Жамантоғай обалары - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Жамантоғай обалары
[ · Скачать удаленно (14.4Kb) ] 31.10.2012, 21:36
Жамантоғай обалары – қола дәуірінен сақталған зират. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Сырдарияның оң жағалауында, бұрынғы «Шардара құрылыс» кентінен 38 км жерде орналасқан. Кейін Шардара су қоймасының астында қалған. 1959–1963 ж. Шардара археол. экспедициясы (жетекшісі А.Г.Максимова) зерттеген. Топырақтан дөңгелектеп үйген 22 оба аралары 150 м болатын 3 топқа бөлінеді. Обалардың диаметірі 5–30 м, биікт. 0,5–2 м. Барлығы 9 оба қазылды. Бұлар мерзімі жағынан 4 тарихи кезеңнің ескерткіштері. Ең көнелері кейінгі қола дәуірі (б.з.б. 1-мыңжылдықтың басы) мен сақ дәуірінің алғашқы кезеңіне (б.з.б. 7–6 ғ-лар) жатады. Кейінгілері б.з.б. 1-мыңжылдықтың соңы – б.з. 1-мыңжылдығының басы және 3–5 ғ-ларға жатады. Жамантоғай обаларынан табылған заттай деректер тобында көптеген қыш ыдыстар, қола, темір, сүйектен жасалған қаружарақтар, әшекейлер бар. Бұлардың ішінде мыстан құйылған қазан, темір қанжар мен қылыштар, сүйек садақ бөлшектері сирек кездесетін олжалар қатарына саналады. Зираттың 5-, 9-, 12-обаларында мүрделердің катакомбалы әдіспен жерленгені анықталды. Жерлеу ғұрпының бұл түрі Қазақстанда аз зерттеліп отыр. Бұл өлкеде көне дәуірден бері халық үнемі тығыз қоныстанып отырған. Тұрғындар негізінен мал, егін шаруашылығымен, балық аулаумен шұғылданған. Сондай-ақ Орта, Алдыңғы Азия, Үндістан елдерімен экон. байланыстарды көрсететін деректер де бар

Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: обалары, Жамантоғай
Просмотров: 603 | Загрузок: 211 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar