Желтоқсан — қоғамдық-саяси ұйым - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Желтоқсан — қоғамдық-саяси ұйым
[ · Скачать удаленно (15.0Kb) ] 31.10.2012, 21:42
Желтоқсан — қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылдың жазында құрылған. ұйымның мақсаты 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқандарды ақтау, көтеріліске әділ саяси баға беру болды. Ұйым өкілдері 1989 жылдың 16 желтоқсанында Алматыдағы 4 жоғары оқу орнында, одан соң 12 қаңтарда Алматы мақта-мата комбинатының мәдениет сарайында жұртшылықпен кездесулер өткізді. 1990 жылы 10 қаңтарда ұйым өкілдері Қазақстан Компартиясы Орталық Коммитетінің 1-хатшысы Н.Назарбаевтың қабылдауында болды. Осыдан соң "Желтоқсан” ұйымы ашық түрде жұмыс істей бастады. 1990 жылы қаңтарда өткен жиналыста ұйым төрағасы болып Х.Қожа-Ахмет сайланды. 1990 жылы 29 — 30 маусым аралығында Қазақстанның 6 облысы мен Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан қоғамдық ұйымдарының 80 өкілі қатысқан съезде "Желтоқсан” ұлттық-демократиялық партия болып жарияланды. Сол жылы күзден "Желтоқсан” газеті шығарылды (1990 — 95 ж. аралығында газеттің 16 саны жарық көрді). 1991 ж. 29 қаңтарда Алматыда "Желтоқсан” партиясының 2-съезі өтті. 1992 жылы 27 қазанда "Желтоқсан” адам құқығы мен бостандығын қорғау коммитеті болып қайта тіркеуден өтті. 1994 жылы "Желтоқсан” коммитеті жабылып, "Желтоксан” саяси ұйым ретінде өз жұмысын тоқтатты.

Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ұйым, қоғамдық-саяси, Желтоқсан
Просмотров: 806 | Загрузок: 239 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar