Мардан — ежелгі қорымы - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Мардан — ежелгі қорымы
[ · Скачать удаленно (14.6Kb) ] 31.10.2012, 22:25
Мардан — ежелгі қорым. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылынаннан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде. 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының обаларды зерттеуші тобы (жетек. Б.Нұрмұханбетов) ашқан. Қорым батыстан шығысқа тізбектеле созылған кішігірім 15 обадан тұрады. Әрбір тізбекте 2-ден 5-ке дейін үйінді бар. Тізбектегі үйінділер аралары өте жақын ұзынша төбешік пішіндес болып келеді. Жекелеген қабір шұңқырлары олардың қосылған жерлерінде әрең байқалатын ойыстарымен және жоғарғы қабатындағы ұсақ төбешіктерімен ерекшеленеді. Қорым үстіндегі ескерткіштер құмдауыт төбешікке тұрғызылған пахсалық қабірлер негізінде жасалған. Бұлар ішкі жағы "ванна” секілді тік бұрышты келеді. Барлық обаларда мәйіттер басы оңтүстік, оңтүстік-шығысқа бағыттала жатқызылып, қыш ыдыстар, тұрмыс бұйымдары, әшекейлер мен тұмарлар бірге қойылған. Қыш ыдыстар барлық обаларда кездеседі. Олардан өзге бірнеше көзе, темір пышақ, моншақ, жүзік, тұмар ретінде пайдаланған түрлі хайуанаттар тістері мен сүйектері, қоладан құйылған тау ешкілерінің мүсіндері табылған. Обалардың бірінен ортасында төрт бұрышты тесігі бар 7 монет шықты. Олардың көпшілігі б.з.б. 118 жылы, қалғандары б.з.б. 73-47 жылдары құйылған. Табылған заттарға қарағанда Мардан қорымына б.з.б. 1 ғасырдан б.з. 2 ғасырына дейінгі аралықта өмір сүрген адамдар жерленген. Олар отырықшы болып, жер өңдеумен және мал өсірумен шұғылданған. Заттай мәдениетіне ғұндардың ықпалы байқалады.
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ежелгі, қорымы, Мардан
Просмотров: 711 | Загрузок: 177 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar