Қостанай уезіндегі көтеріліс - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Қостанай уезіндегі көтеріліс
[ · Скачать удаленно (15.7Kb) ] 06.11.2012, 19:05
Қостанай уезіндегі көтеріліс – қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі. Ресей патшасының майдандағы қара жұмысқа қазақтарды алу туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығына қарсы Қостанай уезінің Қарабалық, Меңдіқара болыстары наразылық білдірді. 12 шілдеде Қарабалық көтерілісшілері болыс Қыдыровты өлтіріп, жасалған тізімді жойып жіберді, болыс кеңсесін өртеді. Тамыз айының басында шақыру орындарына 74 адам келмей қалды. Уезд басшысы жоғарыға жасаған мәлімдемесінде қарулы қазақтар "орыс қоныстанушыларына зиян келтірмесе де, полицияға барынша өшігіп отыр” деп көрсетті. Бестөбе болысында қылышпен, сойылмен және балтамен қаруланған көтерілісшілер тобы 2000 адамға жетті. Ең күшті толқу 500 адамнан жасақ құрған 4, 5, 6 және 8-а-дарда болды. Қаратамыр қонысына (өрқаш к. маңында) жиналғандарды 85 жастағы Е.Жиеналин, молда С.Төребеков, О.Балғожин басқарды. Көптеген қазақтар көрші Торғай уезіндегі көтерілісшілерге барып қосылды. Тамыз айында уезд басшысы өкіметтен әскер алдырды. Жазалаушы әскер көтеріліс басшыларын ұстап, тұтқынға ала бастады. 1916 ж. күзде Аманқарағай болысындағы 2470 шаңырақтың 600-і Торғай уезіндегі көтеріліске қосылды. Желтоқсанда 2 зеңбірек және 2 пулеметпен қаруланған Қостанай әскери отряды көтерілісті басуға шықты. 1916 жылы 21 желтоқсанда басталған көтерілісшілер мен жазалаушылар арасындағы ұрыстар 1917 жылдың ақпанына дейін созылды. Көтерілісшілердің бір бөлігі патша өкіметіне мойынсұнды, қалғандары Амангелді Иманов бастаған көтеріліске барып қосылды.
Пайдаланған әдебиетттер
↑ «Қазақ энциклопедиясы», VI-томм 
↑ Жетісу энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қостанай, көтеріліс, Уезіндегі
Просмотров: 642 | Загрузок: 176 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar