Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен нығаюы. - Тарих - Слайдтар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Слайдтар » Тарих

Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен нығаюы.
22.06.2013, 20:29
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен нығаюы.
Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауы. Кеңес өкіметі Қазақстан аумағында бір кезеңде орнамады. Бұл көптеген обьективті жағдайларға байланысты болды. Барлық демократиялық ұйымдар мен жұмысшы, шаруа және солдат , қазақ және мұсылман депутаттары Кеңестерінің , социалистік партиялардың, қала Думаларының 1917-жылы 15-22қарашада Ташкентте өткен сьезі Түркістан өлкесінде жаңа үкімет – Түркістан Халық комиссарлары Кеңесінің 14адамдық құрамы жарияланды. Алайда онда мұсылман халқының бірде-бір өкілі болған жоқ.
Кеңес өкіметінің орнауы екі түрлі жолмен жүргізілді:
1.Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын , жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда- бейбіт жолмен.
2.Сібір,Орал,Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен, контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
Кеңес билігі алдымен темір жол бойындағы қалаларда орнады.1917 жылғы қазанда жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Перовск(Қызылорда) Кеңес өкіметі билігін өз қолына алдды. Осы жылғы қарашада Ташкентте қарулы күреспен орнаса, Әулиеата мен Черняевта (Шымкент) бейбіт жолмен орнады.Орынборда атаман А.Дутов басқарған казактардың офицерлер корпусы, Ә.Бөкейханов басқарған Алашорда үкіметі, эсерлер мен меньшевиктер Кеңес өкіметіне қарсы бірікті.
1917жылғы 25-желтоқсанда Балтық теңізшілері отрядының қолдауымен Қостанайдың жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін өз қолына алған болатын. Кеңес өкіметін орнату үшін Ақмола қаласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917жылы қарашада Петропавлда Уақытша революциялық комитет (төрағасы И.Д.Дубинин) құрылды.
1918 жылғы қаңтарда болған Қостанай Кеңестер съезі бүкіл уезде Кеңес өкіметін орнату туралы шешім қабылдады. 1918жылдың басында Ақтөбеде, Орынборда және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі орнады.
1918жылғы қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі күшпен орнатылды. Казактардың офицерлер мен кулактардан тұратын әлеуетті тобы , жымпитыдағы Алашорда үкіметінің батыс бөлімшесі, Төменгі Еділде жинақталған күштердің қалған бөлігі большевиктерге қарсы шықты.

Большевиктердің алғашқы шаралары. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауына байланысты бұрынғы буржуазиялық- помещиктік мемлекеттік аппаратты қирату және жаңа өкімет органдарын құру басталды. Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, қоныстандыру басқармалары, болыстық земство басқармалары, болыстық және ауылдық старшындар институты, билер соты тартылды. Жер-жерде контрреволюциялық газеттер шығаруға тыйым салынды. Ауылдық, қыстақтық шаруа кеңестері, Халық шаруашылығы кеңестері, аудандық жер-су комиттетері құрылды. Жазғы салым барлық қазақ болыстарында шаруа кеңестері жұмыс істеді.
Кеңестердің атқару комитеттері жанынан денсаулық сақтау, әділет, қаржы, ағарту, жер және өнеркәсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес өкіметі жауларының қарсылығын туғызды. Банктердің, пошта- телеграф мекемелерінің шенеуніктері оған бағынудан бас тартты, жұмысты тоқтатты. Іріткі салу және ішкі контрреволюцияға қарсы күресу үшін кеңес елінің аумақтарындағы сияқты, Қазақстанда да Бүкілресейлік төтенше комиссия (БТК) органдары құрылды. Контрреволюцияға іш тартқаны үшін ғана бас бостандығынан айырудың еңгізілуі, жаппай лаңкестік жасап, кепілдікті атып тастау, тап жауларын қамап оқшаулау, қызыл террор орнату- осының бәрі революцияның т.пкілікті мақсаттарын шын мінінде бұрмалау болып шықты.
Мәселелердің шешілуі.
Кеңес өкіметі Қазақстанда ірі өнеркәсіпті, банктерді және тасымал ісін тез арада мемлекет қарамағына алды. Кәсіпорындарда 8сағаттық жұмыс күні еңгізілді.
Категория: Тарих | Добавил: Жадыра
Просмотров: 4949 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.6/14
Всего комментариев: 0
avatar