«Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттеріндегі қоғамдық-саяси және ағарту мәселелері. - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

«Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттеріндегі қоғамдық-саяси және ағарту мәселелері.
[ Скачать с сервера (144.5Kb) ] 03.09.2014, 11:14

 «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттеріндегі қоғамдық-саяси және ағарту мәселелері.

 XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ елін, жерін патшалы Ресейдің толықтай билеп алуына байланысты Қазақстаның Ташкент, Орынбор, Омбы, Орал сияқты кейбір ірі қалаларында патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындарының жеке ресми органдары ретінде жергілікті ұлт тіліндегі алғашқы газеттер шыға бастады. Әрине, бұл басылымдар қайткен күнде де қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, қайта патша үкіметінің отарлау саясатын күшейте түсу, оның бұйрық –жарлықтарын жергілікті халықтың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындату, сондай-ақ оның ресми көзқарастарын тұрғындар арасына кеңінен таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылады.

 Алайда, патшалық Ресейдің осындай жымысқы саясатына қарамастан, Қазақстанда ұлт тіліндегі өз баспасөзінің тууы халықтың санасын оятып, мол рухани байлыққа ие болуына елеулі түрде әсер етті. Оны мынадай мысалдардан айқын байқауға болады. Мәселен, қазақ баспасөзінің тұнғышы «Түркістан уалаятының газеті» екендігі белгілі. Ол сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап, орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығарыла бастады.

 Газеттің редакторы - ұлты башқұрт болса да, қазақтың намысын қорғап, сойылын соққан, орыс және Шығыстың көп тілдерінде еркін сөйлеген, генерал-губернатордың тілмашы болған ізгі ниетті азамат шахмардан Мирасұлы Ибрагимов еді. Ал, бұл басылымның аудармашы, әрі әдеби қызметкері болып Хасен Жанышев, Заманбек Шайхы Әлібеков, Жүсіп Қазыбековтер жұмыс істеді [1].

         «Түркістан уалаяты газетінің» ресми және ресми емес деп аталған басты екі бөлімі болды. Ресми патша өкіметінің бұйрық- жарлықтары жарияланып, үкімдері түсіндірілсе, ресми емес бөлімде отырықшылық, егіншілік, мал шаруашылығы, сауда, ішкі-сыртқы жағдайлар, әдебиет, мәдениет, білім, ғылым, өнер, және әйел теңдігі мәселелері қаралды. Оған кезінде газет беттерінде жарияланған «1731 жылы Қазақстан Россияға бодан болуы» туралы мәселелермен қатар, қазақ даласындағы Кенесары хан, Сырым, Исатай-Махамбет батырлар бастаған азаттық көтерілістердің жазылуы да куә. Оның үстіне тікелей патша жарлығымен қазақтардың ең шұрайлы жерлерінің орыс переселендеріне күшпен тартып алынып беріліп жатуы жөнінде материалдардың жариялануы редакция қызметкерлерінің ұстанған бағыт-бағдарларын көрсететін еді. Қазақ тілінде шығатын газеттің 1882 жылы ешбір себепсіз жабылып қалуы да осындай істерге байланысты сияқты.

         «Түркістан уалаятының газетінде» жоғарыда айтылған жайлардан басқа мәдениет, оқу, білім, әдебиет, тарих пен этнография, археология және тағы да басқа мәселелерге қатысты материалдар, мәселен ауыз әдебиеті үлгілері де жарияланып тұрды. Тұңғыш газет өз оқырмандарына Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты біртуар перзентерінің өмірі және еңбек жолдарымен алғаш рет болып танысуларына мүмкіндік жасады [6].

         Басылым беттерінен одан басқа орыс және еуропа халықтарының өнері мен мәдениеті, ғылым, білімі жайында да жарияланған материалдарды табуға болады. Ал, түрлі проблемаларға арналған ғылыми мақалалар, егіншілік, агрономия, ветеренария, зоотехника туралы ақыл-кеңестер өз алдына бір төбе. Мұнда орыс журналистикасының әсерімен заметка, корреспондентция, мақала, фельетон, очерк сияқты баспасөз жанрларының түрлері пайда болды.

         Жалпы алғанда, қазақ баспасөзінің қарлығашы «Түркістан уалаятының газеті» өзінен кейінгі қазақ халқының саясаты, шарушашылық және мәдени өміріндегі елеулі оқиға болған мерзімді баспасөзінің тууы мен қалыптасуында айтарлықтай елеулі рөл атқарды, болашаққа жол салды. Бұл туралы «Туркестанские ведомости» газетін шығарушылардың бірі, орыс ғалымы Остроумов: «Петр ведомостарының» XVIII-XIX ғасырларда орыстар үшін қандай маңызы болса, «Түркістан уалаяты газетінің» де қазақтар мен өзбектер үшін сондай маңызы болды» деп, газеттің орны жоғары бағалады. Иә, сөйтіп, қазақ баспасөзінің тұңғыш қарлығашы «Түркістан уалаяты газетінің» шығудағы мақсаты қазақ халқының сауатын ашу, немесе мұң-мұқтажын айту, жағдайын жақсартуға сабепкер болу емес еді десек те, басылымның сол кездегі ролін жоққа шығара алмаймыз.

         Газет патшалық Ресейдің отаршылдығын қазақ халқына мойындату және орыс тілін үйрету саясатын ұстана отырып та, қазақ қоғамының шындығын көрсете алды. Қазақты ұлт ретінде таныту там-тұмдап болса да жүргізілді.

         Қазақтар баспасөз жоқ кезде елдің бір шетінде болған уақиғаны екіншісі құлаќтанғанша жылжып айлар, жылдар өтсе енді газет арқылы хабарласып тез әрі тиімді болды. Қара халық сауатын ашып қана қоймай, қоғам өмірінен, оның ішкі –сыртқы жағдайларына хабардар бола бастады.

         Мәселен, «Түркістан уалаяты газетінен» 1870 жылғы 4-нөмірінде Түркістан өлкесінде бірінші рет ашылған почта-телеграф қатынасы туралы хабар берілді. Мұның өзі көшпенді халықтың өміріне кіре қоймаған соны жаңалық еді [1].

          Газеттің кейінгі нөмірлерінде 1866 жылғы ақша реформасы туралы «Банк хақында» деген ортақ тақырыппен қазақ жұртындағы сауда- саттық, ақша айналымы, банк жөнінде түсініктер беріліп, сауданың пайдасы айтылған. Сонымен қатар, Қытаймен шекарадағы қазақтар арасындағы, Ресей мен Қытай , татарлар мен өзбектер арасындағы сауда қарым-қатынасы көбірек жазылып, банктердің ақшалай қарыз беру ержелерімен таныстыру ұйымдастырылған.

 Баспасөздің қай түрі болсын сыртқы саясаттан тыс қалмайды. Біз сөз етіп отырған басылымда бұл мәселеге немқұрайды қарамаған. Мысалы, «Қытайдан жеткен хабар» деген мақалада Қытайда тұратын мұсылмандар көтерілісі туралы жазылған. Сондай-ақ мұнда қазақтардың Қытай –Ресей мемлекеттерімен және Бұқар-Хиуа хандықтарымен қарым-қатынасы туралы да көптеген материалдар жариаланып тұрған.

         Оларды бірінде, «Құлжа маңындағы елдердің Ресейдің қол астына бағындырылғаны» айтылса, екіншісінде «Ресейдің Қоқан хандығын бағындырғаны» жайында жазылды. Ал, үшінші бір хабарда «Ресейдің Хиуаны бағындырғаны» туралы, осыған орай «Адай елінің Хиуаға емес, Ресейге бағынышты болатындығы» баяндалды.

         «Түркістан уалаяты» газетінің беттерінде жоғарыда тоқталған елдің ішкі-сыртќы жағдайларымен қатар отырықшылық, егіншілік, мал шаруашылғына байланысты да көптеген іргелі материалдар жарияланып тұрды.

Категория: Тарих | Добавил: Ulyaa | Теги: уалаяты», «Дала, мәселелері., және, қоғамдық-саяси, газеттеріндегі, ағарту, «Түркістан
Просмотров: 365 | Загрузок: 142 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar