Рим өнері - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Рим өнері
[ Скачать с сервера (34.5Kb) ] 13.03.2013, 18:38

                      Ежелгі рим өнері

 

Этрустар өнері (б.з.д VII-VIғғ.).

  Ежелгі дәуірде, қазіргі Италия жерінің солтүстігі мен оңтүстігіне дейінгі аумақты антропологиялық кейпі, кейбір әдет-ғұрпы, киім киісі және діни наным-сенімдері шығыс елдеріне ұқсас этрустар деген тайпалар мекендеді. Зерттеуші-тарихшылардың айтуы бойынша, этрустар Кіші Азиядан келген, оған дәлел, қолдарынан шыққан өнер туындылары көшпелілердің өнеріне өте ұқсас екен. Олар Италия жеріне, шамамен, б.з.д. XII-IX ғасырларда қоныс аударған.

  Этрустар грек өнерін жоғары бағалады және олардың аңыз-әңгімелеріне жақындау болды. Бұл тайпалар өте еңбекқорлығымен көзге түсті. Көне тарихи деректердің сипаттауы бойынша, олар егін егуде, жерді суландыруда ірі жетістіктерге жетті. Сонымен қатар сауда жолында және теңіз айдынында шебер теңізшілер болған. Олар өздерінің тұрғызған кемелерімен Мысыр, Финикия, Карфаген, Грекия және Испания елдеріне саяхаттап, қызу сауда жүргізген.

   Б.з.д. VI ғасыр шамасында этрус өркениетіне эллин мәдениеті әсерін тигізді, соған байланысты олар қара, қызыл пішінді құмыралар жасаумен айналыса бастады.

   Этрустардың көне ескерткіштері б.з.д. VI-V ғасырларда дамыды. Олардың ішінде, әсіресе табыт басына қойылатын мүсіндер жасау елеулі орын алды.

   Этрустарда қола құйма әдісі де дамыды. Олар аңдар мен таңғажайып хайуанаттар бейнесін қызыға жасады. Соның бірі - белгісіз шебер жасаған (б.з.д. 480 жылы) Химераның мүсіні. Этрустардың әйгілі Капитолий өнері ескерткіштеріне қаншық қасқырдың мүсіні жатады.  Аңыз бойынша (б.з.д. 754 жылдары), Римнің негізін қалаған егіз екі жігітті сәби кезінде қаншық қасқыр емізген-мыс. Осы оқиғаны есте қалдыру мақсатында Римдегі жеті шоқының бірі Капитолийде б.з.д. VI ғасырдың соңында осы мүсін орнатылған, ал кейінгі кезеңде Римнің символы болып сақталып қалды.

  Б.з.д. 474 жылы италиялықтар этрустарға соққы береді, сауда жолдарынан ығыстырып, қуатынан айырады. Сөйтіп, V ғасырдың басында этрус мәдениеті құлдырай бастады. Қақтығыстарға қарамай этрус суретшілері грек өнерінің мол мұраттарын өте шебер пайдалана білді және этрустардың өнері Римнің көркемөнерін жоғары деңгейде қалыптастыруға ерекше үлес қосып отырды.

  

  Рим өнері. (б.з.д. IV-IIғғ.).

   Б.з.д. IV-II ғасырлар аралығында Рим күшеюіне байланысты Жерорта теңізі маңайындағы, яғни жан-жағындағы мемлекеттерді жаулап ала бастады, содан б.з.д. I ғасырда ірі құл иеленуші күшті мемлекеттердің біріне айналды.

   Рим мәдениеті, өнері этрустар мен гректердің әсерімен дамыды.

   Римдіктердің тарихына этрустардың бірнеше ғасыр бойы әсер еткендігінің белгілері әлі де сақталып келеді.

   Жан-жағындағы елдерді жаулап, өзінің билігін жүргізген римдіктер, оларға тәуелді, яғни тиесілі патшалықтардың ең құнды заттарын, әсем ескетркіштерін өз еліне әкетіп жатты. Сонымен Грекия Римді, бір жағынан, өз сәулетшігімен жоғары көтерсе, екіншіден, қоғамдық ғимарат алаңдары неше түрлі мүсіндерге толды. Олардың ішінде Фидий, Мирон, Поликлет сияқты ұлы шеберлердің туындылары болды.

   Римдіктер көп нәрсені грек өнерінен үйренді, олар грек сәулет өнерін жоғары бағалаумен қатар, өте жақсы игерді. Оны сол кезеңдегі құрылыстардан байқауға болады.

    Рим шеберлері құрылыстарды қалыпты етіп тұрғызуда гректер мен этрустардың және шығыс елдердің бай тәжірибесін пайдаланды. Рим сәулет өнерінде бастапқы орында тұрған Рим форумы ерекше аталады. Ең алғашқы форум Помпей атауымен белгілі.

   Бейнелеу өнерінде римдіктер портретке көп көңіл бөлді. Олардың портреттік мүсінінде нақтылық пен айқындық бар, онда Рим өнерінің ерекше көркемдігі көріне бастады. Тарихи тұлғаларды мүсіндеу жолға қойылды және ақиқат, шындық бейнелер жасау мақсат етілді.

 

Рим империясы өнері (б.з.д. IV-I ғғ.).

  Біздің жыл санауымыздың басында Италияда республикалық құрылыс құлап, оның орнына Рим империясы орнады. Алғашқы император болып Октавиан Август тағайындалды. Ол басқарған үкімет басқа халықтарға қатысты өте қатаң саясат ұстады. Август елдің мемлекеттілігін сақтады және құрылысты жаңартты, императорлық билікті қаз қалпында ұстады. Бұл император үлкен реформаторлық өзгерістер әкелді.

   Августтың дәуірі өнерді гүлдендіру, яғни гректің классикасын жалғастыру кезеңі болды. Император саясатта да, әдебиетте де, өнердің барлық түрінде римдіктердің басқалардан артықшылығын баса көрсетті. Ең алдымен, Рим қаласын қолға алды, ескі кірпіштен қаланған шаһарды қайта жаңғартып, жарқыраған ақ мәрмәр тастан салдырды. Осындай құрылыстардың ішінен 50-70 жылдары салынған Колизей амфитеатры ерекше аталады. Оның қабырғасы ірі тас кесектерден қаланған және биіктігі 50 м дейін жетті. Амфитеатрға 50 мың адам сыяды. Оның ішінде жүздеген бөлмелер, демалатын, жуынатын, тіпті жабайы аңдардыұстайтын ,бағатын орындар болған. Сонымен қатар қала кең көлемді кітапханаларымен әлемге танылды.

   Императорлар өздерінің жеңісі мен айбынын білдіретін ескерткіштер соғуда арка тәсілін қолданды. Осындай арканың бірі- император Титидің жеңісіне қойылған ескерткіш. Ескерткіштің жалпы биіктігі 20 м-ге жетеді.

  Империя дәуірінде  өмір сүрген абыз, ақсүйектердің қалай тұрғанына, әсем өрнекті құрылыстарының қандай болғанына Геркуланум мен Помпей қалдықтарынан көз жеткізуге болады. Олардың үйлерінің, сарайларының керегелері росписьтермен көмкеріліп, мозайкалармен безендірілген.

   Сондай әсерлі, әдемімозайканың бірі Фавы үйінен табылған еді. Ондағы мозайка көлемді, 15 м аумақты алады. Көрікті де көркем шығармада Александр Македонскийдің парсы патшасы Дариймен соғысы әсерлі  бейнеленген.

   Императорлық Римде бейнелеу өнерімен қатар салтанатты сәулет кешендері, қорымдар салу жоғары деңгейде көтерілді. Траян қорымын көне қорымдарының бірі ретінде қарастыруға болады. Ол орасан зор аумағымен, еңселілігімен көзге түседі.

   Жалпы қорым төртбұрышты алаңды алып жатыр, аумағы 116Х95 м-ге дейін. Алаңның дәл ортасында атқа мінген император Траянның қоладан құйылып, алтынмен апталған мүсіні бар. Қазіргі кезде бұл қорымнан тек мүсін мен Траян мұнарасы ғана сақталып қалған. Осы атақты мұнара бедері сол кездегі Рим имперясы бейнелеу өнерінің ең көрнекті ескерткіші болып табылады.

   Императорлар заманында портреттік, аттылы мүсіндер сомдау кеңінен тарады. Олар көбіне қоладан сомдалып, мәрмәр тастармен қапталды. Сондай айтулы салт атты мүсіннің бірі - император Марк Аврелидің салт атты сом бейнесі. (180 жыл)

   Кейінгі ғасырларда өмірге келген мүсіншілер Донателло мен Андреа дель Веррокко осы мүсіннің сомдалу тәсілдерін зерттей отырып, әсем ескеткіштер жасады.

    IV ғасырдың соңы мен III ғасырдың басында Рим империясы әлсіреп, солтүстік-шығыстан көптеген тайпалар елді жаулап алып, жаугершілік әрекетпен қоныстана бастады. Олар бірінен соң бірі келіп, Римді басып алып, оны тонап, байлықтарын талан-таражға салды. Осындай қозғалыстан кейін, 476 жылдар шамасында Рим шапқыншы-одақтас тайпалардың қолына көшті. Сөйтіп, Рим империясының бір бөлігі - Батыс империя өз өмірін тоқтатты. Екінші бөлігі- Шығыс имперясы экономикасы мен өнерін дамытып, одан әрі өркендеді.

Категория: Тарих | Добавил: GooD | Теги: өнері, Рим
Просмотров: 3543 | Загрузок: 341 | Рейтинг: 3.6/7
Всего комментариев: 0
avatar