Тас дәуірі - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Тас дәуірі
[ · Скачать удаленно (34.6Kb) ] 31.10.2012, 22:39
Тас дәуірі – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.
Мазмұны
1 Кезеңдері
1.1 Палеолит
1.2 Мезолит
1.3 Неолит
2 Ерекшелігі
3 Ертедегі тас дәуірі
3.1 Мәдениеті
3.1.1 Олдувайлық мәдениет
3.1.2 Ашельдік мәдениет
3.1.3 Орта және соңғы ашель
4 Сонғы палеолит
5 Мезолит
5.1 Құралдар
5.2 Мәдениеті
6 Неолит
6.1 Шаруашылығы
6.2 Мәдениеті
6.3 Тұрақтар
7 Дереккөздер

Кезеңдері

Қазақстанның тас дәуірі мына кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді:
Палеолит

Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.

а) Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) – 2,6 млн. – 700 мың жыл.

ә) Ашель – 700 – 150 -200 мың жыл.

б) Мустье (орта палеолит) – 150-200 – 35-30 мың жыл.
в) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл – б.з.д.Ю-мыңжылдық.
Мезолит
Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) – б.з.д. 10 – 7-мыңжылдықтар.
Неолит
Неолит (жаңа тас ғасыры) – б.з.д. 7-6 – 4-мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит – голоценге жатады.
Ерекшелігі
Тас ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 4-3 – 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.
Ертедегі тас дәуірі
Ертедегі тас дәуірі – адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуіріндеп адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашелъге сәйкес келеде. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғы шарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардын кәзіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді.
Мәдениеті
Олдувайлық мәдениет
Олдувайлық мәдениет – бұл Homo habilis деп аталған ертедегі адамның («іскер адам») өмір сүрген уақыты. Олдувайлық кезең өзінің ұзақтығымен (шамамен 2 млн. жыл) палеолиттің басқа да кезеңдерін бәрін қосқаннан да асып түседі.
Бұл кезде тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар құраған, ал құралдардан сол кезең мәдениетіне сәйкес чопперлер мен чопингтер болған. Ағылшын тілінде чоппер және чопинг «шабатын құрал», «балта», «кесу механизмі» дегенді білдіреді. Чоппер – бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен жұмыр тасы немесе домалак тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған, кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман. Чоппингте – соған ұқсас, бірақ екі беті де өңделген дөрекі құрал. Жаңқалар деп негізінен тастарды өңдегенде алынатын қалдық түрлерін айтады, бірақ еңбек және аңшылық құралдары және кесуші тас бұйымдар солардан жасалады деу қате болады. Дайын бұйымдарды (құралдарды) жасау үшін тасты қашауға шой балға пайдаланылды.
Олдувайлық дәуірде адамдарға от әлі таныс емес еді.
Ашельдік мәдениет
Ашельдік мәдениет 3 кезеңге бөлінеді: ерте, орта және соңғы ашель. Ерте ашельдік тұрақтарда, олдувайлық ескерткіштер сияқты, чопперлер, чопингтер т.б. кездесіп отырған. Бірақ бұл жерде жаңа, өзгеше құрал – қол шапқышы пайда бола бастаған.
Палеолит жәйлі әдебиеттерде «қол шапқыш» терминінің орнына екі беті де өңделгең құралды білдіретін «бифас» термині жиі қолданылып жүр. Бірақ «бифас» термині «қол шапқыштан» гөрі кеңірек ұғым. Олар орта, кейінгі ашельге және мустьеге тән және сонда кездеседі, сонымен қатар, шабуға емес, кесуге, қыруға арналған және сүңгінің үштығы есебінде қолданылды. Одан басқа осы кездері тас бүйымдарды шабатын құрал – кливер пайда болады. Шапқыш сияқты, ол да екі жағынан да қашалған құралға, яғни бифасқа жатады. Палеолит туралы әдебиеттерде кливерлерді кейде көлденең жүзді шапқыш, кескіш деп те атаған.
Дегенмен, ерте ашельдің тас артефактарының негізгі бөлігін әртүрлі кескіш, қырғыш, тескіш т.б. құралдар бола алатын жаңқалар құрады. Бұл кезеңнің адамдары аңшылықпен, терімшілікпен айналысты. Балық аулау мен теңіз моллюскаларын жинаумен де айналысу тәжрибесі жинақталды, енді от та таныс бола бастады. Ерте ашельдің жасы 700-300 мың жыл.
Орта және соңғы ашель
Орта және соңғы ашелдегі (б.зд. 300-150 мың ж.) тас жинақтарда алдыңғы дәуірдегі барлық еңбек және аңшылық құралдар сақталды, бірақ оларды жасаудың жаңа прогрестік белгілері пайда бола бастады. Бұл алдымен жіңішкере бастаған шапқыштардан білініп тұрды. Анығырақ техникалық прогресс әсіресе, леваллуалық тас өңдеу техникасында және леваллуалық нуклеус, жаңқалар жөне пластинкаларда байқалып отырды. Леваллуалық техниканың мағынасы неде? Бұл кезде кейін құралдарға айналатын жаңқалар мен пластиналарды сындырып алуды бастамас бұрын, әуелі нуклеустарды барлық жағынан алдын-ала мүқият қашап алатын болды Бұл техниканың негізгі өзгешелігі осында еді.
Ертедегі палеолит үшін леваллуа техникасының таралуы ірі техникалык төңкеріс болды. Орта және соңғы ашель тас жинақтарында өткен дәуірде-ақ пайда болған майда құралдар – қырғыш, жонғыш, бұрғы т.б. болды. Бұл кезеңнің ескерткіштерінде тас шоқпарлар, найзалар т.б. кездеседі.

�лгі�T ��� �� індерге көптеген әскери естелікнамаларға, оның ішінде «В памяти нет тишины» және «Мой передний край» деп аталатын оның өз кітаптарына бағыт сілтейміз. Бейбіт уақытта да Сағадат Қожахметұлы алдыңғы қатарда болды. Қазақстандағы әскери құрылым оның қатысуынсыз болмады.
Тарих пәнінің мұғалімі болу бұйырмаса да, ол өзінің ерекше тағдырымен республиканың әскери басшыларының тарихын құрып берді. Бүгінгі таңда генерал Нұрмағамбетов отставкада болғанына қарамастан әскери иерархияның ең жоғарғы сатысында. Өмір тәжірибесі отставкаға кетпейді. Ол кітаптар жазады, жастармен кездесіп, ел мен армияның тағдыры туралы толғанады. Өмірінің ең үлкен кезеңі — 1942 жыл мен 1996 жыл аралығын ол әскери карьераға арнады. Тамаша офицер — тамаша карьера. Ол жас тәуелсіз мемлекеттің Қорғаныс министрлігін құрған түңғыш жан болды. Әрине, бос орыннан емес, армия өмір сүрді, бірақ … қазақтар арасынан бірде бір полк командирі болмады, әскери училищеде небәрі екі әскери мамандыққа оқытты, орасан зор материалдық- техникалық ресурстарды ысырап ету, жақсы кадрлардан айырылу қаупі болды. Бәрін бір уыстың астында ұстау, бәрін орнықты қолдану, әскери машинаны қозғалысқа келтіру үшін ерлік, ерік-жігер, дәл осындай әскери басшының тәжірибесі қажет болды. Ол қазіргі армияның өзекті мәселелері туралы неге онша ашылып айтқысы келмегенін, әскери формадағы жемқорлық туралы тіпті ойлауға да ерік бермегінінің сырын ұқтым. Ол үшін армияның ар-ұжданы — қаншама жылдар бойы термен келген өзінің ар-ұжданы. Көрнекті мемлекеттік қайраткер. Әскери атағы – армия генералы. Үйленген. 2 баласы, 4 немересі бар.
Пайдаланған әдебиет
↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық – көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. "Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN: 978-601-01-0268-2
↑ Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: дәуірі
Просмотров: 2115 | Загрузок: 293 | Рейтинг: 4.2/4
Всего комментариев: 0
avatar