Айналайын, Атажұртым - Ғылыми Жұмыстар - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Ғылыми Жұмыстар

Айналайын, Атажұртым
[ Скачать с сервера (450.0Kb) ] 11.11.2012, 10:44
Тарих ата: Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Оның 1500 жылдық тарихы бар. Ол да сол кездердегідей негізінен саз балшықтан құйылған кірпіштермен тұрғызылған. Қала орталығында биік күмбезді цитаделі болған, Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі. Кесене- ғимараттың айналасында толып жатқан құрылыстар: солтүстік жағында биіктігі оншақты метрдей, ұзындығы да әудем жерді алып жатқан «Қамал қорғаны», кесененің қарсы алдында «Рабия сұлтан бегім» күмбезі, «Есім хан мазары», «Халуат жер асты мешіті» және ортағасырлық «Шығыс моншасы»- бәрі – бәрі үйлесімді бір ансамбль құрып тұрған.
Иасы қаласы XII ғасырда аса дәуірлеген: қолөнері мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған. Оның атағы бүкіл мұсылман қауымына жайылып, ол Меккемен теңестірілген, яғни Түркістанға үш рет барған адам Меккеге барып, қажы атанғанмен бірдей болған. Оған себеп- суфизмнің насихатшысы, ақын Қожа Ахметтің ықпалы еді. Оның қарапайым тілде жазылған адамгершілік, мейірімділік жайлы өлеңдері қажылық етушілерге қатты әсер етті. Ол соңғы 10 жыл өмірін жерасты хлеуетінде өткізіп, Құдайға құлшылық етудің шын берілгендік – нұсқасын көрсетіп кетті. Ол өлгеннен кейін де ел оның өлеңдерін жатқа айтып, есімін қасиеттеп жүрді. Сондықтан да Әмір Ақсақ Темір ол өлгеннен 233 жыл өткеннен кейін Қожа Ахмет Иассауи кесене ескерткіш күмбезін соқтыртты. Бұл ескерткішті әлемдегі жеті ғаламаттың бірі десе де болады.
Түсініктеме: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі-Түркістан қаласында ХІV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Иассуи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Қожа Ахмет Иассауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене орнатуды ұйғарады. Мұны Әмір Темірге жүктеп, ол әлемдегі ең әдемі де үлкен кесене салдырып шығады. Кесене ЮНЕСКО-ның Қызыл кітабына енгізілген.
Бала (2):
Әуелде үлкен қала Отырардан
Кейіннен кіші-гірім шоқы қалған
Өртеніп өзі күл боп кетсе-дағы
Қаланың көкіректе оты қалған.
Тартады күзгі желмен дала күйді,
Қалдырды өшпейтіндей баба сыйды.
Арада мыңдаған жыл өтсе дағы
Көтеріп келеді ол Фарабиді. (С.Мәуленов)

Тарих ата: Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді.Отырардың тарихи музейінің алдындағы тасқа: «Жиһанкез, сенің алдыңда Орта Азияға, Кавказға, орыстарға бет алған басқыншы Шыңғысханның сансыз әскерлерін жарты жыл ерлікпен ұстаған, сөйтіп барып өзі күйреген батыр қамалдың қалдығы жатыр. Бұл қамалдың қасиетін қадірлей біл», - деген сөздер қашалып жазылған.Мөлдір сулы Арыстың Сырдарияға құяр сағасына қол созым жерде ғасырлар бойы ел есінде сақталған өлі қала үйінділері жатыр. Оның атауы Отырар....
Отырар – Қазақстанның ортағасырлық қалалары ішінде айрықша орын алады. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл – Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала. Отырар 60 мыңдай жауынгері бар берік қамал болған. Алайда, қүмырсқадай қаптаған Шыңғысханның жауынгерлеріне 6 айдан артық төтеп бере алмады, бірақ бұл қала асқан батырлығымен тарихта қалды.
Түсініктеме: Арыстан баб-әулие. Діни аңыздар бойынша қожа Ахмет Иассауиге алғашқы ұстаз болған. Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Арыстан баб кесенесі – ХІІ ғасырда салынған. Арыстан батың қабірі ежелгі Отырар қаласының маңында. Арыстан бабқа зиарат етушілер, соның басына барып түнейді.
(Экраннан ежелгі қазақ жерінің, Сырдария өңірінің бет-бейнесі жылжып өтіп жатады)
Тарих ата: Сол тұста Ұлы Жібек жолында ауызға іліккен тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады.
Тарихи деректер бойынша Испиджап IX- X ғасырларда әскери маңызы күшті бекіністі қала болған. Кезінде арабтардың шабуылына төтеп беріп, кейіннен Бағдат қаласына салық төлеп тұруымен тынған, бірақ тәуелсіздігін сақтап қалған. Сонымен, Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған.
Сайрам Жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде 3 жылдай ерлікпен қорғанып, ақыры 1684 жылы құлаған, яғни қалмақтар қаланы өртеп, тұрғындарын түгелдей қырып жіберген. Испиджап атауы соғды тілінде «Ақ су» деген мағынаны береді.
Түсініктеме: Қарашаш ана күмбезі- ХІІІ-ХІV ғасырларда Қожа Ахмет Иассауидің анасы Қарашаштың басына тұрғызылған архитектуралық ескерткіш. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауылында орналасқан.
Тарих ата: Сол тұста өмір сүрген қалалардың алғашқысы Тараз қаласына тоқталамын. Ұлы Жібек жолы өзінің өткен жерлерінде алдымен қалалардың, қыстақтардың, елді мекендердің бой көтеріп, одан кейін қолөнердің өркендеуіне, экономиканың дамуына тікелей әсер етті. Сондай қалалардың бірі Құлан еді (ол Кеңестер одағы тұсында Луговое атанып, қазір қайтадан тарихи атына көшті). Шамамен осыдан 1000 жыл бұрын ауыл шаруашылығы кең өркендеген, Құлан оазисі 50 шаршы шақырым жерді алып жатқан.
Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – цитаделі, мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар, құсханалар орналасқан. Тараздың бір ғажабы, оның керуен сарайына өз тауарлары мен белгілі адамдарын бүкіл ел жіберіп, тығыз қарым- қатынас жасап отырған. Тараздың даңқы базарымен ғана емес, алтын, күміс, мыс секілді түсті металдардан жасалған асыл бұйымдарымен де аты шыққан. Тараз өңірінен түсті металдардың өзге түрлері де өндіріліп отырған: балқытқан, құйған, әшекейленген. Мәселен, Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің кесенесіндегі диаметрі 2,2 метр, салмағы 2 тонна келетін тайқазан осы Тараз қаласында құйылған. Әрине, оны жай ғана адамдар емес, аса дарынды темір ұсталары мен түсті металл шеберлері жасаған.
Бала (3) : Тарих ата, Тараз-қаласы-қыпшақ даласының Отырардан кейінгі аса бай астанасы болғанын білемін.
Тарих ата: Дұрыс айтасың, ертедегі қалалардың дамуы екі жағдайға тікелей байланысты болған Оның бірі: қала үлкен керуен жолының бойында жатуы қажет, екіншісі суы мол өзеннің жағасында орын тепкені жөн. Тараз қаласында осының екеуі де бар. Тараз қаласының маңында бүгінгі ұрпаққа бүлінбей жеткен бірден бір тарихи ескерткіш – Айша бибі ғимараты.

(Экраннан «Айша бибі» тарихи ескерткішінің суреті көрсетіледі)
• Түсініктеме: Айша бибі шамамен ХІ-ХІІ ғаырларда өмір сүрген ару қыз. Әкесінің есімі Айғожа. Айша бибі еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Алайда екеуі уәделескен уақытта кездесе алмаған соң, Айша бибі күйеу жігіт еліне жолға аттанады. Ел шетіне таяғанда дем алмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде сәукеленің ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып алады. Қайғылы хабарды естіген Қарахан ең болмаса о дүниеде қосылайық деп, некесін қидырады. Содан кейін қарахан Айша бибі қабірінің үстіне күмбез тұрғыздырады.
• Әулие ата күмбезі-Қазақстанда ХІ ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде орналасқан. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орналасқан. Әулие ата күмбезі Қазақстан сәулет өнерінің үздік үлгілерінің бірі.
Тарих ата: Көне кітаптарда Саудакент шаһары Сугулхан бертін келе Сулхан деп аталған. Мұнаралы биік қорғанмен қоршалған шаһарды күмдезді әсем, көгілдір күмбез, сарайлар болған. Саудакент орта ғасырдың басында діни ағым-суфизмдінің орталығына айналған. Саудакент қазір елі қала күйінде жатыр. Оның орнына Жамбыл облысы, Сарысу ауданының орталығы Байқадам ауылы орын тепкен. Жібек жолындағы Суяб пен Баласағұн қалаларының да маңызы кем емес. Суяб 581 жылы бой көтеріп, Жетісу жеріндегі Батыс түрік қағанатының орталығына айналған сауда қаласы болған.
748 жылы қытай қолбасшысы Ван Чжинь- Сунь әскерімен қаланы ойрандап, қиратып кеткен. Жетісудың жаңа иелері атанған қарлуқтар Суябты 766 жылы басып алып, өздерінің тұрағына айналдырған. Шаһардың атын шығарған Баласағыни Жүсіп ақын болды.Оның әйгілі «Құтты білік» атты кітабы бар. «Құтты білік» біздің ұғымымызда «Білік шежіресі» немесе «Тіршілік тәжірибесі» дегенді білдіреді.
Баласағұн- орта ғасырдағы қарахан мемлекетінің астанасы. Тарихи деректерде Баласағұн Х ғасырдың өзінде гүлденген үлкен қала ретінде аталады. Атақты бабамыз, ұлы ғалым Махмұт Қашқари Баласағұн қаласының КүзҰлыс немесе Күз Орда деген басқа аттары болғанын айтқан. Балсағұн қаласының орны Оңтүстік Қазақстан өңірінің Шу өзенінің жағасында орналасқан. Баласағұн қаласы V-ХІІІ ғасырларда өркениет орталығы болған.
Жібек жолы бойындағы қалалардың орындарынан табылған бұйымдар мен алтын мен күмістен жасалған заттар, ыдыс – аяқтардың үлгілері Қытайда, Персияда, Византияда жасалған үлгілерге ұқсас келген, яғни шеберлер мен зергерлер солардан да үйреніп отырған.

Бала (1): Тарих ата, Ғалым ата деген қала туралы білесізбе?
Тарих ата: Ғалым –ата шаһары орналасқан Іле алқабы немесе Жетісу –аса көрнекті де өзгеше әрлі өңір. Ол бейне бір оңтүстігі мен оңтүстік шығысын Тянь-Шянның қарлы шыңдары көмкерген алып тостаған тәрізді. Ғалым ата шаһары бірнеше дүркін жоңғар шапқыншылығынан өртеніп, талауға түсті. Монғолстан ұйғырлары Ғалым атаны жаулап алуға әлде неше мәрте әрекет жасады, қорғандарды қиратып, жермен жексен етті. Ақырында Сібір генерал-губернаторының жарлығымен 1854 жылы көне шаһардың терістік шығысына орыс әскерінің Верный бекінісі орнады. Жиырмасыншы ғасырдың басынан бастап жұрт оны Алматы деп атап кетті. Жез қоңыраулы Ұлы Жібек жолы бойындағы керуендер Қазақстан жерін басып өтіп, Қытай қорғанына жақындай береді. Керуеншілер осы жерде жазиралы қазақ даласымен қош айтысып, ары қарай жүріп кете барған. Міне, балалар біздің бүгінгі Қазақстанның ежелгі қалалары мен тарихи ескерткіштеріне жасаған саяхатымыз аяқталды.

Шараның соңында кітапханашы балаларды көрмемен таныстырады.

Сен еліңнің тарихын білесің бе?
Блиц турнир

1. Ежелгі сақтардың ел билеген атақты әйел патшаларының бірі
(Тұмар (Томирис)
2.«Көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыр
(Құтылығұлы Күл -тегін)
3.Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым
(Әбу Насыр Әл -Фараби)
4.«Көмекей әулие» атанған қазақтың ұлы жырауы
(Бұқар жырау)
5. Қорқыт ата ескерткішінің қандай ерекшелігі бар?
(Ескерткіш жел соққанда қобыз
сарындас үн шығарады)
6.Қазақ қобызының түп нұсқасын кім жасаған ? (Қорқыт ата)

7.Штандарт дегеніміз не? (Мемлекеттің жоғары лауазым
иесінің ресми ажырату белгісі)

8.Ежелгі Баласағұн қаласында туған, Ортағасырлық ғалым, «Құтты білік» атты дидактикалық поэманың авторы?
(Жүсіп Баласағұн)
9.«Диуани лұғат ат -түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің
авторы кім? (Махмұд Қашқари)

10. «Тарихи Рашиди» кітабының авторы кім? (Мұхаммед
Хайдар Дулат)
11. Еліміздегі ең биік тау шыңы (Хан тәңірі)

12. Қазақстандағы ең ыстық жер (Қызылқұм шөлі)

13.Қазақстанда сирек кездесетін дала қойы «муфлон» қандай қорықта кездеседі? (Үстірт қорығы)

14. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің қаншасы біздің еліміздің кен қойнауында бар? (99)

15. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл (Каспий)

16. Қызыл кітапқа енгізілген грейг жауқазыны қай қорықтың эмблемасы болып табылады? ( Ақсу – Жабағылы қорығы)

17. Төбесінен бірден төрт ел – Қазақстан, Ресей, Қытай, Монғолия көрінетін тау жүйесі қалай аталады? (Қазақстандағы ең атақты тау – Алтайдағы Ақтау (Мұзтау, Белуха)
18.Қазақстанның қандай өзендері суға сіңіп жоғалып кетеді?
(Шу, Сарысу, Талас т.б.)

19.Біздің елімізде өсіп тұрғанына 700 жыл болған ағашты қай жерден кездестіруге болады?
(Бұл тораңғы ағашы. Алтынемел ұлттық паркінен кездестіреміз. Тораңғының жуандығы соншалық, бір- бірінің қолынан ұстап, жеті адам құшақтарына сыйғыза алады)

20. Алматы апортының тұңғыш көшетін өсірген кім?
(Егор Васильевич Редько)
21. Дүние жүзіндегі ең биік шың – Джомолунгманы (Эверест) бағындырған (8848 м.) қазақ альпинисі кім? (Қазбек Уәлиев)

22. Аты да, мінезі де бұзық өзен қайда? (Талдықорған облысы,
Тентек өзені.)

23. Қазақстан қалаларынан тұңғыш рет алтын медальға ие болған қаланы білесіз бе?
(Ақтау қаласы (Шевченко) Патрик Амберкромби атындағы алтын медаль. Архитекторлардың Халықаралық ассоциациясының ең жоғарғы құрмет белгісі)

24. Тараз қаласының ерте ортағасырлық аты ? (Янги)
25. Тұңғыш мультфильм қашан жасалды, авторы кім? (Қазақ мультипикациялық киносының негізін қалаушы – суретші әрі режиссер Әмен Қайдаров. Ол «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан», «Қожанасыр – сәулетші» атты фильмдер жасады.)

26. Қазақ спортшылары арасынан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанған кім? (Балуан Жақсылық Үшкемпіров)

27. Қазақстанда ең бірінші футбол командасы қай жылы ұйымдастырылды? (1914 жылы Семейде «Жарыс» атты футбол командасы ұйымдастырылды. Осы команда құрамында заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов ойнаған.)
28. Жетісудың жеті өзенін атаңдар (Іле, Қаратал, Биен, Ақсу, Лепсі,
Басқан, Сарқант)
29. Қазақстандағы батыс бөлігі тұщы, ал шығыс бөлігі тұзды көл қалай аталады? (Балқаш)
30. Қазақтардың ежелгі рулық белгісі (таңба)
31. «Қара сөздердің» авторы (Абай)
32. Ғұндардың көсемі, аты аңызға айналған әскери қолбасшы? (Аттила)
33. Отрар қаласының әміршісі (Қайырхан)
34. Қазақ даласының музыкалық символы «Сарыарқа» күйінің авторы? (Кұрманғазы)
35. Қазақстандағы теңіздер? (Каспий, Арал)
36. Алтын жауынгердің (адам) аты? (Сүлей)
Ескерту: Блиц турнирде бұдан бұрын кітапхана қызметкерлері құрастырған «Берік болсын тәуелсіздік тұғыры, шайқалмасын елдігімнің тұнығы», «Атамекен», «Қазақстанды таны» әдістемелік құралдарына енген сұрақтар қамтылмады. Сондықтан, кітапханалық шараларыңызға осы құралдарда берілген блиц-сұрақтарын да пайдалана аласыздар.

Өткен жылдар жемісі
Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп жариялады.
1992-қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады
4-маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы Қазақстан Республикасы заңдарына қол қойды.
Қазақстан Республикасы БҰҰ мүшелігіне қабылданды.
Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы.
29-қыркүйек-Алматыда дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының ашылуы.
1993- 15 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
1994- 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.
1995- 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды
ақыл ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны-Абай Құнанбайұлы 150 жасқа толды.
1996- Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.
1997- «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.
1998- «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.
маусым- Елордамыз Астана қаласына көшірілді.
1999- «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.
2000- «Мәдениетті қолдау» жылы болды.
Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде тойланды.
2001- Тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.
2002- «Денсаулық» жылы болды.
8 тамыз – Елімізде «Балалар құқығы туралы» Заң қабылданды
2003- Ресейдегі Қазақстан жылы.
2004- Қазақстандағы Ресей жылы.
2003-2005- Ауыл жылдары.

Қосымша 1

Отан
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!

Ту
Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Көкірек жауар шымқай өң,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.
Тәжім етіп бас иер,
Туы елімнің егемен.
Тұтастығым куәсі
Туғандай бір енеден.
Елдігімді әлемге
Паш ететін байрағым,
Тұнық менің көгімдей
Әуемде мәңгі жайнаған! Б.Бәмішұлы

Елтаңба
Дүние әлем көзіндей,
Дөңгеленген жамалы.
Еге елімнің қорғаны-
Кереге қанат қамалы.
Көгілдір көктің жүзінде
Шаңырақ-күн, уық-нұр.
Мәңгі сенбес күйінде,
Маңдайдан жұлдыз туып тұр.
Қуат отын қоздырған
Қос қанатты пыпағым.
Хас тұғырға қондырған
«Қазақстан» -Ұраным.
Тұлғасында түзілген
Ыстық қаным, діл, арым.
Төріме іліп,
Төсіме
Тағып жүрер Тұмарым!

Әнұран
Қаһарман қажыр, қайратым,
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой, толғаныс-
Айтылатын ар, затым.
Жұртымның мұң, мұратын
Құлқыма құйып тұратын
Сіңірген тұла бойыма,
Тәңірлік күштің қуатын.
Жан дауысы халқымның
Шабыттана шырқалар.
Киелі сөз, сазды әуен
Шырқағанда, нұр тамар.
Беріле тыңдап,
Егіле
Жанып тұрар мың жанар.

Қазақ елі
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.

Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.

Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.

Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, туысу әр елдің халқымен.

Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.

Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын.
Шаймерген Әлдибекұлы
ҮШ БАҚЫТЫМ

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Мұқағали Мақатаев

ЖАН ДАЛА – ЖӘННАТ ДАЛА

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным.

Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,
Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.
Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан
Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.
Ән дала – Қазақстаным.

Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз ағыстарын.
Қалай ақын болмайын, мен түгілі
Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.
Қырандар қанатында даңқы кеткен,
Дән дала – Қазақстаным.

Сен менің шұғылаға толған даламсың,
Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.
Бабамның көздерінің қарашығы ең,
Баламның бақытына да қорған боларсың.
Жан дала – Қазақстаным.

Керемет өріледі гүл өңірде өлең,
Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.
Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,
Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.
Кең дала – Қазақстаным.

Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,
Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.
Халқым маған сенеді әлсіз демей,
Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.
Жасай бер , Қазақстаным.
Күләш Ахметова
Категория: Ғылыми Жұмыстар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Атажұртым, Айналайын
Просмотров: 1401 | Загрузок: 812 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar