Неолит жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Неолит жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас)
[ · Скачать удаленно (20.2Kb) ] 31.10.2012, 22:41
Неолит жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Н-тің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті. Еуропа, Азия мен Африканың көптеген табиғи-климаттық аймақтарында негізінен Неолиттің хронологиялық шеңбері б.з.б. 6 – 4-мыңжылдықтардан басталып, б.з.б. 3-мыңжылдықта аяқталды. Қазіргі мәліметтерге қарағанда Таяу Шығыстағы ең ежелгі егінші-малшылар мә-дениеті б.з.б. 8 – 7-мыңжылдықтарға жатады. Қытайда б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықта (Яншао), Еуропада (Македония) б.з.б. 7-мыңжылдықтың соңында пайда болды.
Мазмұны
1 Еңбек
2 Неолит кезеңін зерттеген ғалымдар
3 Әдебиет
4 Сілтемелер
5 Пайдаланған Әдебиет

Еңбек
Еңбек құралдарынан қыспа түзету техникасын жетілдірумен қатар тас өңдеудің жалтырата тегістеу, бұрғылау, аралау сияқты жаңа технол. әдістері қалыптасты. Аңшылықтан мал өсіруге, терімшіліктен егіншілікке көшу орын ала бастады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуы адам баласын осы салаларға қатысты жаңа еңбек құралдарын (дәнүккіш, келі, келсап, кетпен, т.б.) жасауға, оның сипатын сапа жағынан жетілдіруге итермеледі. Бұрынғыдай тастан және сүйектен жасалған құралдар кеңінен пайдаланылды және қыш ыдыстар кеңінен тарады. Қыш ыдыстардың шығуы дәнді дақылдарды сақтауға, пайдалануға көп мүмкіндік берді. Мәдени-шаруашылық белгілері жөнінен Неолит мәдениеттері екі топқа бөлінеді: 1) егіншілік пен малшылық; 2) аңшылық пен балық аулау. Соңғы топтағылар табиғаттан дайын өнімді алып пайдаланса, алдыңғы топтағылар өнімді тікелей өндіру арқылы алды. Әлеуметтік жағынан алғанда Неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды. Тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылғанын Еуразиядағы Неолит заманына жататын көптеген археол. мәдениеттер де айғақтайды. Кейінгі Н-те жіп иіру мен тоқымашылық шықты. Егіншілік дамыған аймақтарда ежелгі мемлекеттер қалыптаса бастады. Микролиттік индустрия кеңінен өрістеді. Микролиттер жебе ұштары мен қыстырма құралдар жасауға жұмсалды: сүйек немесе ағаш саптың ұзына бойындағы қуыстарға ондаған ұсақ микролиттер тау балауызы, қара май, битум арқылы бекітілді. Мұндай құралдар әсіресе тері өңдеуге, егін оруға пайдаланылды. Халық саны артып, қоғамда демогр. ахуал жақсара түсті. Қатынас құралдары дамыды. Адамдардың отырықшылыққа көшкенін көлемі әр түрлі баспаналар да айғақтайды. Баспаналардың бүкіл ұжымға не жеке отбасына арнап салынуы адамдардың қауым болып өмір сүргендігін аңғартады. Этнол. мағлұматтар Неолиттік тайпаларда аналық-рулық құрылыс үстем болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ мәдени-тұрмыстық жаңалықтар адамның дүниеге деген көзқарастарын түбірімен өзгертті. Табиғат күштеріне, анаға табыну орын алды. Бұған Неолит заманындағы өнерден хабар беретін тасқа түскен бедерлер, әйелдердің мүсіндері дәлел болады. Неолитте адамзат өмірінде болған өзгерістерді саралай келе, Г.Чайльд осы дәуірге қатысты "неолиттік төңкеріс” терминін енгізді.
Неолит кезеңін зерттеген ғалымдар
Бірқатар ғалымдар (А.А. Монгайт, т.б.) оның бұл пікірін қуаттамады. Қазіргі таңда Қазақстан аум-нан Неолит дәуіріне жататын 800-дей ескерткіш табылған. Оларды зерттеуге Ә.Марғұлан, С.С. Черников, Х.Алпысбаев, А.Г. Медоев зор үлес қосты. Кейінірек В.Ф. Зайберт, В.Логвин, Ж.Таймағамбетов, т.б. ғалымдар айналысып, сол кезеңдегі өндірістің және адам өмірінің көп салаларының қыр-сыры, маңызды өзгерістері пайымдалды. Қазақстандық Неолит Еуразиядағы тас дәуірінде болған тарихи-мәдени үрдістің аясында дамығандығы дәлелденді. Археол. мәдениеттер (атбасар мәдениеті, маханжар мәдениеті, т.б.) бөліп көрсетілді. Неолит тұрақты орналасу сипатына қарай: бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрақтары деп төрт түрге бөлінеді. Республиканың табиғи-климаттық жағдайына байланысты көпшілік тұрақтар ашық (жер бетінде) түрде кездеседі. Жергілікті Неолит мәдениеттері мезолиттен бастау алып, қола дәуірінде жалғасын тапты.
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: (грек., тас), lіthos, дәуірі, жаңа, неолит, және, neos
Просмотров: 3002 | Загрузок: 309 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
avatar