Саяси ағарту мен мектеп жуйесінің құрылуы - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Саяси ағарту мен мектеп жуйесінің құрылуы
[ · Скачать удаленно (29.5Kb) ] 31.10.2012, 21:12
Саяси ағарту мен мектеп жуйесінің құрылуы


Мәдени революцияның мақсаты. Мәдени революцияның жүзеге асырылуы социалистік қоғам құру туралы Лениндік жоспардың бір тармағы болатын. Мәдени революция қоғамдық өмірдің барлық саласын камтып, жаңа модениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеу міндетін шешуге тиісті болды.Мәдени революция коммунистік партия белгілеген міндеттерге сөйкес білім беру, ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту дегенді білдіреді. Бұл кезеңде Қазақстан мәдениеті кеңес елінің орталық аудандарынан айтарлықтай артта калғанды. Халықтың басым көпшілігінің бастауыш білімі де жоқ ягни сауатсыз еді. Соган байланысты Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиісті болды: біріншіден, мәдени артта қалушылықты жою, екіншіден, білім беру, іліми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру.Мәдениет саласындағы жұмысқа басшылық жасау және бақылау жүргізуді партияның ОК хатшылығы жүзеге асырып отырды, ал жергілікті жер лерде бұл істі партия комитеттері мен ұялары, олардың насихат және үгіт жүргізу коллегиялары атқарды. 1920 жылы тамызда партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды. Осы жылы 6-шы қарашада РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси-ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және мемлекеттік орган мәдени революцияға күнделікті практикалық басшылықты жүзеге асыра бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында партияның мәдениетке байланысты әр түрлі мәселелер туралы мәжілістер өткізілді.
Мазмұны
1 Мәдени революцияның міндеттері
2 Сауатсыздықты жою
3 Әліпбиді өзгерту
4 Саяси ағарту жүйесі
5 Пайдаланылған әдебиет

Мәдени революцияның міндеттері
Қазақстанда мәдени революцияны тұпкілікті жүзеге асыру үшін біркатар міндеттерді шешу қажет болды жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім тарату шараларын жүзеге асыру: Қазақстандағы оқу-ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, окытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу; Рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту; Кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін-театр, кино, бейнелеу өнерін, т.б. калыптастыру; Қазақстанда ғылымды дамыту үшін ғылыми мекемелер жүйесін күру; Жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным-сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмір салтын еңгізу; Социалистік коғам күру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау; Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін күру. Осылайша 1920-1930 жылдары партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық және мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ рухани саладағы мекемелер мен ұйымдар қызметі арқылы жаңа кеңестік сана калыптастыру ісіне бағытталды. Мәдени саясат дегеніміз-түпкі мақсаты. Біртұтас социалистік модениет қалыптастыру үшін партия, біржағынан-шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге, екінші жағынан-халықтың жалпы білімі мен мәдени деңгейін көтеруді ұсынды. Мұндай көзқарас әр түрлі ұлттық мәдениеттер қызметінің әрісін айтарлықтай тарылтты. Көп ұлтты мемлекеттің рухани саласын бірегейлендіру беталысы кейінірек ондағы қарама-қарсылықтардың шиеленісуіне алып келді.
Сауатсыздықты жою
Кеңес өкіметінің алғашқы құндерінен бастап мәдени құрылыс мәселесімен халық ағарту бөлімдері айналыса бастады. Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 жылы 26 желтоксанда РКФСР ХКК қабылдаған «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді. 1919-1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды: Халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі; Жаңа окулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі; Қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының өлсіздігі. 1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. «Сауаташқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабак өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 акпанда Қаз ОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы съезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті.
Әліпбиді өзгерту
Сауатсыздықпен күрес барысында сол мезгілге шейін пайдалануда келген араб графикасын латын графикасымен алмастыру мәселесі қойылды. РКФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты 1923 жылы араб карпіне реформа жасау жөніндегі комиссия құрды. бұл комиссия Ұш мәселе бойынша жұмыс жасады: Жазуы жоқ халықтар Үшін жазу даярлау; Өз жазуы бар халықтарды латын әрпіне көшіру; Түркі жазуынреформалау. 1926 жылы наурыз айында Бүкілодақтық тұркологтар съезі өтіп, түркі тілдес халықтар жазуынлатын графикасыңа көшіру мәселесі қаралды. Латын қарпіне көшу ісіне сол кездегі қазақ АКСР халық ағарту халкомы А. Байтурсынұлы қарсы шықты. Ә. Бөкейханов пен А.Байтурсынұлы араб жазуының кейбір белгілерін жеңілдетуді ұсынды. Араб әліпбиін қалдыруды жақтаушылар латын қарпін қолдануға көшу-ұлттық мәдениетке жасалған қастандық екендігін айтты. Олар Қазақстанда тек еуропалықтарға тән жаңа әліпбиге көшу қажет, бірақ оған олі жағдай пісіп-жетілген жоқ деп есептеді. Алайда біртұтас мәдениет кеңістігін орнықтыру міндетін ұстанған кеңес басшылығы республика өкілдерінің пікірімен санаспады. Жаңа әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылып, ол 1928 жылдың күзінде латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиінің жобасың ұсынды. латын қарпіне түгел ауысып болғанша араб графикасы пайдаланыла тұратын болды. Полиграфиялық техника латын алфавитімен жабдықтала бастады.Бұл газет, окулықтар, әдебиеттер шығаруды жеңілдетті. Республика бір мезгілде екі әліпбиді, яғни: қазақ тілі үшін-латын, орыс тілі үшін-кириллицаны қолданатын болды. XX ғасырдың 30-жылдарының соңына қарай КСРО тоталитарлық мемлекетке айналды. Тоталитарлық жүйенің орнауы мәдениеттен де байқала бастады. 1940 жылы кириллица негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің жобасы жасалды. Жоғарғы кеңестің 1940 жылы 10 қарашадағы V сессиясында «латынданған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпебиге көшіру туралы» Заң қабылданды.
Саяси ағарту жүйесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Қазақстанда сауатсыздықты жою Коммунистік партияның жергілікті халық арасында саяси ағарту жұмысын жүргізуімен тығыз байланысты болды. Жергілікті халықтың саяси сауатын ашу, олардың қатарынан коммунистерді тәрбиелеп шығару осы кезеңдегі қазақстандық коммунистік партияның басты міндеті еді. Халық арасында үгіт жүргізуді күшейту үшін саяси ағарту ісінің әр түрлі тәсілдері: дәріс оқу, баяндама, әнгімелесу, пікірталастар, әр қилы кәрнекілікті шерулер өткізу қолданылды. 1920-1930 жылдарда Қазақстанда саяси-ағарту орындарының ең көп тараған түрі: оқу үйлері, қызыл отау, клубтар, кітапханалар, ағарту қызметкерлерінің үйлері болды. Қазақстан коммунистері үшін саяси-ағарту ісі маңызды міндетке айналды, өйткені олардың көпшілігінің саяси идеялық дайындығы төмен деп саналды. Республика коммунистерін тәрбиелеу үшін саяси сауат ашу мектептерінің жүйесі құрылды. Бұл мектептерде оқуға партиялық, кеңестік, қәсіподак жұмыстарын атқаруға лайық деген белсенділер тартылды. Коммунистер арасында жүргізілетін саяси ағарту жұмыстарының өзге де түрлері: маркстік үйірмелер (өз бетімен жұмыс істеу дағдысын алу және марксизм теориясынан жалпы түсінік алу) және партиялық клубтар (партклубтар әр түрлі секциялардан партия құрылысы, революция және партия тарихы, қәсіподақ қозғалысы, дінге қарсы насихат, т.б. тұрды) жолға қойылды. 1930 жылдары саяси ағарту жұмыстарының мәні орталық басшылықтың саяси курсы бағытына бейімделе түсті. Партияішілік қатынаста басқарудың әкімшілік формасы орнына бастады. Орталық Азия мен Қазақстандағы коммунистік партия және басқа шығыстық коммуниетік ұйымдармен жұмыс жүргізу үшін Мәскеуде Шығыс халықтары коммунистік ұйымдарының Орталық бюросы құрылды. Осы бюро ұлт тілдеріндегі саяси әдебиеттерді басып шығара бастады.
Пайдаланылған әдебиет
↑ Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдықгуманитарлық бағытыңдағы 11-сыңыбыңа арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-106-1



Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жуйесінің, саяси, мектеп, құрылуы, ағарту
Просмотров: 1039 | Загрузок: 242 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
avatar