдардың арасында бірдей бөлінеді. Бұл мемлекетте болашақ азаматтарды оқыту жалпы әрбірдей және міндетті, бұл жерде баланың жынысына қарамастан толық тең құқықты.

   “Барлық ерлер мен әйелдердің бір ғана ортақ ісі бар, - деп жазды Т.Мор,- ол жер шаруашылығы, одан ешкім де бас тарта алмайды. Оған балалық кезеңнен бастап оқиды, кейбіреулері мектепте теорияны меңгеру барысында жақында қалаға жақын далада, оған балаларда ойнау үшін шығарады, онда олар көріп ғана қоймайды, сонымен қатар дене жаттығулары арқылы және жұмыс істейді”.

   Мордың замандастарына өте маңызды идея болған балаларды тек ғана ана тілінде оқыту идеясы, алынатын білімнің негізінен ғылыми-жаратылыстану мазмұны туралы. Мор дене тәрбиесіне ерекше мән берді, ал дене тәрбиесінің афиналық жүйесін ұстанды.

Категория: Тарих | Добавил: Jahcepik | Теги: ғасырдағы, орта, Еуропадағы, және, батыс, мектеп., тәрбие
Просмотров: 531 | Загрузок: 160 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar