Ақша саясаты - Құқық - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Құқық

Ақша саясаты
[ Скачать с сервера (69.5Kb) ] 02.09.2014, 08:45

Жоспар

Кіріспе

I. Мемлекеттің ақша-несие саясатының дамуы.

       II. Мемлекеттің монетарлы саясатының             түрлері,құрылымы және мақсаттары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.

Мемлекеттің ақша-несие саясаты нақты сектордың дамуына,нарықтың барлық субьектілерінің дамуына қажетті экономикалық,институционалды,ұйымдастырушылық         және құқықтық ортаны қалыптастыруда.

Ақша-несие құралдарының көмегімен мемлекет бос ақша ұсынысына әсер етеді және ссудалық капиталдың  бағасын өзгертеді.Осылай ол несие сұранысына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын реттейді.

Мемлекеттің экономикалық саясаты монетарлы деп аталады, негізінен ақша-несие тәсілдерін қолданады.

Көптеген нарықтық экономикасы бар елдерде ққазіргі кезде  ЭМР-де қолданатын ақша-несие құралдарын Орталық банк, ал Қазақстанда – Ұлттық банк қолданады.Оның мемлекетте ақша эмиссиясын жасауға монополиялық құқығы бар.

Несиелі қатынастар сферасында Орталық банктен басқа институттар жұмыс істейді: мемлекеттік банктер және арнайы функциялы органдар, Қаржы министлігі және қаржы органдары. Олар несие операцияларына қатысады, бірақ ақша айналысын және мемлекеттегі жеке ссудалық капиталдың қозғалысын реттемейді, оларға әсер ете алмайды.

 

 

 

I.Мемлекеттің ақша-несие саясатының дамуы.

Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.

Орталық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.Оған жету үшін Орталық Банк келесі мәселелерді шешеді: мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау және жүргізу, валюталық реттеу мен бақылау жасау, төлем жүйесінің жұмысын жасауын қамтамасыз ету,  тұрақты қаржы жүйесін қамтамасыз етуге жағдай жасау.

Орталық Банктің негізгі мақсатарының ішінде ақша-несие саясатын халықаралық стандартарға жақындату қарастырылған, бұл үшін Орталық Банк нарықтық пайыз мөлшерлемесін қадағалап отырады.Ақша-несие саясатының операциялық негізді жетілдіру жұмыстары және ақша-несие саясатының тәсілдері мен құралдарын оптималдау, трансмиссиондық механизм моделін құрастыру және инфляциялық таргеттау принципіне өтуге дайындақты жалғастырады.

Келер жылдары экономика қызып кету қаупі , мемлекеттік бюджет шығындарының өсуі ақша-несие саясатының қатандауына әкелуі мүмкін.

Ақша-несие саясатының бсқа негізгі мақсаты капитал қозғалысымен бацланысты тәуекелді реттеуді жаңадан қарауы мен 2007ж 1 қаңтарынан бастап валюталық режимнің толық либерализациясына жету болып келеді.

Валюталық режимін либерализациясын реттеудің негізгі мақсаты 2007ж бастап валюталық операцияларды жүргізуге шек қою мен ұлттық валютаның толық конвертациялану принципіне көшу үшін жағдай жасау.Бұл үшін келесі жұмыстарды жасау қажет.Біріншіден, валюталық операцияларды жүргізу барысында тәуекелді хеджирлау құралдарын қолдану үшін жағдай жасау.Екіншіден, ақша-несие саясатының мақсаттары мен сыртқы шоктарды реттеу үшін шетел валютасына сұраныс пен ұсынысты реттеу құралдарын жақсарту.Үшіншіден, реттеудің халықаралық принцптері мен қаржылық мекемелердің валюталық операцияларын қадағалауды қамтамасыз ету.

Орталық Банк “қалқып жүретін айырбас бағамы’’ саясатын жалғастырады.Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.

Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Мемлекеттің монетарлы саясатының түрлері, құрылымы және мақсаттары.

Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық Банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып – сатумен де айналысады.

Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мелекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпал тигізеді.

Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультиликаторға әсер ету арқылы қалағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие  саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатынан басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздеді.

Ақша-несие-бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі-Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектілерінің экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

  1. рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
  2. экспанциялық ақша-несие саясаты.

Рекстрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кенейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы дылдардағы ақша-несие саясатының басты көзлеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:

Ақырғы мақсат:

а)экономиканың өсуі;

ә)толық жұмысбастылық;

б)бағаны тұрақтандыру;

в)төлем балансын тұрақтандыру.

Ақырғы мақсат:

а)ақша жиыны;

ә)пайыз мөлшерлемесі;

б)айырбас курсы.

Құралдары:

а)несие берудің лимиті,пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

ә)міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

б)есептеу мөлшерлемесінің өзгересі;

в)ашық нарықтағы операциялар.

Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасанда айырмашылықтар бар.Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты.Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерестер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады,соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

Соңғы мақсатар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясатарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

Аралық мақсаттар жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Бұл мақсатарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие  саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

-қайта қаржыландыру мөлшерлемесі:ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;

-ҚҰБ-те жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

-мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;

-банктерге және үкіметке несие беру;

-валюталық нарықтағы басқыншылық;

-кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекеленген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей саңдық шектеулер еңгізу;

-ресми есепке алу(дисконттық ) мөлшерлемесі. 

ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін,сол сияқты басқа мүдделендіру мөлшерлемесін белгілейді.Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа,инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асыратын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланылады.

ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі,шын мәнінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды.Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.

Категория: Құқық | Добавил: Jahcepik | Теги: саясаты, ақша
Просмотров: 347 | Загрузок: 143 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar