Сырым Датұлының бастаған көтерілісі + СЛАЙД - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Сырым Датұлының бастаған көтерілісі + СЛАЙД
[ · Скачать удаленно (72.0Kb) ] 06.11.2012, 20:32

Кіріспе.
Бұл жұмысым Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі болған түрлі көтерілістердің бірі - Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды.
Қазақ шаруаларының феодализмге және отаршылдыққа қарсы күресі. .

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның Россия құрамында дамуының екі бағыты болды. Бірі — Россияның озық экономикасы мен мәдениетініц ықпалымен қазақ кауымы шаруашылығының, мөдениетінің прогрессивтік бағытта өсуі, екіншісі — қазақ қауымының феодалдық тобына арқа сүйеп, патшалық отаршылдық қанауының күшейе түсуі, 18 ғасырда Қазақстанда феодалдық қатынас одан әрі дамыды, соған байланысты таптық, қайшылықтар да шиеленісе түсті. Феодалдық және отаршылдық қанаудың бір түрі малшы шаруалардың көші-қоныс жерлерін тарылту болып табылады.

Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы жылдарында қазақтар 1756 және 1771 жылғы жарлыққа мойын ұсынбай, Еділ мен Жайық аралығындағы жайылымдық жерлерді пайдалана берді. Бірақ шаруалар соғысын басқаннан кейін бұл жерлерге мал жаю мүмкін болмай қалды. Орал бойындағы шекара линиясы қалпына келтіріліп, қамал гарнизондары күшейтілді. Патша үкіметі сұлтандарды өз жағына тартып, солар арқылы қазақ еңбекшілерінің дүмпуін болдырмауға әрекет жасады. Өз тарапынан Нұралы хан және сұлтандар патшаға шын берілгендігін дәлелдеуге тырысып бақты.

1782 жылғы жарлық бойынша хан шекаралық басшылардан рұқсат алғаннан кейін ғана ауылдар Жайықтан өтіп, көшіп-қонатын болды. Нұралы мен оның жақын тумалары Оралдың казак әскерлерінің старшындарымөн сөз байласа отырып, көштің қоныс тәртібіне қол сұғып, ауылдарды бірігіп тонап отырды. Малшыларды ашықтан-ашық тонау, заманнан қалыптасқан көш жолдарын, қоныстарды өзгертуі ецбекші халықтың шаруашылығын күйзелтті.

Кіші жүз қазақтары көтерілісінің негізгі себебі — жер мәселесінің шиеленісуінен, патша үкіметінің қазақтарға «ішкі жаққа» (Жайық _пеп Еділ аралығына) өтуте тыйым салуы, феодалдық және отаршылдық қанаудың күшеюі, хан мен сұлтандардың, Орал казак әскерінің, патша әкімшілігінің тарапынан ашықтан-ашық тонау, зорлық-зомбылық көрсетумен болды.

Шаруалар мен феодалдардың арасындағы қарама-қайшылықтар шиеленісумен қатар, феодалдық таптың өз ішінде де бплік үшін тартыс жүріп жатты. Дала ақсүйектері (сұлтандар) патриархалдық феодалдық билеушілердің (би, старшын, батырлар) ықпалының күшеюімен келіскілері келмеді. Әртүрлі феодалдық топтардың арасындағы күрес-тартыс таптық күштердің белгілі дәрежедегі ықпалына жәнө көтерілістің барысына әсерін тигізді. Оның негізгі күші шаруалар еді. Көтеріліске билер мен старшындар, батырлар да қатысты. Олар қаналушы халықтың дүмпуін, наразылығын өз мақсаттарына жұмсамақ болды. Қарапайым шаруа старшындар мен батырлар қауымның мүддесін ойлайды, сонымен қатар, олар хан мен сұлтандардың тепкісінен халықты азат етпек деген жалған ойда болды. Сондай-ақ, бұлардың бастауымен

Орал казак әскерлерінің шабуылынан да құтыламыз деп ойлады. Патриархалдық феодалды бай-манаптардың көздеген мақсаты шаруалардың мақсатымен ұштаспайтын еді, олардың арасында қарама-қайшылық болды. Көтеріліске шыққан шаруалар феодалды және отаршылдық қанаудан құтылмақ ойда еді. Олар хан мен сұлтандардың тарапынан зорлық көріп, алым-салықтар төлеп тақыр кедейге айналғанды. Шаруалар феодалды құрылысты жою туралы міндетті қойған да жок, және қоймақ та емес еді. Көтерілісті бастаған үстем таптың өкілдері хан мен сұлтандардың хұқтарына ғана шек қойып, жүздегі өзінің беделі мен үстемдігін нығайтуды көздеді. 1782—83 жылдардың қысында «Ішкі жаққа» өткен Кіші жүз малшыларының 4 мыңнан астам жылқысын Орал казак әскерлерініц старшындары айдап әкетгі. Осыдан кейін іле-шала Орал әскерлері таяу жатқан ауылдарға шабуыл жасайды екен деген қауесет тарады. Сонымен Кіші жүздің батыс аймағында дүмпу пайда болды. Бұл қауесет басқа жерлерге де жайылды. Көтерілісшілер топтары ұйымдасып, әдеттегідей оларды ру старшындары басқарды. Солардың ішінде ерекше көзге түскені Сырым батыр еді. Ол ірі феодал, Байбақты руының старшыны болатын.

Сырымның ауылы Ембі мен Жайықтың арасын жайлайтын. 1785 жылдың басында Сырым Датовтың отрядында 2700 адам болды. Бұл кезде көтерілісшілердің жалпы саны 6 мыңнан астам еді. Олардыц негізгі ұйытқысы Сағыз өзенінің бойына топтасқан. Бұлардың саны барған сайын арта түсті.
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Сырым, слайд, көтерілісі, бастаған, Датұлының
Просмотров: 4325 | Загрузок: 640 | Рейтинг: 3.7/3
Всего комментариев: 0
avatar