Үйсіндер - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Үйсіндер
07.11.2014, 00:33

ҮйсіндерБүгінгі Қазақстанның қожасы болып отырған қазақ ұлты және оның Қазақстан Республикасы кездейсоқ бола қалған ұлт, қолдан жасалған мемлекет емес. Ол – ежелден осынау кең-байтақ Еуразия сақарасында өмір сүріп келген ертедегі ру-тайпапардың сан ғасырлар бойы өзара араласу, біртұтастану, ыдырау қайта біртұтастану барысында бір-бірімен етене жақын этникалық топтардың ортақ ұлттық мәдениет қалыптастыру үрдерістерін бастан кешіріп барып қалыптасқан толыққанды дербес ұлт.

Сол сияқты Қазақ мемлекеті – Қазақ хандығы да Қазақстан аумағында ерте, орта ғасырларда құрылған тайпалық одақтар, аймақтық мемлекеттер, тіпті, алып империялардың дәурендеуі мен құлдырауы сынды әлемдік тарихтағы ерте, орта ғасырларда өмір сүрген мемлекеттерде болған жалпыға бірдей әлеуметтік заңдылықтарды бастан өткеріп барып Ұлттық мемлекет – Қазақ хандығы өмірге келді. Біздің осындай тұжырым жасауымызға дәйек болатын әр түрлі тілде жазылған тарихи деректер көп.

Солардың ішінен мен тек қытайдың жазба деректерінен дәлел келтірмекпін. Баршаға мәлім, Кытайда "Жиырма төрт тарих" немесе Жиырма алты тарих" деп аталатын ресми жылнамалық тарихи жазбалар жинағы бар. Соның ең алғашқысы Сы Мачян (Сыма Циян) б.з.д. 90 жылы жазған Тарихи жазбалар" ("Шы ци"). Осы көлемді еңбектің 110-томының 50 баяны "Хұндар тарауы", 123-томының 63 баяны "Давань – Ферғана тарауы" деп аталады. Онда Қытайдың солтүстік батысын алып жатқан Хұн империясы және Орталық Азияда өмір сүріп жатқан елдер жөнінде аса құнды деректер жазылған. Ал Бан Гу б.з. 70 жылдары жазған "Хань патшалығы тарихы - Ханнама" ("Хань шу") атты екінші жылнамада "Хундар тарауынан" тыс, 96 бума 66 баянында "Батыс өңір тарауы" деген арнаулы тарау жазған. Осы бөлімде қытай тарихшысы Бан Гу "Батыс өңір" немесе Орталық Азия да өмір сүрген халықтарды екі типке жіктеп баяндаған. Мысалы, ол «Батыс өңірмен байланыс Чяао Уди патша кезінен (б.з.д. 140 ж. –Н.М.) басталды. Олар әсілі 36 мемлекет еді, кейін келе бөлшектеніп 50 ден аса ел болған. Олардың барлығы хұндардың батысы, үйсіндердің оңтүстігінде тұрады.

Батыс өңірдегі халықтардың барлығы – жергілікті тұрғындар. Оларда қала, қыстақ, егістік жер мен мал бар. Олардың ғұрып-әдеттері хұндар, үйсіндерден өзгеше. Олардың барлығы хұндарға тәуелді» /1/ -деп жазған. Осыдан кейін жазылған Қытай жылнамарының барлығы Орталық Азияда өмір сүрген ру-тайпалардың этникалық ерекшеліктеріне тоқталғанда, олардың айырмашылығын хұндармен, үйсіндермен және даружылармен (Большой Юечжы – Юэчжи) салыстырып көрсетеді. Мысалы, "Тарихи жазбалар. Ферғана тарауында": "Үйсіндер Ферғананың батыс солтүстігінде 2000 ли шақырымдай жерде тұрады, көшпенді мемлекет.

Малға ілесіп көшіп жүреді, әдет-ғұрыптары хұндармен ұқсас" деп жазылған. Және осы тарауда "Даружылар (большой юечжылар) Ферғананың батысында екі-үш мыңдай шақырым жерде тұрады. Оң жағында – Бактрия, сол жағында – Арсақ, солтүстігі – қаңлы. Көшпенді ел, малға ілесіп көшіп жүреді. Ғұрып-әдеттері хұндармен ұқсас"-деп жазылған- "Қаңлы – Ферғананың батыс солтүстігінде 2000 ли – шақырымдай жердегі көшпенді мемлекет. Ғұрып-әдеттері даружылармен ұқсас"- "Ян-цай (Аландар) қаңлының батыс солтүстігенде 2000 шақырымдай жерде тұрады. Көшпенді мемлекет. Ғұрып-әдеттері қаңлыларға ұқсас "деп жазылған. Бұл жерде айтылып отырған "ғұрып-әдет" тек қана тұрмыстық салт – дағды емес, ол әлеуметтік тіршілік формасымен қоғамдық құрылым жүйесі және дүние танымын қамтитын үлкен ұғым болып табылады. Міне, осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, белгілі бір қоғамдық топтың дағдысына айналған ғұрып-әдеттің ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға жалғасып отыратын ерекшелігін ескеретін болсақ, онда қазіргі қазақ ұлтының этногенізінің қайдан бастау алғандьнрын аңғару қиын емес. Сондай-ақ, Қазақ мемлекеттілігінің қай заманнан басталғандығын да оңай байқай аламыз.

Біз өз зерттеуіміз бойынша, б.з.д. IІІ ғасырдан б.з. VI ғасырға дейін негізінен, қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген үйсін, қаңлы және янцай – алан қатарлы үш үлкен этникалық топты – қазақ халқының ең алғашқы этногенезінің қайнарлары және осы атаумен аталған мемлекеттерді – Қазақстандағы ең алғашқы мемлекеттіліктің басталуы деп санаймыз.
Олай болса, тарихи деректерге зер салып көрейік.

Б.з.д. Ш ғасырда жалпақ Азия құрлығында иін тірескен екі ұлы империя қатар өмір сүрген. Оның бірі – қытайдың Хань империясы, екіншісі – Хұн империясы.
Хұн империясы Қытайдың Ұлы қорғанының солтүстік батысында өмір сүретін көшпенді және отырықшы елдерге билік жүргізді. Қытайдың "Тарихи жазбаларында" хундар билігіндегі даружылар б.з.д. 174 жылы Тәңір тауының (Тянь шань) шығысынан қазіргі Қазақстан аумағына ауып келіп, "сақтар патшасын тас-талқан етіп жеңді. Сақ патшасы оңтүстіктегі Чянду-дан (Шеньду) /2/ асып кетті. Ружылар олардың жерінде орын тепті /3/ деп жазады. Бұл арада назар аударатын нәрсе «Тарихи жазбаларда" "Сақ патшасы" деп аталғаны болмаса, сақтардың мемлекеттік күш ретінде даружыларға пәрменді қарсылық көрсеткені жөнінде ешқандай мәлімет жазылмаған.

"Тарихи жазбаларда" б.з.д. 161-160 жылдары Тәңір тауының шығысынан батысқа ауған "үйсіндер күн биі (Гунь мо) даружыларды шабуылмен тас-талқан етіп Даружылар батысқа ауып барып Бактрияны бағындырды. Үйсін күн биі олардың жеріне орнықты. Сондықтан үйсіндер сақтардың да, даружылардың да тұқымдарын өзіне қосып алды /4/ - деп жазылған. Бұл мәліметтер тарихи шындыққа жанасады. Өйткені үйсіндердің Іле-Жетісу жеріне орын тепкен соң тез көтеріліп, күшті мемлекет болып кетуінің бір сыры – олардың барымталап алған сақ, даружы адамдарының арқасында жан санының шұғыл көбеюінде болса керек.

Үйдіндер б.з.д. 160 жылдары Іле – Жетісу өлкесінде өз билігін орнатқаннан кейін, қытай деректері оларды арнаулы тараушамен Үйсін мемлекеті (Усунь го ) деп жаза бастады. Сондай-ақ, Қытай Хань патшалығы оларды Батыс өңірдегі "ең құдыретті мемлекет" деп санады және олармен стратегиялық одақтастық орнатуға құлшынды. Сондықтан, қытайлар Орталық Азияда үйсіндерге көп назар аударды. Соған байланысты Үйсін мемлекеті жөнінде жазған тарихи деректер көп. Мысалы, Қытай жылнамаларында: "Үйсін мемлекетінің Ұлы күн биі (Большой Гунь ми) Чыгучың (Чигучэн-Қызыл caй) қаласында тұрады.

Түтін саны 120 мың. жан саны 630 мың, жеңімпаз әскер саны 188 мың 800 адам" /5/ деп жазды. Сондай-ақ, Үйсін елінде күн би – патша тағы мұрагерлік жолмен жалғасатынын және ол тәртіп бұзылғанда ел ішінде наразылық туып, қарсылық әрекеттердің орын алатынын, үйсіндердің әскери-әкімшілік басқару жүйесі үш аймаққа бөлініп, олардың барлығын бірдей Ұлы күн бидің басқаратынын нақтылап жазған. Сонымен қатар, үйсіндердің ел басқару жүйесі "тоғыз дәрежелі» болғандығы және елді заңмен басқарғандығы да анық айтылған.

Үйсін мемлекетінің иелік еткен аумағы да қытай жылнамаларында жазылған. Сол деректерде, Үйсін мемлекетінің аумағы – Іле өзенінің шығысынан батысына – Балқаш көліне дейін, Балқаш көлінен оңтүстікке қарай Шу, Талас өзендерінің ортаңғы ағысына дейін, орта оңтүстігі Ыстықкөл өзендеріне дейінгі кең-байтақ даланы қамтығандығы айтылады. Ежелгі үйсін елі осы өлкеде өсіп-өніп, өркен жайғандықтан, бұл ай¬мақ үйсіндердің мекені болып танылған. Сондықтан, IX ғасырда жазылған Қытайдың "Көне Таңнамасының" «Түріктер тарауында" осы өңірді "Үйсіндердің байырғы мекені» - деп жазылғаны соның дәлелі.

Осы кезеңде үйсіндердің әлеуметтік шаруашылығы айтарлықтай дамыды. Мал шаруашылығы үйсіндердің негізгі шаруашылығы болды. Үйсін елінде 4-5 мыңнан жылқы айдаған байлардың болғандығын, Күн бидің жер-жайылым заңын қолданатынын қытай елшілері екжей-текжейлі жазып қалдырған. Үйсін елі мал шаруашылығымен қоса егін шаруашылы және қол өнеркәсібімен де кең көлемде шұғылданғандығын археологиялық қазба материалдар айғақтайды. Әсіресе, қолөнер кәсібінің жоғары деңгейде дамып, өзіндік ерекшелік қалыптастырғаны – тарих ғылымы мойындаған шындық. Демек, үйсіндер Іле – Жетісу өңірін алғашқы қадамда игеріп, қоғамдық дамуды ілгерілетті. Әлеуметтік мәдениеттің өсуіне өшпес үлес қосты. Сол арқылы тарихқа үйсін мәдениеті таңбасын қалдырды.

Үйсін мемлекеті ішкі және сыртқы - 4 себептердің салдарынан б.з.д. II ғасырынан бастап құлдырауға бет алды, есімі де көмескіленді, ақыры VI ғасырда құрылған Түрік қағанатының құрамына қосылды.

Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ҮЙСІНДЕР
Просмотров: 545 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar