Томас Кун - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Томас Кун
[ · Скачать удаленно (90.0Kb) ] 06.11.2012, 20:39
Томас Кун

Томас Сэмюель Кун (1922-1996) – американдық философ және ғылыми тарихшысы, постпозитивтік ғылым философиясының басты өкілдерінің бірі. Негізгі шығармасы «Коперникиандық рефолюция» (1957), «Ғылыми революциялардың құрылымы» (1962), «Қара дене теориясы және кванттық үзіктілік» (1978) және т.б.

Тарихтың рөлі

Тарих, егер оны жай хронологиялық тәртіппен орналасқан анекдоттар мен деректердің қоймасы ретінде ғана қарастырмайтын болсақ, онда ол ғылым туралы бізде қазіргі уақытқа дейін қалыптасқан түсініктерді бел буып, қайта құру үшін негіз бола алар еді. Бұл түсініктер (тіпті ғылымдардың өзінде де) басты түрде классикалық еңбектерде немесе кейініректе оқулықтарда тұнып тұрған ғылыми жетістіктерді зерделеу негізінде пайда болған; бұл еңбектер мен оқулықтар бойынша ғылыми жұмыскерлердің әрбір жаңа ұрпағы өз ісінің практикасында оқып-үйренетіні белгілі. Бірақ мұндай кітаптардың мақсаты олардың өз жаратылысы бойынша материалды сенімді әрі түсінікті баяндау болып табылады. Солардан қорытылған ғылым ұғымының, ықтимал, ғылыми зерттеудің шын практикасында сәйкестігі туристер үшін жарнамалық проспектілерден немесе тіл бойынша оқулықтардан влынған мәліметтердің ұлттық мәдениеттің реалдық бейнесіне сәйкестігінен асып кетпейді. Ұсынылып отырған очеркте ғылым туралы мұндай түсініктердің ғылымның магистралдық жолдарынан жаңылдырып жіберетінін көрсетуге талпыныс жасалады. Оның мақсаты ғылыми қызметтің өзін зерттеудегі тарихи келістен айқындалатын ғыымның мүлде басқа тұғырнамасын (концепциясын) сұлба түрінде болсын бейнелеп беруде.

Алайда, егер тарихи берілгендердің ізделуі мен талдауын басты түрде классикалық еңбектер мен оқулықтар негізінде қалыптасқан антитарихи стереотиптің шеңберінде қойылған сұрақтарға жауап беру үшін жалғастырар болсақ, онда тіпті тарихты қаншама зерделегенмен жаңа тұғырнама туындамайды. Мысалы, бұл еңбектерден көбіне ғылымның бар мазмұны тек солардың беттерінде суреттелетін бақылаулармен, заңдармен және теориялыармен ғана анықталады деген қорытындыны сұранып тұрады. Жоғарыда айтылған кітаптар, көбінесе, ғылыми әдістер оқулық үшін берілгендерді іріктеу әдістемесімен және бұл берілгендерді оқулықтың теориялық қорытындыларымен байланыстыру үшін қолданылатын логикалық операциялармен тура ғана сай келетіндей трғыда түсініледі. Нәтижесінде ғылымның табиғаты мен дамуына қатынасты ойдан туындаған жорамалдар мен алдын ала қалыптасқан түсініктердің үлесі тым көп болатындай ғылымның тұғырнамасы пайда болады.

Егер ғылымды қолданыстағы оқулықтарда жинастырылған фактілердің, теоиялардың және әдістердің жиынтығы деп қарастыратын болсақ, онда мұндай жағдайда ғалымдар – бұл осы жиынтықты жасауға аз болсын не көп болсын табысты түрде өз үлестерін қосатын адамдар. Мұндай көзқараста ғылымның дамуы – бұл ғылыми методология мен білімді айшықтайтын жетістіктердің барған сайын ұлғаятын қорына фактілердің, теориялардың және әдістердің біртіндеп құйылу процесі. Мұндайда ғылымның тарихы осы біртіндеген өсуді де, білімнің жинақталуына бөгет болған қиындықтарды да тіркейтін пәнге айналады. Бұған ғылымның дамуына құлық қоятын тарихшының өз алдына екі басты міндет қоятыны анықталады. Бір жағынан, ол әрбір ғылыми фактіні, заңды және теорияны кімнің және қашан ашқанын не тапқанын анықтауы тиіс. Екінші жағынан, ол қазіргі ғылыми білімнің құрамдас бөліктерінің тезделіп қорлануына бөгет жасаған аумақты қателердің, әпсаналардың және соқыр сенімдердің болғанын суреттеуі әрі түсіндіруі тиіс. Көптеген зерттеулер осылай жүргізілген болатын, ал кейбіреулері қазір де осы мақсаттарды көздейді.

Алайда кейінгі жылдары ғылым тарихшыларының кейбіріне ғылымның қорлану арқылы даму тұғырнамасының оларға жіктелмейтін функцияларын орындау барған сайын қиынға соғуда. Өздеріне ғылыми білімнің қорлануын тіркемелеушінің рөлін алған олар, зерттеу алға басқан сайын кейбір сұрақтарға, мысалы, оттегі қашан ашылды не кім бірінші болып энергияның сақталуын тапты деген сияты, жауап беру оңайланудың орнына, қиындала түсетінін байқастайды. Біртіндеп олардың кейбіріне мұндай сұрақтардың тұжырымдалуы дұрыс емес пе деген және ғылымның дамуы – бұл, мүмкін, жекелеген ашылымдар мен өнертабыстардың жай ғана қорлануы емес пе деген күдік күшейе түседі.

Ғылыми төңкерістердің ең көрнекті мысалдарына ғылым дамуындағы баяғыдан революциялар деп аталып келе жатқан әйгілі эпизодтар жатады. Бұл жаңалықтардың әрқайсысы ғылыми қауымдастықтың ғасырлар бойы қасиеттеліп келген әлдебір ғылыми теориядан онымен үйлеспейтін басқа теорияның пайдасына ба тартуына қажетті түрде апарған болатын. Олардың әрқайсысы тәптішті ғылыми зерттеуге жататын мәселелердің және кәсіпті ғалым әлдебір мәселенің құқылы немесе оның әлдебір шешуінің заңды деп табуға болматын-болмайтынын анықтауға көмектесетін стандарттардың ілгерідегі тайқуын туғызды. Сөйтіп бұл жаңалықтардың әрқайсысының ғылыми қиялды түрлендіргені соншалық, біз мұны түптің түбінде ғылыми жұмыс жүргізілетін әлемнің трансформациялануы деп мойындауға тиіспіз. Бұл өзгерістер, олармен әрдайым серіктесетін дискуссияларды қоса алғанда, ғылыми революциялардың негізгі сипаттамаларын анықтайды.

Бұл сипаттамалар, айталық, Ньютон іске асырған төңкерісті не химиядағы төңкерісті зерделегенде ерекше айқын байқалады. Алайда, сол бір сипаттамаларды ғылым дамуындағы соншама айқын өрнектелген революциялық мәні жоқ деген басқа эпизодтарды зерделегенде де табуға болады (бұл жұмыстың негізгі қағидаларының бірі осында жатыр). Ғылыми мүдделерін, айталық, электромагниттік теорияның жасалуы шалып өткен әлдеқайда тар кәсіптік топтар үшін, Максвеллдің теңдеулері Эйнштейннің теорияларынан кем революцияшы, төңкерісшіл болып соққан жоқ және олардың қабылдануына деген кедергі де еш әлсіз болған жоқ. Басқа да жаңа теориялардың жасалуы, түсінікті себептер бойынша, олар құзіреттілік саласын шалып өтетін мамандар жағынан дәл сондай реакцияны дүниеге келтіреді. Бұл мамандар үшін жаңа теория нормалдық ғылым практикасында ғалымдар осы уақытқа дейін пайдаланып келген ережелердің өзгеруін топшылайды. Демек, жаңа теория бұл мамандар табысты аяқтаған ғылыми жұмыстың кең ауқымына қайтсе де әсері тигізбей қоймайды. Міне, қай себептен ол, оның қолдану аясы қаншалықты айрықша болғанымен, ешқашанда бұрыннан белгіліге жай ғана үстеме бола салмайды (немесе, қалай болғанда да, өте сирек болады). Жаңа теорияны игеру бұрынғы теорияның қайта құрылуын және бұрынғы фактілердің қайта бағалануын, бір ғалымның қолынан сирек келетін және ешқашан бір күнде тынбайтын іштейгі революциялық процесті талап етеді. Ғылым тарихшыларына бұл ұзаққа созылатын процестің дәл датасын анықтаудың әжептәуір қиынға соғатынында сондақтан таңқаларлық ештеңе жоқ, бірақта олардың терминологиясының өзі оны әлдебір бөлектенген құбылыс ретінде көруге мәжбүр етсе-дағы.

Одан бетер, жаңа теориялардың жасалуы бұл теориялардың пайда болатын салаларындағы революцилық түрлендірулерге мамандарды шабыттандыратын ғылымдағы оқиғалардың жалғыз категориясы емес. Нормалдық ғылымды басқаратын нұсқамалар дүниеліктердің тек универсумның өзінде бар болатын түрлерін ғана анықтап қоймайды, бірақ, айқын емес түрде, онда жоқты да анықтайды. Бұдан (бұл көзқарас бұдан кеңірек талқылауды талап етсе дағы) оттегінің не ренгтендік сәулелердің ашылуы сияқты жаңалықтардың ғалымдар дүниесіне тағы да білімнің қандай да бір мөлшерін қосумен ғана тынбайтыны анықталады. Түптің түбінде бұл шынында да орын алады. Бірақ кәсіпқой ғалымдар қауымдасығы дәстүрлі эксперименталдық процедуралардың мәнін қайта бағалап, ол дүниеліктер туралы баяғыда үйреншікті болып алған өз ұғымын өзгертіп, және бұл қайта құру процесінде өзі дүниені соынң жүзінде қабылдайтын теориялық сұлбаға да өзгерістер енгізіп болғаннан бұрын емес. Ғылыми факті мен теория шындығында бір-бірінен тас қабырғамен бөлінбейді, ал мұндай бөліну нормалдық ғылымның дәстүрлі практикасында кездессе дағы. Алдын ала болжалынбаған жаңалықтардың жай ғана фактілерді кіргізу болып табылмайтындығы міне осыдан. Осы себептен де іргелі жаңа фактілер мен теориялар ғалым дүниесін қаншама сандық жағынан байытса, соншама да сапалық жағынан түрлендіреді.

Кейбір оқушыларды нақтылы тарихи зерттеулердің бұл жұмыстың мақсаты болып отырған тұғырнамалық түрленуге мүмкіндік туғызща алар-алмасы жөніндегі сұрақтың бұрын да қызықтырғанында еш күмән жоқ. Формалды түрде пайымдай келе, бұл мақсатқа тарихи әдістермен жету мүмкін емес деген қорытындыға келуге болады. Біз тым жиі айтанымыздай, тарих таза суреттегіш пән болып табылады. Ал жоғарыда ұсынылған тезистер көбіне интерпретацияға ұқсайды, ал кейде нормативтік сипатқа ие. Одан бетер, менің жалпылауларымның көбісі ғылымның социологиясы не ғалымдардың әлеуметтік психологиясы саласына қатынастылы, ал менің қорытындаларымның ең кемінде бірнешеуінің логиканың немесе эпистемологияның дәстүрлеріне сай жасалғаны және бар. Алдыңғы мазмұндамада менің қазіргі кезде кеңінен мойындалған «ашылу контексті» мен «негіздемелеу контексті» арасындағы бөлінуді бұзғандай болып көрінуім мүмкін. Ғылымның және ғылыми мүдделердің әртүрлі салаларының бұл араластырылуы шатасудан басқа әлденені тудыра алар ма екен?
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Томас, кун
Просмотров: 730 | Загрузок: 206 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
avatar