Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі Қазақстан - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі Қазақстан
[ · Скачать удаленно (24.5Kb) ] 31.10.2012, 21:26
Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі Қазақстан


Мазмұны
1 Қазақстанның көнетас (палеолит) дәуірі
2 Қазақстанның ортатас (мезолит) дәуірі
3 Қазақстанның жаңатас (неолит) дәуірі
4 Пайдаланылған әдебиет
Қазақстанның көнетас (палеолит) дәуірі
Бүгінгі таңда Қазақстан жерінде көнетас (палеолит) дәуірінің үш аймағы белгілі. Олар: Оңтүстік Қазақстан (Қаратау, Жетісу); Батыс Қазақстан (Маңғыстау, Мұғалжар) және Орталық Қазақстан (Солтүстік Балқаш, Сарыарка). Тас дәуірінің осы үш аймағының өзіндік ерекшеліктері болғанымен, олардағы тас өндірісінің жалпы даму бағыты ұқсас.
Қазақстанның палеолит дәуірінің ескерткіштері екі түрлі: бірінші түрі — бірнеше мәдени қабаттан тұратын ескерткіштер. Оларды тек археологиялық қазбалар арқылы зерттеуге болады. Мұндай ескерткіштер біздің жерімізде санаулы ғана. Олар: Қаратаудағы Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ, Түркістан маңындағы Көшқорған, Қарағанды облысындағы Батпақ, Шығыс Қазақстан жеріндегі Шульбинка. Екінші түрі — ашық жер бетінде жатқан ескерткіштер. Қазақстанның палеолит дәуірінің көпшілік ескерткіштері осындай ашық, жер бетінде жатқан ескерткіштерге жатады. Бұл далалы аймақ Қазақстан палеолитінің өзіндік ерекшелігі болып есептеледі.
Тас дәуіріне жататын тарихи тұрақтардың ең көнелері — Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата, Қаратаудағы Арыстанды өзені бойында. Бұлардан табылған тас құралдарды А.Г.Медоев Шығыс Африкадағы Олдувай түрағынан табылған ең көне құралдармен бірқатар уақытта жасалған деп есептеген. Бүл пікірді тас дәуірінің казіргі белгілі мамандары да қолдайды. Сонда Шақпақата және Арыстанды тұрақтары бұдан шамамен б. з. д. 840—140 мың жыл бүрын Қазақстан жерін мекендеген адамдардың тіршілігінің іздері.
Орта палеолиттің келесі кезеңі немесе археологиялық мәдениеті — ашель. Оның хронологиялық шектері бұдан б. з. д. 140—40 мың жыл бұрынғы уақыт. Бұл дәуірдің ескерткіштері Қазақстанның барлық аймағында ұшырасады.
Палеолит дәуірінің үшінші хронологиялық кезеңін мустье деп атайды. Мустье дәуірі мөлшермен б. з. д. 40 мың жыл бұрын басталып, б. з. д. 12 мың жыл бұрын аяқталды. Бұл дәуірдің ескерткіштері Қазақстанның, әсіресе орталық және оңтүстік аймақтарында көптеп кездеседі.
Мустье дәуірінде тас құралдардың түрі көбейді, олардың жергілікті ерекшеліктері пайда болды. Мустье дәуіріне тән деп есептелетін тас құралдар Қаратаудағы Қосқорғаннан және Шыңғыстау тұрақтарынан табылған. Жалпы, мустье дәуіріне тән құралдар — әр түрлі үшкіртастар. Оларды тасты өңдеу арқылы жасаған, кейде ұштарын ретушь әдісімен екінші рет өңдеп өткірлеген. «Ретушь» әдісі дегеніміз — тас құралдың жүзіне ұсақ кертіктер (ара жүзі сияқты) жасау арқылы өткірлеу. Мустье дәуірінде тағы бір көп пайдаланылған құрал — түрлі қырғыштар. Олардың сыртқы пішіні сопақша, үшбүрышты, ұзынша төртбүрышты. Қырғыштардың да жүзін ретушь әдісімен өңдейді.
Сонымен қатар мустье дәуірінде де дөңгелек нуклеустер, екі жақ бүйірі қырналған атпатас құралдар кездеседі. Әсіресе Орталық Қазақстан ескерткіштерінде көбірек кездесетін атпатас құралы Орталық Азияның көп жеріне тән.
Шығыс Қазақстанның Шульбинка маңынан археологтар тұрақтың орнын тапқан. Онымен көршілес аймақтарда мустье дәуіріне жататын тұрақтар кездеседі. Ғалымдар оны: «мустьеліктердің шеберханалары, тұрақтары» дейді. Бұл — мустье дәуірі адамдарының бір орыннан екінші орынға жылжып кезе бермей, ұзақ уақыт бойы бір жерде қоныстанып отырғандығын көрсетеді. Қазақстан жерінде соңғы палеолит ескерткіштері тым аз кездеседі. Ғалымдар Бұл жағдайды соңғы палеолит кезіндегі құрғақшылықтың күшейіп, су азайып, яғни табиғи жағдайдың адам өмір сүруі үшін өте қолайсыз болуымен байланыстырады. Мустье заманынан бері адамдар мекендеген, кейіннен Ш.Уәлихановтың құрметіне аталған
тұрақтан жоғары палеолит адамдары тіршілігінің ізі табылған. Бұл тұрақ Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойында. Тұрақтың ең бірінші қабатын зерттеушілер соңғы палеолитке жатқызады. Бұл қабаттан тұрпайылау жасалған ірі қырғыштармен қатар жүзі жартылай шеңбер етіп шебер өңделген қырғыштар кездеседі. » .
Соңғы палеолиттің тағы бір белгілі ескерткіші — Орталық Қазақстан жеріндегі Семізбұғы тұрағы. Бұл жерде ең көп кездесетін құралдар — қырғыштар, одан кейін жүзі түзу, кейде қайқы тас
түріндегі пышақтар. Орталық Қазақстанның жоғары палеолитіне жататын ескерткіштердің бірі — Батпақ деп аталатын көне мекен. Оның мәдени қабаты жер бетінен 120 сантиметр тереңдіктен басталады. Онда көзге ерекше ілігетін құралдың бірі — сопақша келген тасты өңдеу арқылы жасалған қырғыштар.
Қазақстанның ортатас (мезолит) дәуірі
Қазақстан мезолит дәуірінің хронологиялык шеңбері, шамамен, б.з.д. 12—5-мыңжылдықтар арасы. Мезолитте төрттік дәуірде жер бетін жапқан мұздықтар еріді. Жер жүзінде бүгінгіге жақын табиғи-климаттық, фауналық, флоралық жағдай қалыптаса бастады. Қазіргіге жақын жануарлар дүниесінің қалыптасуы аңшылықтың жаңа тәсілдерін іздестіруді қажет етті.
Жалпы, мезолит дәуірінің ең бір үлкен жаңалығы — садақ пен жебенің пайда болуы. Садақ пен жебенің пайда болуы аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Аң аулаудың Бұл жаңа тәсілі аңшылық кәсібінің өнімділігі мен оңтайлылығын біршама арттырды. Мезолит дәуірінің тағы бір жаңалығы — еңбек құралдарын дайындауда сынатасты пайдалану қолға алынды. Палеолит дәуірінің соңына қарай Оңтүстік Сібір мен Алтайда микролит құралдары пайда бола бастады. Микролит дегеніміз — ұсак тас тілікшесінен немесе ұсак тас жаңқасынан жасалған құралдар. Олар, әдетте басқа бір құралға сыналанып орнатылады. Мысалға, ағаш сапқа осындай өткір сына тасты орнатып, пышак, жасаған немесе жебе таяғының ұшына үшкірленген сынатасты орнатып, жебе оғын, найза, т.б. құралдар жасаған. Сонымен мезолит дәуірінде сынатас техникасына негізделіп құрастырылған қару- жарақтар пайда болды.
Қазақстанның жаңатас (неолит) дәуірі
Неолит тұрақтары Қазақстанда көп кездеседі. Зерттеу барысында олардың саны қазір 600-ге жақындап қалды. Көпшілігі мәдени қабаты жоқ, әдетте құмды жерде аздаған құралдар ұшырасатын адамдардың уақытша мекені. Уақытша мекендер биік таулы аймақтармен қатар далалы, шөлді өлкелерде де кездеседі. Палеолит дәуіріндегі тұрақ- қоныстарда адамдар ұзақ уақыт өмір сүрген… Ал неолиттік тұрақтар неліктен уақытша мекен болған?» деген заңды сұрақ туады. Оның себебі — неолит дәуіріндегі аңшылардың негізгі аулайтын аңы — аша тұяқты, жайылымын жиі өзгертіп отыратын аңдар болды. Сондықтан неолит заманының адамдары азық ететін жануарлардың қоныс аударуына байланысты бір жерде ұзақ тұрақтамаған.
Осындай уақытша мекендермен қатар адамдардың ұзақ уақыт тұрақты өмір сүрген, мәдени қабаты біршама калың тұрақтар да кездеседі. Мысалы, олар Шығыс Қазакстанда (Усть-Нарым), Орталық Қазақстанда (Қарағанды), Солтүстік Қазакстанда орналасқан. Бұл тұрақтар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналасқан. Олар б.з.д. 3-мыңжылдыкка жатады.
Жерімізден табылған неолиттік ескерткіштер негізгі белгілері жағынан бір-біріне ұқсас, бір мәдени-тарихи топқа жатады. Дегенмен де табылған құралдардың түріне, олардың жасалу техникасының кейбір ерекшеліктеріне, ыдыстардың жасалған материалына, шаруашылық сипатына қарай Қазақстанның неолиттік мәдениетін ғалымдар бірнеше аймақтық топтарға бөліп көрсетеді. Олар — Солтүстік Батыс Қазақстан, Арал, Солтүстік Қазақстан, Балқаштың солтүстігі, Бетпақдала топтары, Орталық Қазақстанның солтүстігі, Жезқазған өңірі, Шығыс Қазақстан топтары. Бірақ көп өлкелерде неолит заманы толык зерттелмеген.[1]
Пайдаланылған әдебиет
↑ Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4
тің ����j ��p ан шыға алмайтын қарт Айшуақ сұлтан еді.


Патшалық биліктің тұрақты қолдауына сүйеніп, қазақ қоғамының орыс билігіне тәуелділігін күшейте түскен сұлтандар партиясын Сырым батыр бастаған азаттық қозғалыс жолында тұрғандар жеңе алған жоқ. Батыр Хиуа хандығы тарапына ығысуға мәжбүр болып, сонда 1802 жылы опат болады.
Пайдаланылған әдебиет
↑ Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т. б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965—33—633—4


�кі�@����j ��� алдын ала кеңесу, ақылдасу деген атымен болған жоқ. 1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Шаруалар қауымын ыдырату, оларды Қазақстанға қоныс аудару жөніндегі реформа Столыпиннің аграрлық реформасы деп аталды.


Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: мезолит, дәуірлеріндегі, Қазақстан, неолит, палеолит
Просмотров: 1608 | Загрузок: 218 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar