Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы) - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы)
[ · Скачать удаленно (20.2Kb) ] 31.10.2012, 21:28
Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы). 9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук).
Оғыз мемлекеті
8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.
Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.
9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады.
Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.
10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.
Пайдаланған әдебиет
↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том, 4 бөлім
↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
�_���(�i �dj орай соңғы кезде Пазырық мәдениетінің осы өлкелермен екі арадағы тікелей сабақтастығы жайлы пікірлер айтылды. Бұл зерттеушілердің болжамы бойынша, Алдыңғы Азияда (Иран) скифтермен бірге жорықта болып, біраз уақыт билік құрып, кейін ығыстырып шығарылған көшпелі киммериялықтар (кемерлер) Таулы Алтай өңіріне келіп, мәдениеттің қалыптасуына мұрындық болған. Қазақстан ғалымдары (К.Ақышев, т.б.) Пазырық мәдениетін сақ мәдениеттерінің бірі деп санады. Пазырық мәдениетінің ерекше бір саласы – Пазырық обалары. Таулы Алтайдағы Үлкен Ұлаған өзенінің оң жағалауында, Пазырық алқабында диаметрі 24 – 47 м, биіктігі 1,5 – 3,7 м болатын бес үлкен оба қазылды. Тас үйінділердің астында тереңдігі 4 м, ауданы шамамен 50 м2-ге жететін үлкен қабірлер ашылған. Оюлы ағаш саркофаг-табыттарға салынған адам мүрделері биіктігі 2 м, қабырғалары екі қабаттап өрілген, едені мен төбесі бар, іші кең бөрене қималардың ішіне қойылған. Қиманың сыртынан көптеген жылқы сүйектері табылған, мысалы 1-обада 10, 2-обада 7, 5-обада 9 жылқы денесі табылса, 3, 4-обаларда олардың саны 14-ке жетеді. Кезінде қатты тоналғанына қарамастан, қабір ішінде сақталған тоң қабатына байланысты көптеген металл, ағаш, киіз, тері, мата бұйымдары бұзылмаған. Олардың арасында түрлі киім үлгілері, арба, Алдыңғы Азиядан әкелінген түкті кілем сияқты жәдігерлер айрықша орын алады. Бальзамдалған ерлер мен әйелдер мүрделері аса құнды ғылыми деректер саналады. Бұл обаларда тайпа көсемдері мен бай ақсүйектер жерленген. Бұл әлемнің басқа жерінде кездеспейтін, ең алдымен, Еуразияның далалық өлкелеріне тән құбылыс. Қазіргі күнде негізгі бөлігі қазылды.
Пайдаланған әдебиет
↑ «Қазақ Энциклопедиясы»


Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: басы), ғасырлардың, мемлекеті, Оғыз, (9-11
Просмотров: 2758 | Загрузок: 301 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar