Киелі кикілжіңі, Өрікті уақиғасы - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Киелі кикілжіңі, Өрікті уақиғасы
[ · Скачать удаленно (16.4Kb) ] 31.10.2012, 21:59
Киелі кикілжіңі, Өрікті уақиғасы – 1836 жылдың 24 наурызы мен 5 сәуірінде Исатай сарбаздары мен Қарауылқожа жасақтары аралығында болған алғашқы қақтығыстардың бірі. Жәңгір ханның 17 наурыздағы жарлығына орай Қарауылқожа өзіне бағынышты беріш, адай, тама руларынан 600-650-дей (кей деректерде — 528) жігіт жиып, Манаш аулын қыстаған Исатайды тұтқындауға шығады. Исатай да соғысқа дайындалып, ауыл төңірегіне жал үйіп, бекініс жасайды. Хан жасақтары оларға тікелей шабуылдауға бата алмай, кері кетеді. 31 наурыз күні қайта оралып, бекіністерін тастап Тасшағыл құмына қарай көшкен Исатайларды қоршауға алады. Қоршаудың 7-нші күні Қарауылқожа шапқыншы жіберіп, Исатайларды Өрікті моласының түбінде шайқасуға шақырады. Зират басында өрік ағашы өсетіндіктен жергілікті халық оны «Киелі» (бүрынғы тарихшылар жазып жүргеніндей «Қиялы» емес) деп те атаған. Исатай шайқасқа 200 жігітпен жасанып шығады, олардың арасында Бекмағамбет, Махамбет, Қожахмет Өтемісұлдары, Тінәлі, Қамбар Тайсойғанұлы, Досақан Жәнібекұлы, Үсе, Есет Төлегенұлы, Иманбай Қалдыбайұлы, Есмұхамбет Жантумаұлы, Есенаман Боранбайүлы, Үбі және Жақия бар. Киелі (Өрікті) түбінде соғыс болған-болмағаны белгісіз, тарихшылар Қарауыл қожаның бес қаруын асынған, сайып-қыран батыр тобына тиісуге бата алмай, өзара кикілжіңнен аспай кері кеткенін айтады. Бұл К.к. бүкіл елге аян болып, ханның дәрменсіздігі, Исатайға қарсы қайрат қыла алмағандығы туралы әңгіме тарап кетті. Әбден сағы сынып, беделіне нұсқан келген Жәңгір бұл оқиғаны патша әкімшілігінен жасырып бақты
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Өрікті, уақиғасы, кикілжіңі, Киелі
Просмотров: 697 | Загрузок: 179 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar