Кривичтер - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Кривичтер
[ · Скачать удаленно (14.4Kb) ] 31.10.2012, 22:01
Кривичтер – 6 – 8 ғ-дағы шығыс славян тайпаларының бірлестігі. Днепр, Еділ, Двина өзендерінің ағысындағы кең жер мен Чуд калабының оңт-н мекендеген. Археол. ескерткіштер ішінде мүрдені өртеп жерлеген ұзынша обалар, егіншілердің мекен жайының жұрты, ондағы темірші, зергер, ұсталық сияқты қолөнер кәсібінің заттай қалдықтары бар. Кривичтердің негізгі орталықтары Смоленск, Полоцк, Изборск және Псков өңірлері болған. Кривичтердің 9 – 10 ғ-дағы обаларында қару-жарақтарымен жерленген бай жасақшылардың сүйектері Гнездово, т.б. обаларда кездеседі. Киев мемлекетіне қосылғанға дейін Кривичтердің өз князьдігі болған. Кривичтер атауы соңғы рет 1162 ж. қарсаңында аталады, бұл кезде Кривичтер жерінде Смоленск, Полоцк князьдіктері құрылған, Новгородтың қол астына қараған. Археологиялық деректерге қарағанда, Кривичтер Еділ – Клязьма аралығын отарлауда зор рөл атқарған. Орта ғасырларда Кривичтер орыс халқының негізін құрады.
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Кривичтер
Просмотров: 561 | Загрузок: 229 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar