Олжас Сүлейменов "Арғымақ" өлеңі - Әдебиет - Слайдтар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Слайдтар » Әдебиет

Олжас Сүлейменов "Арғымақ" өлеңі
[ Скачать с сервера (42.5Kb) ] 26.01.2015, 15:27

Сынып: 8                              Күні                                                Пәні:қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:  Олжас Сүлейменов «Арғымақ»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Олжас Сүлейменов өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашқызу.
  2. Дамытушылық. Сабақ барысында жүргізілетін сөздік жұмысы арқылы оқушылардың сөздік қорларын байыту,  өлеңді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқуға төселту, «Арғымақ» өлеңінің түпнұсқасы мен аудармасын салыстыру арқылы өзіндік пікір айтуға, сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын жүйелі, нақты жеткізе білуге дағдыландыру, топқа арнайы берілген тапсырмалар арқылы топпен жұмыс істеуге үйрету, «бес жол өлең» стратегиясы арқылы жылдам ойлау қабілетін дамыту.
  3. Тәрбиелік. Олжас Сүлейменовтың «Арғымақ» өлеңінде суреттелетін арғымақтың бейнесі арқылы оқушыларды жылқы малының қадір-қасиетін түсінуге, сол арқылы туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі қағаздар, ребус

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, сөздік.

 Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, тіл білімі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

  а) оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру

  ә) кезекшімен сұхбат

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

  1. Қабдеш Жұмаділовтың өмірі және «Қаздар қайтып барады» әңгімесіне байланысты сөзжұмбақты шешу;
  2. «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің мазмұнын тірек сөздер арқылы баяндау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • О. Сүлейменов өмірі мен қызметі және шығармалары туралы мәліметті презентацияға құрылған хронологиялық кесте және тірек-сызбалар көмегімен баяндау;
  • «Арғымақ» өлеңінің түпнұсқасы мен Қадыр Мырза Әлі өлеңге жасаған аудармасын салыстыру;
  • «Арғымақ» өлеңіне талдау жасау:
  •  

Сыртқы(эмпирикалық) талдау      Ішкі (эвристикалық) талдау

  1. Авторы туралы не білесіз?         1. Өлеңнің тақырыбы мен идеясы.
  2. Өлең неге “Арғымақ”                   2. Өлеңдегі ақынның көзқарасы.

деп аталған

  1. Арғымақ. Ол не ?                         3. Көркемдегіш құралдары
  2. Бұл өлеңге ұқсас шығарман         4. Өлең құрылысына талдау жасаңыз.

 оқыдыңыз ба ?

 

  • Үлестірмелі қағаздар:
  1. Олжас Сүлейменов өлеңде арғымақтың шабысын қалай суреттеген?
  2. Өлеңде арғымақ бейнесі мен ақынның өзіндік жан дүниесін салыстырыңыз.

IV. Бекіту.

  • І-топ.

“Бес жол өлең стратегиясы”

  • ІІ-топ.

“Арғымақ” өлеңіне ой-толғау

  • ІІІ-топ.

Ребус шешу

 

V. Үй тапсырмасы.

   -  Олжас Сүлейменов өмірі мен шығармашылығы

   -  Өлеңді жаттау

VI. Бағалау.

Категория: Әдебиет | Добавил: ССА | Теги: Сүлейменов, өлеңі, Арғымақ, Олжас
Просмотров: 1787 | Загрузок: 186 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar