Опайыс – қола дәуірінің қонысы. - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Опайыс – қола дәуірінің қонысы.
[ · Скачать удаленно (15.9Kb) ] 31.10.2012, 21:22
Опайыс – қола дәуірінің қонысы.


Мазмұны
1 Аумағы
2 Сипаттамасы
3 Сілтемелер
4 Пайдаланылған әдебиеттер
Аумағы
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында, Талды темір жол станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде. Қоныстың қазіргі сақталған көлемі шамамен 5 – 7 мың м2. 1979 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы жүргізген зерттеу жұмыстары барысында ауданы 225 м2 бөлігі қазылды. Биіктігі 0,4 м-ге дейін сақталған, жалпақ тастардан қаланған қабырғалары бар, мөлшері 7,5х10,2 м бір үйдің орны ашылды. Оның ұзындығы 1,5 м, ені 2,7 м дәліз түріндегі есігі солтүстік-батыс бұрыштан шығарылған.
Сипаттамасы
Жылытуға, ас пісіруге 3 ашық алау мен шұңқыр түрінде қазылып, іргелері таспен қаланған, үсті де тас тақтамен жабылған 1 пеш қолданылған. Көптеген бағана шұңқырларының орналасу жүйесіне қарағанда, үйдің төбесін ортадағы 2 қатар ағаш бағаналар ұстап тұрған. Қыш ыдыстар, тас қайрақ, қола пышақ сынығы, қыштан жасалған ұршық басы, садақтың сүйек жебесі, қой жауырынынан жасалған тарақ табылды. Қыш жиынтығын беғазы-дәндібай мәдениетінің 70 ыдыс құрайды. Қоныс шамамен б.з.б. 12 – 8 ғасырларға жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер
↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 том


Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: дәуірінің, Опайыс, Қола, қонысы.
Просмотров: 687 | Загрузок: 202 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar