Болымсыздық есімдік, қ. Есімдік. Болымсыз етістік - Шпорлар - Шпаргалкалар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Шпаргалкалар » Шпорлар

Болымсыздық есімдік, қ. Есімдік. Болымсыз етістік
[ · Скачать удаленно (16.1Kb) ] 09.11.2012, 23:52
Болымсыздық есімдік, қ. Есімдік. Болымсыз етістік — қимыл, іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдеретін етістік. Қимыл, іс-әрекеттің яғни етістік білдіретін мағынаның жүзеге аспауы, болмауы арнайы грамматикалы амал-тәсілдер арқылы беріледі. Ол етістіктің негізгі, туынды, күрделі түбірлеріне, етіс, күшейтпелі етістік тұлғапарына -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыздық түрін жасап қоймайды, болымдық мәнге қарама-қайшы болуы, оппозициялық сипаты және соған сәйкес граммат. жүйелі тұлғасы болу арқылы етістіктің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясын жасайды. Болымсыздық категориясының бірден-бір тұлғалық көрсеткіші -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе болымсыздық тұлғасы. Атап айтқанда, есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен тұлғасы етістікке жоқ модаль сөзі, есімшенің, -ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -тін,- йтын,-йтін, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғалы негізгі етістіктерге емес, кейде емен көмекші етістігі (құрамы: е көмекші етістікке -ме болымсыз етістік тұлғасы мен -с болымсыз есімшенің қосымшалары қосылған) тіркесіп жасалады. Болымсыздық категориясы етістіктің лексика-грамматика категориясы болып табылады. Себебі, біріншіден, бұл категорияның қосымшасы етістік түбірге жалғанғанда, түбір семантикасына аздап болса да әсер етіп, өзгеріс еңгізеді, яғни түбір беретін мағынаның болмайтынын білдіреді, екіншіден, етіс категориясы сияқты түбірдің грамматикалық сипатын сақтап қалады:

бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келіп, онымен омоформа жасайды;

тікелей жіктелмейді;

сол күйінде қолданылмайды, етістіктің таза грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады: рай, шақ, есміше, көсемше және тұйық етістік тұлғалары тек болымсыз етістік тұлғасының үстіне ғана жалғана алады, көрісінше болмайды.

Болымсыздық қосымшалары (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) етістік түбірлері және етістік түбірлерінің грамматика сипаты тән (тікелей жіктелмейтін, бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрімен сәйкес келетін) етіс, күшейтпелі етістік сияқты тұлғалары мен рай, шақ, жақ тәрізді етістіктің таза грамматика категорияларының шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады (Ы.Маманов). Күрделі етістікте болымсыз форма бірде негізгі етістікке жалғанса, бірде көмекші етістікке жалғанады: айт-па-й жүр, сөй-ле-ме-й қалды, бер-ме-п еді және айтып жүр-ме, сөйлеп қой-ма, беріп жібер-ме т. б. Әрине, бұлар қимыл, іс-әрекеттің болымсыздық мәнін білдірумен бірге негізгі немесе көмекші етістікке жалғануда белгілі стильдік мән білдіреді, егер болымсыздық форма екі етістікке де әрі негізгі, әрі көмекші етістікке бірдей жалғанса, онда ол болымдылық мәнді білдіреді де әдеттегі болымдылықтан өзгеше ерекше стильдік бояуы болады: айтпа-й қой-ма-ды, жаз-ба-й отыр-ма-ды, сұра-ма-й кет-пе-ді т.б.[1]

Пайдаланған әдебиет



↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Категория: Шпорлар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Есімдік., Есімдік, Болымсыздық, болымсыз, Етістік
Просмотров: 2668 | Загрузок: 259 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar