Қазақ тілінен шпоргалка ҰБТ 2013 - Шпорлар - Шпаргалкалар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Шпаргалкалар » Шпорлар

Қазақ тілінен шпоргалка ҰБТ 2013
[ Скачать с сервера (91.0Kb) ] 08.02.2013, 19:31

Шпаргалка по казахскому языку ЕНТ 2013

Қазақ тілінен шпоргалка ҰБТ 2013 

«Бүгін» біріккен сөзінің негізі қай сөз таптарынан жасалғандығын анықтаңыз. Есімдік + зат есім.

«Дара» сөзінің синонимін көрсетіңіз. Жеке.

«Жабазы» диалект сөзінің мағынасын анықтаңыз. Иленген теріден жасалған қамыт.

«Қи» сөзіне тұйық етістік жұрнағының дұрыс жалғанған қатарын белгілеңіз. Қию.

«Құтты білік» атты еңбектің авторын көрсетіңіз. Жүсіп Баласағұн.

«Мүмкін» сөзінің оқшау сөздің қай түріне жататынын белгілеңіз. Қыстырма сөз.

«Риторика» атты еңбектері бар авторларды табыңыз. Әл-Фараби, Аристотель.

«С» дауыссызының жұбын белгілеңіз. З.

«Сірә» сөзінің оқшау сөздің қай түріне жататынын белгілеңіз. Қыстырма сөз.

Автор сөзіне қандай тыныс белгі қойылатынын табыңыз. - Сенсеңіз, менің көңілімде арамдық та, алалық та жоқ еді деді Әулет Көпшіліктің өре түрегелетінін ойламаппын. Автор сөзінің алдынан үтір мен сызықша, соңынан нүкте мен сызықша қойылады.

Айқындауыш қатысқан сөйлемді табыңыз. Анада, жазғы сайлауда, Оспанға өзінің қарыздар боп кеткені бар.

Айтылу мақсатына қарай бөлінетін сөйлем атауын анықтаңыз. Лепті сөйлем.

Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді табыңыз. Майдангер.

Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді табыңыз. Сөзшеңдеу.

Алайда, сонда да жалғауларымен байланысатын салалас құрмалас сөйлем түрін табыңыз. Қарсылықты салалас.

Алғашқы үтірдің қойылу себебін анықтаңыз. Бауырым, сөз жоқ, бұл ісің - игі іс. Қаратпа сөз.

Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. Өтірік - қаңбақ, шын - салмақ.

Антонимдік қатарды табыңыз. Жасық-өткір.

Анықтауыш қызметіндегі өзіндік есімдігін табыңыз. Өзінің балалары оқу қуған еді.

Анықтауыш қызметіндегі сілтеу есімдігін табыңыз. Сол көлдің жағасында Оқжетпес бар, Жасаған мұнарадай құйып тастан.

Анықтауышы қатыстық сын есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз. Оның соңынан тізбектелген аттылы, түйелі қалың керуен.

Аралас буынды сөзі бар қатарды табыңыз. Құрметті бітірушілер, Заман оқығандікі.

Архаизмге тән қатарды көрсетіңіз. Сауын айту, ұрын бару.

Атау септігіндегі тұрған сөзді табыңыз. Бір шөкім бұлт.

Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді көрсетіңіз. Қылша, жәмше.

Ауыспалы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктер қатарын көрсетіңіз. Баратынмын, келетін едің.

Ашық пен қысаң дауысты дыбыстар араласып келген сөзді табыңыз. Жасуша.

Бағыныңқы сөйлем баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз. Бибіш балаларын бозторғайдай қорып, олардың жолында ойланбай құрбан болуға дайын. Көсемше тұлғалы етістік.

Бағыныңқы сыңары қай сөз табынан екенін табыңыз. Батырға жүктелді. Зат есім.

Басыңқысы етістіктен, бағыныңқысы еліктеу сөзден болған етістікті тіркесті көрсетіңіз. Кілт бұрылды.

Баяндауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуіш сөзді табыңыз. Дауыс тұп-тұнық, саңқ ете қалды.

Баяндауыш қызметіндегі көсемшені табыңыз. Тау басында желдетіңкіреп ызғырық соғады.

Бейнелеуіш сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз. Ай сәулесіне шағылыса жылт-жылт етеді.

Бейнелеуіш сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз. Ауыл оттары жылт-жылт етеді.

Бейнелеуіш сөзді көрсетіңіз. Шып-шып терлеп.

Бейнелеуіш сөзі бар сейлемді табыңыз. Селк ете қалды кең далам, Селк ете қалды тау іші.

Бейнелеуішті белгілеңіз. Маң-маң басты.

Белгісіздік есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз. Бір күні ел шырт ұйқыда жатқанда, әлдеқайдан арқыраған саяқ жылқының даусы естілді.

Берілген сөйлемнен матасуды табыңыз. Божышы am басын күшпен кері бұрды. Ат басын.

Болжалдық сан есімді анықтаңыз. Қырыққа таяу.

Буын талғайтын дыбысы бар сөзді көрсетіңіз. Гүл.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз. Жас кезімде сезімтал, өнерпаз, жақсы деген жігіттермен мен қыздарым қазір мүлде өзгерді.

Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз. Мен демалайын, жұмысқа сен бар

Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз болып келетін қос сөзді табыңыз. Келін-кепшік.

Бірге жазылатын қатарды табыңыз. Әр қалай, әлде неше.

Бірыңғай бітеу буынды сөйлемді көрсетіңіз. Ділмардан сөз қалмас.

Бірыңғай дара сын есімді тіркесті көрсетіңіз. Қоңыр ішік, ала шапан.

Бірыңғай жуан дауыстыдан тұратын туынды сын есімді қатарды табыңыз. Инабатты, ибалы.

Біріккен сөздерді табыңыз. Ерасыл, Мейрамбек.

Біріккен сөздерді табыңыз. Жанбота, Айжамал.

Бітеу буынды қатарды табыңыз. Кең, жаз, тар.

Бітеу буынды сөзді табыңыз. Тал.

Бітеу буыннан тұрған сөзді көрсетіңіз. Кербез.

Бітеу буыннан тұрған сөзді көрсетіңіз. Тұрғын.

Ғылыми стильдің тілдік ерекшелігінің көрінісін анықтаңыз. Тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту тәсілі болады.

Дара сан есімді табыңыз. Тоқсаныншы.

Дара сөздермен ғана жасалған сөйлемді көрсетіңіз. Үзбеймін күдерімді жарықтан мен, Үзбеймін күдерімді халықтан мен!

Дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз. А, ә, ө.

Демеулік шылау арқылы жасалған лепті сөйлемді анықтаңыз. О, Арғымақ, күйіксің-ау ішті алған!

Демеулік шылау қатысқан сөйлемді табыңыз. Қозы Көрпеш-Баян сұлу күмбезі Аягөздің оң жағасына салынған(ды).

Дерексіз зат есімі бар сөйлемді көрсетіңіз. Рух күші адамды жеңілмейтін етеді.

Деректі зат есімнен болған түбір сөзді көрсетіңіз. Жусан.

Деректі зат есімі бар қатарды көрсетіңіз. Кітап сызғыш, дәптер.

Диалект сөзді көрсетіңіз. Әйдік, маңлай.

Дұрыс тасымалданған сөзді белгілеңіз. Әуе-жа-йы-ңыз, кө-ңі-лі-ңіз.

Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз. Жа-су-ша.

Еліктеу сөзден болған қос сөзді көрсетіңіз. Жалтаң-жалтаң қарады.

Еліктеу сөздің қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсетіңіз. Долданған боран бұрқ-сарқ етті. Баяндауыш.

Еліктеуіш сөзді анықтаңыз. Tapс етті, гүрс-гүрс құлады.

Ең көп бітеу буындары бар сөйлемді белгілеңіз. Мергенбайдан балмұздақтың құпиясы туралы жазылған кітапты алдым.

Есім сөздерден жасалған туынды сын есімді табыңыз. Бұларды бір аласа бойлы, ойлы қыз ертіп келеді.

Есімдік пен зат есімді тіркесті белгілеңіз. Сол сәт.

Есімдіктердің атқаратын қызметін белгілеңіз. Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып. Анықтауыш, бастауыш.

Есімдікті мағынасына қарай анықтаңыз. Кеш бата үлкендердің бәрі мал жайлағалы кеткенде, екеуі үйде оңаша қалған. Жалпылау есімдігі.

Есімдіктің түрін табыңыз. Самғай бер асқардан асқарға мынау қырандай. Сілтеу есімдігі.

Есімшенің түрленуі арқылы жасалған толықтауышты ажыратыңыз. Аларымды алған соң, ақысына Беріп кетсем болғаны берерімді.

Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз. Театрға шақыру.

Еш(уақыт), кей(құрбы) сөздері қалай жазылатынын көрсетіңіз. Бөлек жазылады.

Жай сөйлемді табыңыз. Маған тыным бермей жүрген басқа бір арманым бар.

Жайылма сөйлемді белгілеңіз. Көкшетауға асығыс аттанды.

Жақгы сөйлемді табыңыз. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.

Жақсыз сөйлемді анықтаңыз. Жанашырдың жоқ болғаны ғой!

 

Жақсыз сөйлемді табыңыз. Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым!

Жақты сөйлемді табыңыз. Өнердің ең асылы - сөз.

Жақты сөйлемді табыңыз. Өнердің ең асылы – сөз.

Жалаң сөйлемді көрсетіңіз. Таң бозамықтанып келеді.

Жалаң сөйлемді табыңыз. Бәрі келді.

Жалпылау есімдігі қатысып тұрған сейлемді көрсетіңіз. Қазақстанның бар байлығы - оның қазба байлықтары.

Жанама толықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз. Жоққа тұз да қат.

Жетпей тұрған тыныс белгіні көрсетіңіз. - Әттең, дүние кеш білдім ғой – деді өкінішпен жеңілген адам. Үтір, леп белгі.

Зат есімді анықтаңыз. Өнімділік.

Зат есімнен болған синонимді табыңыз. Борыш, қарыз.

Заттың ұғымды білдіретін синонимдерді көрсетіңіз. Әдет, дағды.

Кәсіби сөздерді анықтаңыз. Ыңғыру, пәрбі.

Кәсіби сөздердің қатарын анықтаңыз. Сота, пәрбі.

Кәсіби сөзді табыңыз. Пышқы, пәрбі.

Кейінді ықпалды көрсетіңіз. Ақ жіпке қара моншақ тізгендей созылып жатыр.

Көмекші есімді қатарды анықтаңыз. Үсті, маңы, асты.

Көмекші есімді қатарды табыңыз. Қаладан дәл шыға берістегі бір сайдың ішінде Амантай мен Олжабек кездесті.

Көмекші етістікпен тіркесіп келген еліктеу сөзді табыңыз. От ұшқыны жылан тіліндей жылт-жылт етеді.

Көмекші етістікті қатарды көрсетіңіз. Көпшілікті бақытты етуден артық мәртебелі де тамаша нәрсе жоқ.

Көнерген сөздер қатарын анықтаңыз. Садақ, сауыт.

Көнерген сөзді табыңыз. Саптыаяқ.

Көсемшеден болған қос сөзді қатарды табыңыз. Ойлап-ойлап, сұрай-сұрай.

Күрделі бейнелеуішті белгілеңіз. Бүрсең-бүрсең.

Күрделі етістікті табыңыз. Алып кете берді.

Күрделі сан есімдерді анықтаңыз. Қырық тоғыз, сексен бес.

Күрделі сан есімді көрсетіңіз. Екіден бір.

Күрделі сөзді көрсетіңіз. Өркөкірек.

Күрделі сөзі бар сөйлемді табыңыз. Үй ішімен Әбдірахман тегіс амандасты.

Күрделі сөзі жоқ қатарды көрсетіңіз. Ардағым, асыл Арқам, жұмағымсың.

Күрделі толыктауышты белгілеңіз. Ол туған-туысын қатты сыйлайды.

Күрделі толыктауышты белгілеңіз. Соншалық сенімді айтылған бұл байлау үй ішіне мақұл көрінеді.

Күрделі үстеулерді анықтаңыз. Бірқыдыру, емін-еркін.

Күрделі үстеулерді анықтаңыз. Жоғары-төмен, әрең-әрең.

Күшейтпелі шырайы бар сөйлемді белгілеңіз. Көкпеңбек мұнара көк аспанның өзімен астасып кеткендей.

Кіріге біріккен сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз. Биылғы жыл - егіннің бітік шыққан жылы.

Кіріккен сөзді анықтаңыз. Сексен, тоқсан, жетпіс.

Қабысуды ажыратыңыз. Адамгершілік қасиет.

Қазақ шешендік өнерінің табыңыз. ХІ-ХІІІ ғ.ғ.

Қазақтың төл сөзінде сөз соңында келмейтін дыбысты анықтаңыз. Ө-О.

Қайталама қос сөзді анықтаңыз. Жалт-жұлт, айтып-айтпай.

Қайталама қос сөзді анықтаңыз. Жарқ-жұрқ, жүзбе-жүз.

Қайталану арқылы есімдер тобынан жасалған күрделі сөзді көрсетіңіз. Отырғандар суреттерді қолдан-қолға өткізіп, қарап шықты.

Қанатты сөздің авторын табыңыз. «Керекті сөз өз жерінде айтылсын.» Құтып.

Қандай тыныс белгілері қойылмағанын көрсетіңіз. Елге мойнымды созам көрінбейді. Үтір, сызықша.

Қанша, қайтіп есімдіктерінің қатысуымен жасалатын сөйлемді анықтаңыз. Сұраулы сөйлем.

Қаратпа сөзге қойылатын тыныс белгіні көрсетіңіз. Үтір.

Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз. Бекем бол, Сапарғали!

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз. Шәкірттер өзара қанша айтысса да, тиянақты бір шешімге келе алмады.

Қарсылықты салалас құрмаласты табыңыз. Ертеңіне күн ашылды, алайда аспанды мұнар кіреукесі басып тұрды.

Қарсылықты салалас сөйлемді табыңыз. Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын.

Қате жазылған есімдікті табыңыз. Қайбір.

Қатыстық сын есімді анықтаңыз. Айтқыш.

Қатыстық сын есімді анықтаңыз. Еріншек.

Қатыстық сын есімі бар қатарды табыңыз. Көңілді топ.

Категория: Шпорлар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ҰБТ, Қазақ, тілінен, 2013, шпоргалка
Просмотров: 11425 | Загрузок: 2468 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.2/6
Всего комментариев: 21 2 »
avatar
1 Жансая • 08:15, 22.02.2013
сәлеметсіздерме менің өтінішім маган қазақ тілінен яғни шешендік сөздер керек еді.......... "Айтарынды ойлап ал" деген кімдікі типа осы сияқты тауып бере аласыздарма?
1-1 2-2
avatar