Жетіасар мәдениеті - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Жетіасар мәдениеті
[ · Скачать удаленно (19.5Kb) ] 31.10.2012, 21:40
Жетіасар мәдениеті — Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы, оның ескі арнасы Қуаңдарияның бойында орналасқан көне ескерткіштер тобының жиынтық атауы (б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасы — б.з. 9 ғ-дың басы). Бұл ескерткіштердің өзіндік ортақ ұқсастықтарына қарай зерттеушілер бір мәдениетке топтастырып, олардың негізгі бөлігі шоғырланған Жетіасар шатқалының атымен Жетіасар мәдениеті деп атаған. Ескерткішерді 1946 ж. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П. Толстов) тауып, ондағы зерттеу жұмыстары 1948 — 49, 1951 — 58, 1966 жылдары жүргізілген (М.А. Итика, Л.М. Левика). Жетіасар мәдениетінің құрамына кіретін ескерткіштер Жетіасар-1, Жетіасар-2, Жетіасар-3 (Алтынасар) деп, 14 санмен белгіленді. Бидайықасар, Сырлыасар, Дөңгелекасар, Үңгірліасар, [[Томпақасар, Қарасар, Жалпақасар, Ағашасар сияқты барлығы 50-ге жуық қалалар мен жүздеген обалар бар ірі зираттар, суландыру жүйелерінің орындары белгілі болды. Бұл қалалар халқы Сырдарияның орта ағысы бойымен Ташкент төңірегіне таралған көршілес Отырар — Қаратау мәдениеті және Қауыншы мәдениеттерін жасаған тайпаларымен бірге тарихи Кангюй (Қаңлы) мемлекетінің құрамына кірген.
Ғалымдар бұл мәдениетті өзара сабақтастықты көрсететін негізгі белгілерімен қатар, түрлі тарихи жағдайларға байланысты туындаған ерекшеліктері бар үш кезеңге бөліп қарастырады. Б. з. б. 1-мыңжылдықтың ортасы мен б. з. 4 ғ-ын қамтитын Жетіасар-1 кезеңінде негізгі қалалар қалыптасып, мәдениет гүлденген. Көршілес Жаңадария алқаптарын мекендеген сақтармен, яғни Шірік-рабат қаласы халқымен тығыз байланыстары қалыптасқан. Экономикалық, мәдени қарым-қатынастардың негізгі желісі, этникалық тұрғыдан едәуір жақындығы бар Отырар — Қаратау мәдениетінің тайпаларымен екі арада өрбіген. Әр топтың аумағында өз суландыру жүйелері болған. Қалалар орны ауданы 0,5 — 10 га, биіктігі 8 — 20 м дөңгелек немесе сопақша пішіндес екі қабатты төбелер түрінде сақталған. Үстіңгі қабаттағы құрылыстар қаланың орталығы қызметін атқарған, мұның үш (кейде төрт) жағын айнала төменгі қабаттың үйлері орналасқан. Барлық қалаларда берік қорғаныс дуалдары болған. Сонымен қатар, кейбір қалаларда биік мұнаралар, қабырға үстімен айнала өтетін дәліздер де бар. Құрылысқа пахса кесінділері мен шикі кірпіш қолданылған. Жерлеу ескерткіштері екі түрлі. Бірінші түріне диаметрі 8 — 20 м, сыртынан ормен қоршалған топырақ обалар астындағы шұңқыр қабірлер жатады. Мүрделерді қамыс шиге ораған қалпында басын солтүстікке қарата шалқасынан жатқызған. Жер астына және жер бетіне салынған, ұзақ уақыт пайдалануға арналған кірпіш қабірханалар жерлеу ескерткіштерінің екінші түрін құрайды. Төртбұрыш, кейде шаршы пішіндес (5×5 м, 6×9 м) құрылыстардың төбесі аласалау күмбезделген,биіктігі 1,8 — 2 м. Есігі оңтүстік бүйірден ұзындығы 1 — 1,5 м. дәліз түрінде шығарылған. Мүрделер ірге бойларындағы топырақ суфаларға киіз, қамыс шилерге орап жатқызылған.
Жетіасар мәдениеті заттай деректерінің ең үлкен тобын құрайтын қыш ыдыстар түгелдей қолдан жасалған. Дайындалу ерекшеліктері мен пішіні жағынан Орталық Қазақстанның Тасмола мәдениетінің, сондай-ақ, батыс өлкелердегі савромат, сармат тайпаларының қыш ыдыстарына ұқсас. Қола, темір, сүйек жебелер, ат әбзелдері де табылған. Көптеп табылған бұйымдар металл, тас, сүйек өңдеудің жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді. Жетіасар-2 (б.з. 4 — 6 ғ-лары) кезеңіне қарай жергілікті тайпаларға ғұн мәдениетінің әсері ықпал еткен. Жаңа бұйымдар, қыш ыдыстың жаңа түрлері пайда болып, әсіресе, ғұндардың металл қазанына еліктеп жасалған қыш ыдыстар көбейеді. Осы кезеңдегі Жетіасар мәдениеті тайпалары тарихтағы "ақ ғұндар” (эфталиттер) бірлестігінің құрылуына ұйытқы болған. Жетіасар-3 кезеңіндегі (б.з. 7 — 9 ғ-ларының басы) тайпалар өмірінде ірі қоныс аударулар орын алған. Жетіасар мәдениетінің әсері Сырдарияның орта ағысы бойы мен Ташкент алқабы бағытында үдей түседі. Тайпалардың енді бір тобы Сырдарияның Аралға құйылысына, одан әрі Әмудария сағасына өтіп, осы өлкелерде кедер мәдениетін қалыптастыруға қатысады. Жетіасар тайпалары шаруашылықтың барлық түрлерімен (егіншілік, мал өсіру, балық және аң аулау) дерлік айналысқан. Сиыр, жылқы және түйелердің сүйектерін сындырып, үй салған кезде құрылыс материалдары ретінде пайдаланған. Қазба кезінде табылған қасқыр, киік, қарақұйрық, қояндардың, т.б. жабайы аңдардың сүйектері — аңшылық кәсіптің, ал әр түрлі балықтардың сүйектері мен ауға арналған салмақтастар балық аулаудың да елеулі орын алғандығын көрсетеді. Табылған дән үгіткіш тастар, қыш ыдыстарының түбінде сақталған бидайдың, күріш және арпаның қалдықтары, қоныстардың айналасындағы көне су жүйелерінің іздері егіншіліктің басты орын алғанын байқатады.
Пайдаланылған әдебиеттер
↑ Қазақ энциклопедиясы


Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Жетіасар, Мәдениеті
Просмотров: 596 | Загрузок: 191 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar