1916 жылғы қозғалыс: алғышарттары, себептері, қозғалыстың басталуы. - Тарих - Слайдтар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Слайдтар » Тарих

1916 жылғы қозғалыс: алғышарттары, себептері, қозғалыстың басталуы.
22.06.2013, 20:40
Жоспар.

1.Кіріспе бөлім.

Ұлт- азаттық көтерілістер.

2.Негізгі бөлім.

1.1916-жылғы көтеріліс алғышарттары, себептері, қозғалыстың басталуы:

2.1916-жылғы көтерілістің алғышарттары және басталуы.

3.1916-жылғы көтерілістің басталуына түрткі болған жағдай.

Қорытынды бөлім.

1916-жылғы көтерілістің тарихи маңызы.

1916жылғы қозғалыс:алғышарттары,себептері,қозғалыстың басталуы.

«Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өн бойында халықтар өз түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа ,;lшыдай алатын қайратына қайран қаламын.»
Н.Назарбаев
Ұлт-азаттық қозғалыс - ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алуға шетелдік үстемдікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған күрес. Бұл қозғалыс орта ғасырлардан бастау алады. Орта ғасырларда халықтар мен ұлттық топтар жат жерлік езгіге қарсы күресіп, өздерінің өмір сүріп,даму құқықтарын қорғады.
1916-жылғы көтерілістің алғышарттары және басталуы. Осындай ұлт- азаттық қозғалыстардың бірі- 1916 жылғы патша үкіметінің жарлығына қарсы күрес.
XX-ғасырдың басында Ресей империясының отарлау саясаты қарқынды жүргізілді: -1907-1912жылдар- 2млн 400мың адам Қазақстан өлкесіне қоныстандырылды. -1916-жылы- қазақтардан 40млн га жер алынды. -1917-жылы- қоныстану қоры егістік пен жайылымдардың 45.147765 десятинасын тартып алды. -Әрбір қоныстанушыға- 3.17 десятина жер, -Әрбір жергілікті тұрғынға -0.21 десятина жер бөлінді.
Қазақтардың жерін жаппай тартып алу нәтижесінде көшпелілер мен қоныстанушылар арасында қақтығыстар көбейді. Бұл туралы «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп жазған болатын Ахмет Байтұрсынұлы.
Ресейдің дүниежүзілік импералистік соғысқа кірісуі өлкені тонауды күшейтті. 10-ға жуық соғыс салығы енгізілді:
-40.899244 пұт мақта,
-38мың шаршы аршын киіз,
-3млн пұт мақта майы,
-229мың пұт сабын,
-300мың пұт ет,
-473928 пұт балық,
-70мың жылқы,
-12797 түйе алынды,
-14000киіз үй алынды.
Жетісудан 34 млн. сом мөлшеріңде мал мен мал өнімдері әкетілді.Осы жылдары жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы-20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы 12-14 сағатқа дейін ұзарды. Қымбатшылық артты: ұн-70,қант- 50, сабын- 200 пайызға дейін өсті. Кен өндіру, мұнай , көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды.
1915 жылғы маусымда Екібастұзда, Спасск мыс кеніштерінде, Орынбор - Ташкент темір жолдарында еңбекшілердің патша үкіметінің саясатына қарсы ереуілдері болды. Мұндай ереуілдер Қазақстанның түкпір- түкпірінде орын алды. 1916 жылғы қаңтарда Верный мен Семейде орын алса, 1916 жылдың тағы бір уақытында Ақбұлақ мекенінде , Лепсі, Верный уездерінде әйелдердің бас көтерулері орын алды. Осындай бір көтерілуде Зайсаннан 13 әйелді қамауға алды.
Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайды дағдарысқа ұшыратты:
-Семей , Ақмола облыстарында- жұмысшылардың 50 пайызы; -Орынборда- 40пайызы; -Жетісуда - үштен бірі шақырылды. Соғыс жылдары еңбекке жарайтын майданға шақырылған қоныстанушы ер адамдардың үлесі 55 пайызға дейін жетті.
1916-жыл- Петропавл уезінде (Ақмола облысы) 4000тұтқын, ал Ақмола облысында 14000тұтқын жұмысқа тартылды. Соғыс елдегі жалпыұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916-жылы Қазақ өлкесінде , Орта Азияда, Сібір мен Кавказдың бір бөлігінде көтеріліс басталды.
Жалпы көтерілістің алғышарттары:
-Жер мәселесі.
-Қоныстандыру саясаты.
-Соғыс салығы.
1916-жылғы көтерілістің басталуына түрткі болған жағдайлар. Көтерілістің басталуына ерекше себеп болған 1916жылғы 25маусымдағы патша үкіметінің « Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығының шығуы еді. Көзқарастар әр түрлі болды:
-Феодалдық басшы топтар мен жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады.
-Революцияшыл топ өкілдері қара жұмыстан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. Олар: Ә.Жангелдин, А.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов, т.б.
-Либералдық- демократиялық зиялылар патша үкіметімен келісімпаздық бағыт ұстанды.
Көтеріліске қатысушы революцияшыл- демократияшыл зиялылар өкілдері:
-Жетісуда –Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ.Саурықов, Ж.Мәмбетова, А.Қосақов.
-Торғайда- Ә.Жангелдин, А.Иманов.
- Орал облысы мен Бөкей ордасында- С.Меңдешев, Ә.Әйтиев.
-Маңғыстауда- Ж.Мыңбаев.
-Ақтөбеде- Ә.Майкөтов.
1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қемтыды.
Көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте отарлауға дейінгі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді :
-Хан сайлау. Шерубай- Нұра болысында –Н.Қияшев, Қарашақ болысында- О.Шомыр, Верный уезінің Жайымтал болысында –Б.Әшекеев,(1848-1916ж), Торғай уезінде- Ә.Жанбосынов(1870-1919ж) хан болды.
- Әкім- елбегі.
- Сот алқасы – жасақшы.
- Қазына билеушісі –қазынашы.
-Әскер басшысы- сардарбек.
Патша жарлығына жауап ретінде орасан зор аймақтың Қазақстан мен Түркістанның халқы стихиялы түрде бір мезгілде дерлік көтерілді. Жергілікті патша әкімшілігінің анықтамасы бойынша далада, «біреу жұмысшылар бергісі келмейтін... екіншісі бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды» Ат төбеліндей азғантай байлар, жергілікті отаршыл әкімшілік болыс басқармалары, ауыл старшындары патша жарлығын жақтап шықты. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бастаған қазақтың демократиялық зиялылардың қайраткерлері басқа бағыт ұсынды. Олар «Қазақтар- Ресей мемлекетінің бодандары» деп санады. «Бұл бізге деген сеніммен Отан қорғау үшін,- деп жазды олар 1916 жылғы тамыздың ортасында халыққа арналған үндеуінде ,-жұмысқа шақырған бұйрық жарияланды...Бұл сөзімізді халыққа арнаймыз, біз бұл туралы талай рет айтқан болатынбыз, бұл істен бас тартуға болмайды» Қозғалыс басшылары қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асыруды ұсынды. Бұл орайда олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда өз халқының тағдырын жеңілдету мен ұлттық автономия құруға үміттенді.Олардың іс жүзінде қарусыз халық осы заманғы техникамен жарақтанған патша армиясына қарсыласу мүмкін емес деп есептеді Олар қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады деп қауіптенді. «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар.», деп жазды олар 1916 жылғы қазандағы үндеу хатында. Сонымен қазақ халқының революциялық –демократиялық ой-пікірінің басшылары отаршыл империямен парасатты ымыраластық тактикасын жүзеге асырып, халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеасын бірінші орында ұсынды. Көтерілістен кейінгі қанқұйлы жазалау ,Қазақстан мен Орта Азияның жүз мыңдаған тұрғындарының қаза табуы осы қауіптенушіліктің дұрыс екендігін дәлелдеді. Ұлт- азаттық көтерілістің негізгі қозғаушы күшіне ұлттық шаруалардың кең топтары, қазақ жұмысшылары мен қолөнершілер жатты. Патша өкіметі « бөліп алда билей бер» деген тактикасын қолданды.

1916 жылғы 23тамызда генерал-губернатор Кураптиннің құпия бұйрығымен мыналар алымнан босатылды: 1.Басқармалардың лауазымдары адамдары; 2.Жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі полициялық шенділнр ; 3.Имамдар,молалар мен мүдәрістер; 4. Ұсақ несие мекемелерінің есепшілері менг бухгалтерлері; 5.Үкіметтің, жекеше жоғары лауазым атқаратын жергілікті бұратан ұлт өкілдері;

6.Дворян жане ата-бабасынан құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын жергілікті бұратана ұлт өкілдері.
7.Үкіметтің оқу орнындағы оқушылар.»
1916-жылғы көтерілістің тарихи маңызы.
1916 жылғы көтерілістен жеңілгеннен кейін қазақ халқының революциялық таптық санасы өсті және ұлттық мүдделердің ортақтығын түсінді.Қозғалыс барысында мыңдаған көтерілісшілер патша билігіне қарсы қарулы күрес мектебінен өтті.Ауқымдылығы мен қатысушыларды қамтуы және зардаптары жағынан алғанда, ол империя құрамындағы отаршылдық құлдықтың бүкіл кезеңіндегі азаттық күресінің шырқау шыңы болды. Ол туралы Әлихан Бөкейханов былай деп жазды: «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді...Алыспаған , жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды». Шын мәнінде, 1916-жыл- XXғасырдың соңында қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болып, тарихта өз орнын алды.
Категория: Тарих | Добавил: Жадыра
Просмотров: 4457 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
avatar
1 Имяgulnur • 15:32, 03.04.2014
ucoz 2 242 258
avatar