Батыс Ғұн Империясы (Батыс хун империясы) - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Батыс Ғұн Империясы (Батыс хун империясы)
[ · Скачать удаленно (18.6Kb) ] 06.11.2012, 18:26
Батыс Ғұн Империясы (Батыс хун империясы) — ғұндардың Еуропада құрған мемлекеті. Батыс Ғұн империясының негізі алғаш б.з. II ғасырында Батыс Қазақстан жерінде, Каспий теңізі жағалауында қаланды. Ғұндар сол өңірден өздерінің патшасы Валамир (Балаәмір) бастауымен батысқа аттанып, IV ғасырдың 70-жылдары Днестрге дейінгі жерді жаулап алды. Олардан бірінші болып жеңілгендер Азов теңізі өңірін мекендеген аландар болатын (қ. Ғұндардың аландарды талқандауы). Керчь бұғазы мен Қырымдағы Боспор патшалығы да ғұндардың соққысынан құлады. 375 жылы Қара теңіз жағалауындағы остготтарды (Шығыс готтар) түгелдей бағындырды, ал вестготтар (Батыс готтар) Рим империясы территориясына барып паналады. Сөйтіп ғұндарға Еділден Днестрге дейінгі жерлерді мекендеген тайпалар бағынды. Ғұндардың Батысқа жорығы Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды. Ғұндар Рим империясымен көршілес орналасып алып, көп ұзамай оған қысым көрсете бастады. Батыс Ғұндың басында Рим империясының Паннония аймағын (қазіргі Венгрия жерін) басып алып, оны ғұн мемлекеті құрамына кіргізді. Рим империясының мұрасын бөлісуде герман тайпаларының бақталасына айналды. 433 жылы ғұн патшасы Руғила қайтыс болған соң, мемлекет билігі оның інілері Ақтар мен Мыңзық балаларына — Бледа мен Аттиланың қолына көшті. 437 жылы ғұндар Рейн өзенінің бойында Бургун корольдігіне соққы берді. Нәтижесінде Солтүстік Еуропа мен Галлияға дейінгі герман тайпалары ғұндарға бағынды. Ғұндарға қарсы Рим империясы атынан вандал мен вестгот тайпалары ғана соғысты. 451 жылғы Каталаун қырғынынан кейін Еуропада ғұндарға қарсы тұратын ешқандай әскери күш болмады. Сөйтіп ғұндар Батыс Рим империясы территориясына толық иелік етті. 454 жылы Аттила өлгеннен кейін Батыс Ғұн Империясы ыдырап, герман тайпалары ғұндардан бөлініп кетті. Бұрынғы үлкен империя құрамында тек ғұн тайпалары, яғни түркі тілдес тайпалар ғана қалды. VI ғасырдан бастап Батыс Ғұн империясы "Уарғұндар қағанаты” (Арғындар қағанаты) деп аталды. Баян хан тұсында күшейген Уарғұндар қағанатына Византия салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Баян хан Арал теңізі маңынан Тарниак, Котзагер, Забен тайпаларын Еуропаға көшіріп алған еді. Уарғұндар қағанатын 798 жылы Франк королі — Ұлы Карл талқандады. Осыдан соң ғұндар мемлекеті бас көтерген жоқ. Батыс Ғұн империясы адамзат мәдениеті тарихында өзіндік терең із қалдырды. Зергерлік өнердің ерекше дамыған түрі — полихрома стилін алғаш батыс ғұн зергерлері салған. Олардың полихрома стилімен жасалған бұйымдары әлемнің талай музейлерін безендіріп тұр. Батыс Ғұн империясында алтыннан жасалған 92 экспонат Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы. Цирк өнеріне қатысты ат үсті ойындарының негізін ғұндар салған. Олар мұны өзімен бірге Еуропаға алып барды. Ғұндар Еуропада баспана ретінде төрт доңғалақты арба үстіне орнатылған киіз үйлерді пайдаланған. Ғұндардың кілемдері мен киіздері түрлі оюлармен өрнектелетін болған. Еуропалық аймақтарда жүргізілген археол. қазба жұмыстары кезінде ғұндардың ағаштан, қыштан, металлдан жасалған ыдыс-аяқтары мен түрлі бұйымдары табылған.
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: империясы, (Батыс, батыс, империясы)
Просмотров: 1069 | Загрузок: 213 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar