Арал өңірінің түрлі су көздері мен топырақтың ластану деңгейі және оның аймақ тұрғындарының тиреоидты жүйесінің функциялық белсенділігімен - Ғылыми Жұмыстар - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Ғылыми Жұмыстар

Арал өңірінің түрлі су көздері мен топырақтың ластану деңгейі және оның аймақ тұрғындарының тиреоидты жүйесінің функциялық белсенділігімен
[ · Скачать удаленно (1.76Mb) ] 11.11.2012, 10:47
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда Арал өңірінің экологиялық жағдайы өзекті мәселелердің бірі болып тұр, сондықтан бақыланып отырған дағдарыс, топырақ пен судың өндірістік қалдықтармен және ауылшаруашылық өнімдерімен ластануы, Байқоңыр ғарыш айлағының орналасуымен байланысты, факторлардың әсері, топырақ жамылғысының деградацияға ұшырауының негізгі көріністері, шөлдену, тұздану әліде болса қиыншылықты жеңе алмай тұр [Баймуратов, 1990; Бобылев, Ходжаев, 1997; Досманбетов и др., 1998; Шарипова и др., 2000].
20-шы ғасырдың соңында Қызылорда облысының территориясына экологиялық және медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен жүргізілген мониторинг аймақтағы топырақ, су, өсімдік өнімдерінде және жануарлардың ұлпаларында токсиканттардың, ауыр металл тұздарының, пестицидтердің, гербицидтердің, симметриясыз диметил гидразин және т.б. шекті рауалы концентрациядан айтарлықтай жоғары болғанын көрсетті [Баевский, 1991; Курманбаев, 2001]. Облыс бойынша адам мен жануарлардың организмдеріне ортаның экстремалды факторларының әсерінің айқындалу деңгейі оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытта жоғарылайтыны көрсетілген [Колбай, Ибадуллаева, 2001; Бахтиярова и др., 2005]. Қазіргі кезде Қызылорда облысының қоршаған орта жағдайына әсер ететін мынадай экстремалды факторларды атауға болады:
1) климаттың құрғауы және судың аздығы;
2) ауыз судың жетімсіздігі және химиялық құрамының санитарлық көрсеткішке сәйкес келмеуі;
3) жердің беткі қабатының тұздануы және түрлі жіктелмеген токсинді заттармен улануы;
4) табиғи ортаның өндірістен бөлінетін, ауылшаруашылықтық, тұрмыстық-шаруашылықтық қалдықтармен және түрлі химиялық тастандылармен ластануы.
Бірақ, Арал өңірінің топырақ жамылғысының және әр түрлі су көздеріндегі судың химиялық құрамына, оның ішінде ауыр металл иондарының мөлшеріне соңғы жылдары жылдық, маусымдық мониторинг жүргізілмеген.
Осындай жағдайдағы экологиялық дағдарыс аймағында тұратын адамдардың бірқатар органдары мен жүйелерінде патологиялық өзгерістерге дейін дамитын функционалдық жағдайдың өзгерістері болатындығы айқындалды. Қызылорда облысында тұратын тұрғындардың қан аурулары және қанжасау органдарының аурулары орташа республикалық көрсеткіш бойынша 3,5 есе жоғары, 90% әйелдер анемиямен зардап шегуде [Пальгова, 1993]. Организмді гомеостазбен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын кардио-респираторлы жүйесі бойынша [Жумабекова, 1994; Ибадуллаева и др., 2002], қан жүйесі бойынша [Омарова и др., 1994; Колбай, Ибадуллаева, 2006], иммундық жүйе бойынша [Белозеров и др., 1992; Ибадуллаева, 2006], репродукті жүйе бойынша [Жандаулетова., Сейтмамбетова, 2000; Жандаулетова, Колбай, 2002] өзгерістер бар екені нақтыланды. Сонымен қатар, Арал өңірі тұрғындарының қан құрамындағы тиреоидты гормондардың мөлшерінің жағдайы және маусымдық өзгерістері соңғы жылдары зерттелмеген. Арал өңірінің экологиялық жағдайымен байланысты әр түрлі аймақ тұрғындарының тиреоидты статусы мен судағы, топырақтағы ауыр металдармен байланысының ара қатынасы зерттелмеген.
Экологиялық жүктемесі әр түрлі аудан тұрғындарының тиреоидты статусы мен ауыр металдардың суда, топырақта шоғырлануының байланысы зерттелмей келген. Сондықтанда жоғарыда айтылғандар ғылыми зерттеу жұмысының бастамасы болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты Арал өңірінің әр түрлі аймақтарындағы топырақ пен судың ластану деңгейі мен осы аймақтарда тұратын тұрғындардың гипофизарлы-тиреоидты жүйесінің жағдайымен қарым-қатынасына маусымдық және 5 жыл бойына (2002-2006 жылдар) мониторинг жүргізу.
Жұмыстың мақсатына жету үшін қойылған міндеттер:
• Арал өңірінің топырақ құрамындағы ауыр металл иондарының (қорғасын, мыс, мырыш, кадмий) мөлшеріне 5 жыл бойына және маусымдық мониторинг жүргізу;
• Арал өңірінің әр түрлі су көздеріндегі металл иондарының (қорғасын, мыс, мырыш, кадмий) мөлшеріне 5 жыл бойына және маусымдық мониторинг жүргізу;
• Арал өңірінің әр түрлі аймақтарында тұратын тұрғындардың қан құрамындағы тиреоидты гормондардың мөлшеріне 5 жыл бойына және маусымдық мониторинг жүргізу;
• Арал өңірінің әр түрлі аймақ тұрғындарының тиреоидты статусының судағы, топырақтағы ауыр металдар мөлшерімен корреляциялық қарым-қатынасын айқындау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қызылорда облысының әр түрлі аймақтары бойынша топырақ пен су көздеріндегі ауыр металл иондарының мөлшеріне ең алғаш рет 5 жыл бойына (2002-2006 жылдар) мониторинг жүргізілді және қорғасын, мыс, кадмий, темір иондарының шекті рауалы концентрациядан жоғары болғаны анықталды. Қызылорда облысының оңтүстік аймақтан солтүстік аймаққа қарай бағыты бойынша топырақ пен суда аммоний, нитрат, нитрит, сульфат, хлорид және ауыр металл иондарының мөлшері жоғары болғаны айқындалды.
Арал өңірінің солтүстік, Қызылорда қаласы, оңтүстік аймақтарында тұратын ер адамдар мен әйелдердің қан құрамындағы тиреоидты гормондардың мөлшерінің төмендегені 2002-2006 жылдар аралығында жүргізілген мониторинг арқылы анықталды. Сонымен қатар, Арал теңізіне жақын орналасқан солтүстік аймақта тұратын адамдардың тиреоидты жүйесінің белсенділігінің төмендегені айқындалды.
Қызылорда облысы суы мен топырақтың химиялық құрамымен бұл аймақ тұрғындарының гипофизарлы-тиреоидты жүйенің белсенділігінің маусымдық өзгерісі орнатылды.
Арал өңірінде гипотиреоздың даму деңгейімен қатар топырақ пен судың ластануының арасында оң корреляция айқындалды: неғұрлым ауыр металл иондарының мөлшері жоғары болса, соғұрлым тиреоидты гормондардың концентрациясы төмен болды.
Зерттеу нәтижесінің теориялық құндылығы мен практикалық мәні. Алынған мәліметтер Қызылорда облысы бойынша су көздері мен топырақтың ластану жағдайына салыстырмалы баға беруде және Арал өңірінің әр түрлі аймақтарында тұратын тұрғындардың гипофизарлы-тиреоидты жүйесіне экологиялық жағымсыз Арал өңірінің аймақтық экстремалды факторларының әсер ету деңгейін анықтауда мүмкіндік тудырады. Алынған мәліметтерді аймақта экологиялық жағымды тәсілдерді қалыптастыруда және тұрғындарда кездесетін аурулар деңгейін төмендетуде қолдана алады.
Алынған мәліметтер Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жаратылыстану факультетінің «Биология», «Экология», «Химия» мамандықтарының студенттеріне, Қызылорда Гуманитарлық университетінің «Экология» мамандығының студенттеріне, Қызылорда «Болашақ» университетінің «Экология» мамандығының студенттеріне және Қызылорда медициналық колледж студенттеріне оқылатын лекциялық курстарға енгізілді. Басқада оқу орындарының биологиялық, медициналық және ветеринарлық бағытына қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер:
• Қызылорда облысында топырақтың және судың ластану деңгейі оңтүстіктен-солтүстік бағыты бойынша артады және ол Сырдария өзенімен поллютанттардың тасымалдануы мен теңіздің кепкен табанынан шығарылуымен қатар жүретіні анықталды.
• Арал өңірінің тұрғындарының қан құрамындағы тиреоидты гормондар мөлшерінің өзгерісінің деңгейі 2004 жылдың маусымдарында кездеседі және ол осы аймақтағы топырақ пен судың ластану деңгейімен байланысты.
• 2002-2006 жылдар аралығында гипофизарлы-тиреоидты жүйенің белсенділігі қалыпты деңгейден төмен болды, ол практикалық өзгеріссіз «қалыпты» деп қабылданды, бұл осы аймақ бойынша организмге жағымсыз әсер ететін экстремалды факторлардың жалғасуын айғақтайды.
Жұмыстың сыннан өтуі және жарық көруі. Жұмыстың негізгі мазмұны мен қорытындылары республикалық ғылыми басылым беттерінде жарық көріп, конференцияларда баяндалды.
Олар: ХХХV Халықаралық физиологиялық бірлестік конгресінде (Сан Диего, 2005); ҚР БҒМ ҒК БЗО Адам және жануарлар физиологиясы институтының 60 жылдығына арналған «Салауатты өмір салтының физиологиялық негіздері» - атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Алматы, 2005); «Ветеринарная наука и практика-праизводству» - атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция (Семипалатинск, 2004) материалдарының жинағында баяндама ретінде жарияланды.
Жұмыстың нәтижелері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «биология, география және экология» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде (Қызылорда, 2008) және ҚР БҒМ ҒК БЗО Микробиология және вирусология институтының «Экология» секциясы мәжілісінің семинарында (Алматы, 2008) талқыланды.
Ұсынылған жұмыстың басқада ҒЗЖ және әр түрлі мемлекеттік, халықаралық бағдарламалармен байланысы. Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік ҒЗЖ мақсатты бағдарлама шегінде орындалды (шифр 03.005, мемлекеттік тіркеу куәлігі №623 15.05.99 берілген).
Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертация материалдары 105 бет көлемінде ұсынылды. Диссертациялық жұмыс: кіріспеден, 5 тараудан, алынған нәтижелерді талқылаудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады, оның ішінде отандық және шет ел авторларының әдебиеттерін қосқанда жалпы саны 180. Жұмыста 31 сурет және 4 кесте көрсетілген.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар. Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша 4 мақала және 3 тезис жарияланды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Зерттеудің негізгі бағыттары
Экологиялық дағдарыс аймағында организмге жағымсыз әсер ететін негізгі фактор су, топырақ құрамында көп мөлшерде кездесетін токсиканттар. Олар адам мен жануарлар организмдеріне тамақ арқылы, ауа арқылы, шаң арқылы түсіп отырады. Соңғы жылдары организмге токсиканттардың әсер етуі, мысалы мышьяк, кадмий, қорғасын, никель, сынап денсаулық және қоршаған ортаны қорғауда ең басты мәселе ретінде қарастырылады, өйткені бұл элементтердің көп мөлшері қоршаған ортаға келіп түсуде. Сонымен қатар, адам организмінде гомеостазды реттеуші қалқанша безінің жағдайы және Қызылорда облысының аймақтары бойынша топырақ пен судың ластану дәрежесі туралы мәліметтер жоқ есебінде, осы себептен қалқанша безі мен топырақ пен судың ластануы арасындағы қарым қатынасына зерттеу жұмыстары жүргізілді.
2 Зерттеу әдістері мен құралдары
Алдымызға қойылған мәселені шешу үшін 2002-2006 жж. Қызылорда облысының әр түрлі су көздері мен топырақтың экологиялық жағдайына жыл сайын тексерулер мен мониторинг жүргізілді. Алынған мәліметтер Арал өңірінің әр түрлі аймақтарында тұратын жергілікті 77 тұрғынның қан сарысуындағы тиреоидты гормондардың құрамы салыстырылып тексерілді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінде «Арал өңірі халқының әл-аухатын түбегейлі өзгерту шаралары жөніндегі» ережесіне (18.01.1992 ж) негізделген, аудандастыруға сәйкес барлық тексерілгендер үш топқа бөлінді. Көрнекілік түрінде 1 суретте Қызылорда облысын аймақтарға бөліп көрсетілген кесте берілген.


1 – Солтүстік-батыс аймақ; 2 – Кызылорда қаласы; 3 – Оңтүстік-шығыс аймақ

1сурет - Арал өңіріндегі Қазақстан бөлігін экологиялық аймақтарға бөлу

1-ші топты Жаңақорған мен Шиелі аудандарында тұратын 35 зерттелген ер адамдардан 10 дені сау ер адам таңдап алынды және 30 зерттелген әйелдерден таңдап алынған 12 дені сау әйелдер құрады (Арал теңізінен 700 км жоғары қашықтықта орналасқан) - салыстырмалы экологиялық қолайлы аудан;
2-ші топты Жалағаш ауданы мен Қызылорда қаласында тұратын 25 зерттелген ер адамдардан 15 дені сау ер адам таңдап алынды және 32 зерттелген әйелдерден 20 дені сау таңдап алынған әйелдер құрады (Арал теңізінен 200-ден 500 км дейін қашықтықта орналасқан) - экологиялық дағдарыс аймағы;
3-ші топты Арал және Қазалы аудандарында тұратын 19 зерттелген ер адамдардан 9 дені сау ер адам таңдап алынды және 32 зерттелген әйелдерден таңдап алынған 11 дені сау әйелдер құрады (территория көлемі Арал теңізінен 200 км қашықтықта орналасқан) - экологиялық апат аймағы.
Қоршаған ортаның нысаналарын зерттеу және аталған Арал өңірінің аудандарынан үлгілер алу үшін біз зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Ол үшін алынған су (құдықтардан әр аудан бойынша 15 үлгіден алынды) және топырақ үлгілерінде (әр аудан бойынша негізгі 10, ал қосымша 5 үлгіден алынды) элементтерді титриметриялық және вольтамперометриялық әдістерді, ал салыстыру үшін атомдық-адсорбциялық әдісті пайдаланып талдау жүргіздік.
Алғашқыда топырақтағы және ашық су көздеріндегі ауыр металл иондарының мөлшеріне, кейін 2002-2006 жж Арал өңірінің әр түрлі аймақтарында тұратын ер адамдар мен әйелдердің тиреоидты статусына мониторинг жүргізілді. Жыл мезгілдері бойынша (2004 ж қыс, көктем, жаз және күз) топырақта және ашық су көздеріндегі токсиканттардың мөлшерінің өзгерісіне, сонымен бірге Арал өңірінің әр түрлі аймақтарында тұратын ер адамдар мен әйелдердің тиреоидты статусының салыстырмалы өзгерісіне зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Мұнан басқа 2003 жылы біз топырақтан және әр түрлі су көздерінен алынған (құдықтар, скважиналар, ашық су көздері) сынамалардың құрамындағы аммонидің, нитраттардың, нитриттердің, сульфиттердің және хлоридтердің мөлшерін салыстырдық. Топырақ үлгілері санитарлық-қорғалған суқоймалардың 5 орнынан, 0-15 см тереңдіктегі жоғарғы қабаттан алынды.
Гипофиздің тиреотропты гормоны мөлшерін (ТТГ, мМЕ/л), қалқанша безі гормоны – трийодтиронин мөлшерін (Т3, нмоль/л) және қан сарысуындағы тироксин (тетрайодтиронин, Т4, нмоль/л) мөлшерін IMMUNOTECH фирмасының жиынтығын пайдаланып радиоиммунологиялық әдіспен анықтадық. Қан талдаулары Қызылорда қаласындағы № 1 емханада және облыстық диагностикалық орталық зертханаларында жүргізілді.
Топырақ, су және қан сынамаларына барлығы 6000 жуық талдау жүргізілді. Алынған мәліметтер компьютерлік Microsoft Excel программасын пайдаланып, статистикалық өңделді және өлшеулер p 0,05 ең анық деп саналады.

3 Арал өңірі су көздерінің ластану деңгейінің мониторингі
Жүргізілген зерттеулер тексерілген жылдарға байланысты суда металл иондарының мөлшерінің өзгерісі бар екенін көрсетті. Қорғасын иондарының ШРК 0,03 мг/дм3 тең. 2 суретте көрсетілгендей, 2002 жылы судағы қорғасын иондарының мөлшері СА, ҚҚ және ОА сәйкесінше, 0,05±0,003 мг/дм3, 0,03±0,002 мг/дм3 және 0,02±0,002 мг/дм3 құрады.
Кейінгі жылдары суда токсиканттардың құрамы бойынша айқын заңдылық байқалған жоқ, бірақ, олардың анағұрлым жоғары концентрациясы 2004 және 2005 жылдары байқалса, ал минималды мөлшері 2006 жылы анықталды.
2002 жылы СА, ҚҚ және ОА ашық су көздеріндегі суда кадмий иондарының мөлшері сәйкесінше 0,007±0,0004 0,004±0,0002 және 0,003±0,0003 мг/дм тең болды, қалыпты жағдайда кадмийдің ШРК 0,001 мг/дм тең, ол 2 суретте көрсетілген. Барлық жылдары суда кадмий ионының деңгейі ШРК 2-9 есе жоғары болды.
Сондай-ақ, Арал өңірінің әр түрлі аймақтары бойынша ашық су қоймаларындағы суда ШРК 0,5 мг/дм3 тең болатын мыс иондарының мөлшерінің өзгерісінде бірдей заңдылықтың бар екені байқалған жоқ.


ОА - оңтүстік аймақ; ҚҚ – Қызылорда қаласы; СА - солтүстік аймақ

2 сурет - 2002-2006 жылдар аралығында Арал өңірінің әр түрлі аймақтарының ашық су қоймаларындағы суда қорғасын (Pb, ШРК=003, мг/дм3) және кадмий (Cd, ШРК=0,001) иондарының мөлшерінің өзгерістері

Біздің жүргізген зерттеу жұмысымыздың басында (2002 ж.) СА ашық су көздерінен алынған мыс иондарының мөлшері анағұрлым артықтау болып 0,45±0,03 мг/дм3 құрады, бұл ҚҚ (0,42±0,03 мг/дм3) 7,1% және ОА (0,30±0,02 мг/дм3) 50,0% (р<0,01), жоғары болды. Мыс иондарының анағұрлым жоғары концентрациясы 2003-2004 жылдары, ал минималды концентрациясы 2006 жылы тіркелді. Арал өңірінің әр түрлі аймақтарының су көздеріндегі мырыш иондарының мөлшерінің динамикасы шамамен қорғасын және мыс иондарымен біршама тең болды. Бірақ, барлық жылдары судағы мырыш иондары мөлшері 1,0 мг/дм3 ШРК жоғарылаған жоқ, ол 0,30-0,62 мг/дм3 аралығында ауытқып отырды. Арал өңірінің әр аймағындағы ашық су көздеріндегі суда темір катиондарының мөлшері сол заңдылықпен өзгеріп ШРК (0,3 мг/дм3) жоғары болды, 2002 темір иондарының коцентрациясы жоғары деңгейге жетті: СА - 0,35±0,02 мг/дм3 және ОА - 0,21±0,01 мг/дм3 тең болды, бірақ ҚҚ максималды көрсеткіштер 0,21±0,01 мг/дм3 2001 жылы тіркелді.
Бақылаудың келесі кезеңдерінде 2004 жылы жүргізілген барлық үш аймақтағы суда токсиканттар мөлшерінің маусымдық өзгерісі байқалды. Көрнекілік ретінде Арал өңірінің су көздеріндегі қорғасын және кадмий иондарының маусымдық динамикасы 3 суретте берілді.
Ашық су көздеріндегі қорғасын катиондарының минималды мөлшері қыста тіркелді және ол СА - 0,04±0,003 мг/дм3 тең болып, ҚҚ және ОА бойынша (0,02±0,001 мг/дм3) концентрациядан 2 есе (р<0,01) артық болды. Көктемде судағы қорғасын иондарының мөлшері барлық үш аймақ бойынша да артты, СА және ОА бойынша максималды көрсеткіштерге дейін жетіп, ал ҚҚ бойынша максималды концентрациясы жазда (0,05±0,003 мг/дм3) тіркелді. Күзге қарай барлық үш аймақ бойынша суда қорғасын катиондарының мөлшері төмендеді, бірақ қысқы маусымда тіркелген көрсеткішпен салыстырғанда жоғары болып қала берді.


ОА - оңтүстік аймақ; ҚҚ – Қызылорда қаласы; СА - солтүстік аймақ

3 сурет - Арал өңірінің әр түрлі аймақтардағы ашық су қоймаларындағы суда (мг/дм3) қорғасын (Pb) және кадмий (Cd) иондарының
мөлшерінің маусымдық өзгерістері

Қыста СА, ҚҚ және ОА бойынша ашық су көздерінде кадмий иондарының мөлшері қыста минималды болып, сәйкесінше 0,007±0,0003 мг/дм3, 0,003±0,0002 мг/дм3 және 0,002±0,0001 мг/дм3 тең болды, яғни СА бойынша көрсеткіш ҚҚ көрсеткішке қарағанда 2,3 есеге (р<0,001) және ОА 3,5 есеге (р<0,001) жоғарылау болды. Көктемге қарай кадмий иондарының концентрациясы жоғарылады, яғни СА және ҚҚ бойынша максималды мөлшерге жетіп, сәйкесінше 0,01±0,001 мг/дм3 және 0,007±0,0004 мг/дм3 (қысқы маусымға қарағанда жоғарылау сәйкесінше 42,9% (р<0,01) және 133,3% (р<0,001) тең болды. ОА бойынша судағы кадмий иондарының мөлшерінің айтарлықтай көбірек болғаны жазда (0,006±0,0002 мг/дм3) тіркелді, ол қысқы көрсеткішпен салыстарғанда 3,0 есе артық болды. Күзге қарай үш аймақ бойынша да судағы кадмий катиондарының мөлшері төмендеді, бірақ қысқы маусымда тіркелген көрсеткіштен сондада артық болды (3 сурет).
Арал өңірінің ашық су көздеріндегі суда мырыш, мыс және темір иондарының концентрациясы ұқсас шамада өзгерді.
Арал өңірінің барлық аймақтарындағы ашық су қоймаларынан алынған судағы ауыр металл иондарының мөлшерінің өзгерісіне 5 жыл және маусымдық мониторинг жүргізу барысында, бізде төмендегідей сұрақ туындады: алынған осы сынама суларда аймақ аралық нитраттар, нитриттер, сульфаттар, хлоридтер және аммоний катиондары бойынша ұқсас динамика бола ма? Осыған байланысты 2003 жылы зерттеу жұмысы жүргізілді, олардың жыл бойына төменгі және жоғарғы мөлшерінің нәтижелері тіркеліп 1 кестеде берілді.
Демек, Қызылорда облысының әр түрлі аймақтарының ашық су қоймаларынан алынған су сынамаларына жүргізілген зерттеулер, бақыланған әр жылдың кезеңі (2002-2006 жылдар) бойынша және 2004 жылдың әр маусымында токсиканттардан қорғасын, мыс, кадмий және темір, ал 2003 жылы аммонилы азот, сульфаттар, нитраттар және хлоридтердің ШРК жоғары болғаны анықталды. Анағұрлым жоғары көрсеткіштер Аралға жақын СА тіркелді.
1 кесте – Арал өңірі бойынша ашық су қоймалардағы судың химиялық құрамы
қоспалар Мөлшері, мг/дм3
ШРК ОА ҚҚ СО
Аммоний ионы 2 0,4-1,7 0,4-3,0 0,4-4,5
Нитрат-анионы 45 2,1-5,5 0,5-2,2 21-55
Нитрит-анионы 3 0,2-0,6 0,04-0,2 0,01-0,08
Сульфат-анионы 500 240-360 500-550 240-360
Хлорид-анионы 350 100-288 113-238 328-508

4 Арал өңірінің әр түрлі аймақтарындағы топырақта токсиканттардың жинақталуы
Жүргізілген зерттеу жұмысы, зерттелген жылдар бойына топырақта металл иондарының мөлшері өзгеретіндігін көрсетті. 2002 жылы топырақта қорғасын иондарының мөлшері ОА - 15,78±1,21 мг/кг, ҚҚ - 9,09±0,88 мг/кг және СА - 6,42±0,54 мг/кг тең болып, ШРК (ШРК=20,0 мг/кг) төмен болды. Талдау жұмысында топырақтағы қорғасын ионының ШРК жоғары болған жағдайы тіркелген жоқ.
Арал өңірінің аймақтарына жүргізілген біздің зерттеу жұмысымызда топырақта кадмий иондары бойынша ШРК (ШРК=1,0 мг/кг) жоғары болған жағдайлар анықталған жоқ. Сонда, 2002 жылы СА (0,60±0,04 мг/кг), ҚҚ (0,52±0,03 мг/кг), ОА (0,47±0,03 мг/кг) тең болды
Зерттеу жұмысы барысында Арал өңірінің әр түрлі аймақтарынан алынған топырақта мыс иондарының (ШРК=3,0 мг/кг) және мырыш (ШРК=20,0 мг/кг) иондарының ШРК концентрациясы анағұрлым жоғары болғаны анықталды, ол 4 суретте берілген.
Зерттеу жұмысы басында (2002 ж) СА, ҚҚ және ОА топырақтарындағы мыс иондарының концентрациясы 23,25±1,96, 12,19±1,35 және 9,23±0,71 мг/кг, ал мырыш иондары 86,00±5,12, 68,92±3,96 және 70,21±3,77 мг/кг тең болып, келесі жылдары айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.
2004 жылы жүргізілген зерттеулерде Арал өңірінің үш аймақтарындағы топырақта токсиканттардың маусымдық нақты динамикасы көрсетілген. Топырақта қорғасын катиондарының төменгі мөлшері қыста тіркелді және ол СА - 17,09±0,97 мг/кг, ҚҚ - 9,09±0,68 мг/кг және ОА - 6,45±0,34 мг/кг тең болды. Көктемде барлық үш аймақта да топырақтағы қорғасын иондарының мөлшері артты, бірақ қыста тіркелген көрсеткіштен жоғары болды (5 сурет). Қыс мезгілінде топырақтағы кадмий иондарының мөлшері төменгі шамаға, СА - 0,63±0,03 мг/кг, ҚҚ - 0,52±0,03 мг/кг, ОА - 0,47±0,02 мг/кг тең болды.
Мыс және мырыш иондарының мөлшерінің динамикасы қорғасын және кадмий иондарымен ұқсас болды.
2003 жылы арнайы жүргізілген зерттеу жұмысында Арал өңірінің топырақ құрамындағы бірқатар аниондарда айырмашылықтар байқалды, ол 2 кестеде берілген.

ОА - оңтүстік аймақ; ҚҚ – Қызылорда қаласы; СА - солтүстік аймақ

4 сурет - 2002-2006 жылдары Арал өңірінің әр түрлі аймақтарындағы топырақта мыс (Cu, ШРК=3 мг/кг ) және мырыш (Zn, ШРК=20 мг/кг) иондарының мөлшерінің өзгерістері

ОА - оңтүстік аймақ; ҚҚ – Қызылорда қаласы; СА - солтүстік аймақ

5 сурет - Арал өңірінің әр түрлі аймақтарындағы топырақта қорғасын (Pb) (мг/кг) және кадмий (Cd) иондарының мөлшерінің маусымдық өзгерістері

2 кесте – Арал өңірінің аймақтары бойынша топырақтың химиялық құрамы
қоспалар Аймақ
Солтүстік Қызылорда Оңтүстік
Аммоний ионы, мг/кг 0,68±0,03 0,55±0,04* 0,48±0,03**
Нитрат-анионы, мг/кг 19,35±1,08 18,12±6,07 16,01±1,57
Нитрит-анионы, мг/кг 0,15±0,03 0,05±0,003*** 0,03±0,003***
Сульфат-анионы, мг/кг 443,24±33,46 307,54±18,64** 295,18±24,13**
Хлорид-анионы, мг/кг 203,26±8,98 97,52±4,17*** 90,45±4,37***
Ескерту: * - р<0,05; ** - р<0,01; *** - р<0,001 СА салыстырғанда
5 Арал өңірі тұрғындарының гипофизарлы-тиреоидты жүйесінің белсенділігінің мониторингі
Жүргізілген зерттеу жұмыстары, қалқанша безі гормондарының құрамы бойынша трийодтиронин (Т3) мен тетрайодтиронин (Т4, триоксин) сонымен қатар қан сарысуындағы гипофизарлы тиреотропты гормон (ТТГ) барлық мониторинг жүргізілген 2002-2006 жылдар аралығында Қызылорда облысының солтүстік аймақ (СА) тұрғындарында төмен болды. Сонымен қатар Т3 және Т4 гормондарының бір бағытты динамикасы және оларға рецепрокты ТТГ концентрациясының ер адамдар мен әйелдердің қан сарысуындағы әр жылдардағы өзгерісі байқалды. Көрнекілік ретінде әйелдедің қан сарысуындағы
Т3 және ТТГ гормондарының динамикасы берілген.
2002 жылы әйелдердің қан құрамындағы орташа Т3 концентрациясы ОА, ҚҚ және СА бойынша сәйкесінше 5,98±0,37, 5,84±0,32 және 5,78±0,34 нмоль/л құрады, ал ер кісілерде аталған аймақтар бойынша 5,93±0,27, 5,79±0,29 және 5,85±0,28 нмоль/л тең болды. 2003 жылы әйелдердің қан сарысуындағы Т4 мөлшері ОА, ҚҚ және СА бойынша сәйкесінше 15,02±1,02, 14,78±0,92 және 14,88±0,93 нмоль/л тең болса, ер адамдарда сәйкесінше 14,88±0,79, 14,88±0,76 және 14,65±0,92 нмоль/л құрады.


ОА - оңтүстік аймақ; ҚҚ – Қызылорда қаласы; СА - солтүстік аймақ

6 сурет - 2002-2006 жылдар аралығындағы Арал өңірінің әр түрлі
аймақтарында тұратын әйелдердің қан сарысуындағы
Т3 (нмоль/л) және ТТГ (мМЕ/л) мөлшері

2003 жылы әйелдердің және ер адамдардың қан сарысуындағы Т3 және Т4 концентрациясы 2005 жылы төмендеді, бірақ 2006 жылы екінші рет қайта көтерілді.
2002 жылы әйелдердің қан құрамындағы орташа ТТГ концентрациясы ОА, ҚҚ және СА бойынша сәйкесінше 1,68±0,08, 1,62±0,08 және 1,53±0,06 мМЕ/л құрады, ал ер кісілерде аталған аймақтар бойынша 1,50±0,06, 1,57±0,07 және 1,47±0,06 мМЕ/л тең болды, ол 2003 жылы Т3 және Т4 қарағанда төмен, бірақ 2005 жылы көрсеткіштер жоғары болды.
Орындалған зерттеу жұмыстары, ОА, ҚҚ және СА әйелдердің қан сарысуында Т3 төменгі концентрациясы қыста тіркеліп, ол сәйкесінше 5,74±0,28, 5,78±0,29 және 5,60±0,24 нмоль/л тең болды, ал ер адамдарда аталған аймақтар бойынша 5,71±0,26, 5,65±0,22 және 5,62±0,20 нмоль/л тең болды. Әйелдердегі бұл гормондардың жоғарғы деңгейі ОА, ҚҚ және СА бойынша сәйкесінше көктемде 6,08±0,25, 6,12±0,30 және 5,87±0,22 нмоль/л тең болса, ал ер адамдарда сәйкесінше 5,94±0,21, 5,85±0,26 және 5,64±0,19 нмоль/л тең болды (7 сурет).
Ұқсас динамика 2004 жылдың әр маусымдарында ер адамдар мен әйелдердің қан сарысуындағы Т4 концентрациясы бойыншада байқалды, бұл гормонның төменгі көрсеткіші ОА, ҚҚ және СА бойынша әйелдерде қыс мезгілінде байқалды, ол 13,54±0,68, 13,48±0,91 және 12,81±0,69 нмоль/л, ал ер кісілерде жоғарғы көрсеткіш көктемде тіркелді, ол 15,99±0,78, 15,78±0,68 және 15,36±0,79 нмоль/л тең болды.
Қан сарысуындағы ТТГ максималды концентрациясы ОА, ҚҚ және СА тұрғындарында қыста байқалды, ол әйелдерде 1,88±0,08, 1,82±0,09 және 1,65±0,09 мМЕ/л, ал ер адамдарда 1,76±0,09, 1,69±0,08 және 1,58±0,07 мМЕ/л тең болып, зерттеудің келесі маусымдарында төмендеді.
Көрнекілік ретінде 7 суретте Арал өңірінің ер адамдарының қан сарысуындағы Т4 және ТТГ мөлшерінің маусымдық динамикасы берілген.


ОА - оңтүстік аймақ; ҚҚ – Қызылорда қаласы; СА - солтүстік аймақ

7 сурет - Арал өңірінің әр түрлі аймақтарында тұратын ер адамдардың қан сарысуындағы Т4 (нмоль/л) және ТТГ (мМЕ/л) мөлшерінің 2004 жылдың әр маусымдық өзгерістері

6 Алынған нәтижелерді талдау
Жүргізілген талдау жұмыстары үлгілеріндегі ауыр металл иондарының мөлшері (0,923-0,961, р<0,001) және топырақ үлгілеріндегі зерттелген аймақтар бойынша оңтүстіктен солтүстік бағытында су ауыр металл иондарының мөлшері (0,838-0,894, р<0,001) арасында корреляция бар екенін көрсетті. 2002-2006 жылдары алынған мәліметтер барлық зерттелген су және топырақ сынамаларында ауыр металл иондарының жоғары болғанын көрсетті. Топыраққа қарағанда суда ауыр металл иондарының концентрациясының корреляция коэфициенті жоғары болғанын ескеру керек. Осыған байланысты бірсыпыра ауыр металл иондарының мөлшері ШРК жоғары болды.
Біз, сонымен бірге зерттеу жүргізген жылдарға байланысты суда және топырақта жекелеген токсиканттардың мөлшерінің өзгеруі арасындағы корреляция коэффициенттерін анықтадық. Жүргізілген есептеулер ҚҚ кадмий иондары бойынша максималды корреляция коэффициенті (r = 0,890, р<0,001) анықталды, ал ең төмен корреляция коэффициенті (r = 0,777, р<0,001) ҚҚ мырыш иондары бойынша есептелінді және салыстырмалы жоғары корреляция коэффициенті (r = 0,454, р<0,05) ОА қорғасын иондары бойынша анықталды. Бұл мәліметтер Арал өңірінің топырақ пен судағы жекелеген поллютанттардың жинақталуы арасындағы өзара тәуелділікті дәлелдейді, яғни оларда бір ортадан екіншісіне еркін миграциялана алатын қасиеттері бар.
Арал өңірінің аймақтық экстремалды факторлардың адам организміне тигізетін қолайсыз әсері анықталды: зерттелген ер адамдар мен әйелдердің тиреоидты гормондар деңгейінің төмендеуі байқалды. Анықталған ауытқулар Арал маңынан қашықтаған сайын кері пропортционал болды. Зерттелген аймақтарда оңтүстіктен солтүстік бағыты бойынша ер адамдар мен әйелдердің қан сарысуындағы тиреоидты гормондар мөлшері арасында айқын корреляция байқалды (корреляция коэффициенті 0,731 - 0,956 дейін; р<0,001).
Жүргізілген өлшемдер есептері 2002-2006 жылдар аралығында бір жағынан ер адамдар мен әйелдердің қан сарысуындағы Т3 және Т4 мөлшерінің өзгеруіндегі теріс айқын корреляцияны және екінші жағынан Арал өңірінің ашық су көздеріндегі қорғасын иондарының концентрациясы (r = - 0,546 дан -0,829 дейін , р<0,001), мырыш иондары үшін (r = - 0,534 дан - 0,580 дейін, р<0,05), ашық су көздерінде қорғасын мен мырыш иондарының мөлшері неғұрлым жоғары болса, қан сарысуындағы Т3 және Т4 гормондарының мөлшері соғұрлым төмен болды. Арал өңірінің әр түрлі аймақтарындағы ер адамдар мен әйелдердің қан сарсуындағы Т3 гормонының концентрациясы мен топырақтағы кадмий мөлшерінің өзгеруімен теріс корреляция бар (r = -0,990, р<0,001 және r = - 0,981, р<0,001). Ал қалған зерттелген иондар бойынша мұндай байланыс анықталған жоқ.
Әйелдер мен ер адамдардың қан сарысуындағы зерттелген гормондарға маусымдық заңдылық орнатылды: жоғарғы Т3 және Т4 – көктемде, ал төменгі – қыста, ал ТТГ үшін – жоғарғы қыста және төменгі – жазда тіркелді. Әйелдерде орташа алғанда ер адамдарға қарағанда қан сарысуындағы тиреоидты гормондар мөлшері жоғары болды. Қан сарысуындағы әр түрлі тиреоидты гормондардың маусымдық ауытқуларын және су мен топырақтағы токсиканттардың мөлшерін салыстырғанда айқын заңдылық байқалды. Ол Т3 және Т4 аралығындағы оң корреляция (r 0,776 дан 0,993 дейін, р<0,001), ал ТТГ үшін реципрокты-теріс корреляция (r - 0,616 ден (р<0,05) - 0,897 дейін (р<0,001) нақтыланды. Біздің пікіріміз бойынша ұқсас заңдылық тиреоидты гормондар концентрациясына маусымдық факторлардың әсерімен байланысты.

ҚОРЫТЫНДЫ
Алынған мәліметтер негізінде төмендегідей қорытынды шығарамыз:
1. Арал өңірінің әр түрлі аймақтарында 2002-2006 жылдарда ашық су көздері мен топырақта ауыр металл иондарының мөлшерінің жоғары болғаны сақталды, 2004 жылы суда токсиканттардың құрамы бойынша қорғасын (0,09±0,001 мг/дм3), мыс (0,56±0,03 мг/дм3), кадмий (0,009±0,001 мг/дм3) және темір (0,35±0,02 мг/дм3), ал 2003 жылы суда аммоний (0,4-3,0 мг/дм3), сульфаттар (550-550 мг/дм3), нитраттар (21-55 мг/дм3) және хлоридтер
Категория: Ғылыми Жұмыстар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: оның, деңгейі, аймақ, өңірінің, Топырақтың, Арал, ластану, және, түрлі, көздері
Просмотров: 1684 | Загрузок: 257 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
avatar