Маятас - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Маятас
[ · Скачать удаленно (13.1Kb) ] 31.10.2012, 22:27
Маятас – мезолит дәуірінен сақталған адамдар тұрағы. Отырар ауданы Темір станциясынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан. 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының тас ғасырын зерттеумен шұғылданатын отряды (жетекшісі Х.Алпысбаев) тапқан. Биіктігі 20–25 м келетін дөңнің үстінен тас құралдар: өзектастар, пышақ тәріздес тас тілікшелері, кескіштер, сүйіртастар, тас жаңқалары мен қабыршақтар табылды. Бұйымдар ашық-сұр халцедоннан және шақпақтастан дайындалған. Пышақ тәріздес тас тілікшелер арасында жұқаша келген, ұзын, кей жерлері жап-жақсы өңделген артефактылар да ұшырасады. Өңдеуі бір-біріне ұқсас жұқалау және кішірек тас жаңқалары да бар. Маятас тас құралдары осы маңдағы Жаңашілік тұрақтарынан (1–3) алынған бұйымдарға ұқсайды. Маятас секілді мезолит дәуіріне жататын тұрақтар Оңтүстік Қазақстанда өте аз зерттелген. Бұл ескерткіштен алынған материалдар тас дәуірі мәдениеті осы өңірде үздіксіз дамығандығын айғақтайды.
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Маятас
Просмотров: 525 | Загрузок: 210 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar