Массагеттер - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Массагеттер
[ · Скачать удаленно (15.6Kb) ] 31.10.2012, 22:23
Массагеттер (грек. massagetaі) — ежелгі грек авторларының деректері бойынша Каспий мен Арал теңізі аралығын мекендеген тайпалар тобының ортақ атауы. М-дің шыққан тегі мен қалыптасуы туралы нақты ғыл. деректер жоқ.
Мазмұны
1 Атауы
2 Тарихы
3 Мәдениеті
4 Пайдаланылған әдебиеттер
5 Сілтемелер

Атауы

Кейбір ғалымдар М. атауы "masyo” — "балық” деген сөзден шыққан, сондықтан "балық жегіштер” деген ұғымды білдіреді деп жорамалдаса, екіншілері М. атауы "мас”, "сака” және "та” деген сөздерден құралып, "ұлы сақ (скиф) ордасы” деген мағынаны білдіреді дейді. Енді біреулер М. сөзі "маза — геттер”, "ұлы геттер” деп түсіндіреді.
Тарихы

Кеңес ғалымы С.П.Толстов соңғы болжамның шындыққа жақындығын дәлелдей келіп, Сырдарияның төм. жағындағы археол. ескерткіштерді М-ге тиесілі деп санайды. Бірақ оған қарсы пікірлер де бар. Геродоттың айтуынша, М. көшпелі тайпалар. Олар соғысқа атпен де, жаяу да шыққан, ат әбзелдерінің бірнеше түрлері болған. Қару-жарақтары мен әшекей бұйымдары мыс пен алтыннан жасалған. Ахемен әулеті патшасы Кир М-мен соғыста олардың падиша-ханымы Томиристен жеңіліп, қаза тапқан.
Мәдениеті

Страбонның жазуынша М. күнге табынған. Оған құрбандыққа жылқы шалатын болған. Страбон М-ге жер өңдеуді кәсіп еткен Арал маңындағы хорезмдік басқа тайпаларды да қосады.
Пайдаланылған әдебиеттер

Толстов С.П., По древним дельтам Окса и Яксарта, М., 1962; Акишев К.А., Кушаев Г.А., Древняя культура саков и усуней долины реки Или, А., 1963. Н. Алпысбаева
«Қазақ Энциклопедиясы», 6 том
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Массагеттер
Просмотров: 727 | Загрузок: 211 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar