Жетітөбе - Тарих - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Жетітөбе
[ · Скачать удаленно (13.9Kb) ] 31.10.2012, 21:44
Жетітөбе — ежелгі дәуірлерден Жамбыл облысының аумағында сақталған обалар тобының атауы. Бірінші тобы Жуалы ауданында орналасқан. Мұнда диаметрі 8 м-ден 100 м-ге дейін жететін, биіктігі 0,5 — 12 м 20 оба табылған. Екінші тобы Байзақ ауданында. 19 обаның диаметрі 5 — 37 м, биіктігі 0,2 — 4 м. Обалар тас және ұсақ қиыршық араластыра топырақтан тұрғызылған. Жетітөбе — 2 қорымынан көлемі шағын 2 оба зерттелді. Мүрделер шұңқыр қабірлерде шалқасынан жатқыза, бастары солтүстік-батысқа қаратыла жерленген. Мұндағы бір қабірден мүрденің бас жағына қойылған үш қыш құмыра табылды. Жерлеу ғұрпы, обалардың құрылысы мен заттай табылған деректерге сүйеніп Жетітөбе обаларын б. з. б. 5 — 4 ғ-ларға жатқызуға болады. Ескерткіштер ежелгі сақ тайпаларының мұралары болып табылады. Әсіресе, Жетітөбе-1 қорымында кездесіп отырған аса үлкен обалар сақ қауымында орын алған әлеуметтік жіктелу процесінің тереңге барғанын, тайпалар арасында билеуші ақсүйектер тобының қалыптасқанын көрсетеді.

Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Жетітөбе
Просмотров: 583 | Загрузок: 202 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar